Бункерлі тиеуші қҧрылғы. Бункерды тиеуші құрылғы (БТҚ) бейінделмеген дайындалатын бұйымдарды тиейтін шанап ыдыс
бекітілген дүкендік тиеу қосалқы бӛлігінен және нәрлендіру автоматы – дайын ӛнімдерді бағдарланған у және қысып алуға арналған механизмдерден тұрады. Әрбір дайындалатын бұйымды бір қатарға тізіп, қолмен магазинге тиеп орналастыратын МТҚ-ға қарағанда мұнда жұмысшы оларға қолын тигізбестен тек ыдыстан шанап ыдысқа тӛге салады, яғни, осылайша, БТҚ тиеуді автоматтандырады.
Автоматты нәрлендіру арқылы дайындалатын бұйымды бағдарлау және қысып ұстау кері келіп түсу, шайқалу және қысқыш қондырғының шайқала қозғалуы барысында жүзеге асырылады. Дайындалатын бұйымды қысып ұстау бұл қондырғының әрбір қозғалысында жүзеге асырылмауы мүмкін, бірақ та орташа уақытқа (сағат, ауысым) шаққандағы қысып алуының саны бір бірлікке шаққанда бірдей шаманы құрайды, яғни, рәрлендіру автоматының Qор ӛнімділігі тұрақты болып отыр. Нәрлендіру автоматынан дұрыс бейінделген дайын ӛнімдер науа арқылы дүкенге немесе қуаттаушыға келіп түседі. Құрылғының үзіліссіз жұмыс істеуі үшін Qор 10-15 % станок ӛнімділігіен жоғары болуы керек. Нәрлендіру автоматының құрастырылымы науа немесе магазин дайын бұйымдармен болып кеткен жағдайда олар бункерге ӛздігінен келіп түсетіндей болуы шарт.
Мысалы, ілмекті айналым дискісі түріндегі бағдарлау және қысып алу механизмі (4.3- сурет) биіктігі l диаметрінен d жоғары, болатын тӛлке, құбыр және қақпақшаға арналған. Тӛлкеге 1 тӛгілген дайын бұйымдар еңкулі түпке қарай жылжи отырып, тұрқыға 6 жылжып келеді, жолдарында айналым дискіде 4 орнатылған ілмектерге 2 кезігеді. Ілмектер ілініп алынған дайын бұйымдар қабылдауышқа 3 келіп түседі, ал одан кейін магазин-құбырға 5 түседі. Егер магазин-құбыр 5 мейлінше толған немесе дайын бұйым ілмекте дұрыс ілінбеген жағдайдың нәтижесінде қабылдауышқа 3 түсе алмаса, онда айналмалы дискі жұмысы автоматты түрде шекті кезең жалғастырушысының 4 кӛмегімен тоқтатылады.
Сұқпажапқыш БТҚ-ң типтік құрастырылымы 4.4.- суретте келтірілген бұранданың автоматты тиелуіне арналған.
Салалық БТҚ-ға қарағанда бұл тетікте бұйымдар тегершік 10, қос иін 3 және бұлғақ 8 арқылы кері – қайтарымды қозғалысқа түсетін сұқпажапқыш 2 арқылы алынады.
4.3.-сурет. Ілмекті нәрлендіру автоматты бункерлы тиеу құрылғысы:
1 — науа; 2 — ілмек; 3 — қабылдауыш; 4 — айналмалы диск; 5 — құбыр; 6 — жабын
Сұқпажапқышты кӛтеру кезінде бұйымдар шабынды қабырға бойымен саңылаулы науаға 4 қарай жылжи бастайды, онда олар бастарымен ілініп тұрады. Тақтайша 1 және қалқан науадан түсіп қалуларына кедергі жасайды.
Бункерге 4 келіп түскен бұйымдар онымен тӛмен қарай сырғи отырып және станоктың жұмысшы аумағына келіп түседі. Бункерде дұрыс орналастырылмаған бұйымдарды алып тастау үшін тегершіктен
9 жебе бағытында айнала қозғалатын жұлдызша 6 қызмет етеді. Жұлдызша бункерден 4 басымен ілініп тұрған бұйымдар одан емін- еркін түрде жылжып ӛтетіндей аралықта орналасқан, ал дұрыс орналастырылмаған бұйымдар оның тістеріне іліге отырып, кері қарай бункерге лақтырылады.
Бейінделген бұйымдардың бункерден құлап кетуінің алдын-алу үшін олардың бункерден шығуынан кейін науаны 4 жауып тұрған тақтайша 5 қызмет етеді.
4.4.-сурет. Сұқпажапқышты ШҚБ құрастырылуы:
1 — тақтайша; 2 — сұқпажапқыш; 3 — қос иін; 4 — саңылаулы науа; 5 —
тақтайша; 6 — жұлдызша; 7 — қалқан; 8 — бұлғақ; 9, 10 — тегершік; 11 — бункер
Нәрлендіру автоматының ӛнімділігі қысқыштың жұмысшы органының қозғалу жылдамдығына, санына, бұйымды қысу ықтималдық коэффициентіне байланысты және ол келесі түрде анықталады:
Қысқыш орган айналымды қозғалысқа ие
Qор = 1000 Vη/m;
Қысқыш орган маятникті немесе кері қайта түсу қозғалысына ие
Qор = пηк,
мұндағы, V — қысқыш органның айналу жылдамдығы, м/мин; η — әр механизм түріне тәжірибелі анықталатын қысу ықтималдық коэффициенті; т — қысқыш органдардың қадамы, мм; п — қысқыш органдардың ауытқу немесе екі жүріс жасау саны, мин; к
— бір уақытта бірдей қысып алынуы мүмкін және қысқыш органмен бейінделуі мүмкін дайын бұйымдар саны.
Майда және орташа бұйымдар үшін дірілді бункерлер жиі қолданылады (4.5, а сурет). Конус түпті ыдысқа (бункерге) 2 толғанша дайын бұйымдар келіп түседі. Ыдысқа 2 бекітілген Бұрандалы науамен 4 дайын бұйымдар тӛменнен жоғары қозғалады.
Діріл бункерге жабында орнатылған дірілдеткіш 1 арқылы беріледі. Дірілдеткіш біп біріне айқаса ілініп қалған бұйымдарды ажыратады. Дірілдеткіш бункердің жұмыс істеу сұлбасы 4.5, б. суретте келтірілген. Науада 4 кӛтеру бұрышымен бұйым 6 орналасады. Тігінен α бұрышы астында орналасқан электрмагниттік және тығыз рессор 5 әсер етуімен дайын бұйымдар тиелген бункер күрделі шайқалуларға ие болады: тігінен және айналмалы.
Электрмагнитты тарту барысында рессорлар майысып, кӛлденең жағдайда орналасды (α = 0). Оған қоса, бұйымдар 6 толған бункер 2 α - β бұрышында бағытталған V жылдамдықтағы импульстік қозғалысқа ие болады.
Дірілдеткіш бункер:
Достарыңызбен бөлісу: |