Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»



жүктеу 6,23 Mb.
бет32/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

а — жалпы кӛрінісі; б әрекет ету сұлбасы; в-е — бейіндік қондырғылары; 1 — дірілдеткіш; 2 — ыдыс (бункер); 3 бейіндеуші құрылғы; 4 — бұрандалы науа; 5
— рессорлар; 6 — бұйым; 7 қисық ажыратқыш; 8, 9, 12 — ажыратқыштар; 10
— науа; 11 — ұстап қалушы
Электрмагниттің бастапқы қалпына келуі барысында бункер қозғалысы тоқтайды және рессордың әсер етуімен науа жылдам кері қозғалыс жасайды. Бұйымдар қозғалыс күші әсерінен алға қозғала береді және тігінен түсірілген күш әсерінен науадан ажырайды. Бұйым бункерге ӛзінің бастапқы кезінен әлдеқайда ӛзгерген қалпында келіп түседі.
Белгілі бір түрде бағдарланған бұйымдарды беру үшін науа мен ыдыс бұйым шыға берісі жанында орнатылатын түрлі бейінді құрылғылардан 3 құралады (4.5- сурет а). бейінделетін құрылғыларды науада талап етілген жағдайда орналасқан бұйымдарды одан әрі жылжи алатындай, ал басқа да жағдайда орналасқандары науа түбіне түсіп жалпы бұйымдар санына қосылатындай есеппен құрастыру қажет. Мысалы, басымен тӛмен орналасқан бұранда бұйымдарын беру үшін 4.5. в суретте келтірілген бейінделген құрылғыны қолдануға болады. Қисық ажыратқыш 7 оның астымен жылжи қозғалатын бұйымдар еркін ӛтуі үшін жәненауада жиналуы үшін науадан басының қалыңдығындай арақашықтықта орналасады. Басымен жоғары қалыпта жылжып келген бұйымдар ажыратқышпен 7 лақтырылады. Егер бункерден басымен жоғары қарай орналасқан бұйымды алу қажетболған жағдайда 4.5. -суретте кӛрсетілген ажыратқыш 8 қолданылады. Ажыратқыш бұйым және науаның жіңішке жағына қарсы орналастырылып және басыментӛмен қарай орналастырылған бұйымдар науадан лақтырылады, себебі олардың ауырлықтары науадын тыс түсіріледі. Ажыратқыш саңылауына басы жоғары орналасқандары кіреді, сондықтан да бұндай бұйымдар дүкенге немесе станоктың жұмысшы аумағына түсіп отырады. Қысқа біліктерге арналған ұшында кетпені бар бағдарлаушы құрылғыны қарастырайық. Егер кетпенін жоғары қарата білікті тігінен беру қажет болса (4.5 -сурет д), онда бейіндеуші қондырғы екі ажыратқыштан тұратын болады. Науада жатқан бұйымдар ажыратқыш 9 астынан ӛте отырып, тар науадан тұратын екінші ажыратқышқа 10 және ұстап қалғышқа 11 келіп түседі. Кетпені жоғары қарай орналасқан бұйымдар науада күнқағарлы жағымен орналасады және станоктың жұмысшы аумағына келіп түседі. Егер кетпені тӛменде болу қажет болса (4.5 сурет, е), онда ажыратқыштан 12 науаны кетпенінің ені, биіктігі және диаметрі бойынша біршама үлкен түрде кетпені тӛмен
қараған күйде жасалған бұйымдармен толтырады.
Электрмагнитті жетегі бар дірілдеткіш бункерды жобалау ыдыстың геометриялық параметрлерін анықтауға, бункердің ауытқу жиілігін және науа бойынша дайын бұйымның жылжи қозғалуының максималды жылдамдығын есептеуге негізделеді. Цилиндрлі ыдыстың диаметрін D және оның биіктігін H қуатталушы технологиялық агрегаттың үздіксіз жұмысына кепіл беретін ыдыспен қамтамасыз етілу жағдайына қарай анықтайды, және құрылғының былайша орналасуы қойманы максималды толтыру деңгейінен жоғары болар еді.
Әдетте ыдыстың диаметрі D = (10-12)lд (мұндағы, lд берілетін бұйымдар ұзындығы) деп алынады, бірақ қабылданған қалыпты дірілдеткіш диаметрінен аз болмауы тиіс.
Кӛп жағдайда ыдысты алюминийден жасайтын болғандықтан, дүкеннің бұрандалы жолының бұрышы b = 3.5°. Жолдың кӛтеру бұрышы және оның орташа диаметрі Dop бағыттаушы бұранда қадамын анықтайды:
l = π Dop tgβ.
Бұранда айналымдары арасында бұйымдардың қысылып қалуы болмас үшін бұрандалы жолдың қадамы тасымалданатын бұйымдар биіктігіне шамамен тең келетіндей биіктіктен b 1,5-2 есе үлкен болуы қажет. Онда бұрандалы бағыттаушының орташа диаметрі
Dop = (1,5-2)b/(πtgβ).
Науа бойымен бұйымдардың ең жоғары қозғалу жылдамдығы
V = L/ТпСп),
мұндағы L — бұйымдар арасындағы қадам (тығыз қозғалыс барысында қадамды бұйым ұзындығына тең етіп тағайындайды), мм; Тп — ӛңдеудің технологиялық айналымының уақыты, с; Сп ағынның тығыздық коэффициенті.



    1. жүктеу 6,23 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау