|
Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»
|
бет | 40/142 | Дата | 21.12.2022 | өлшемі | 6,23 Mb. | | #40728 | түрі | Оқулық |
| Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1) 5.4. Қысқыш қҧрылғылар
Білдектердің үстелдерінде дайындамаларды бекіту үшін әмбебап қысқыш құрылғылар қолданады. Қол жетегі бар қысқыш құрылғы кӛбінесе корпустыӛ бӛлшектердің дайындамаларын бекіту үшін қолданады, оларды ӛңдеу уақыты ӛте үлкен, сондықтар дайындамаларды бекітуге және босатуға қолданылатан уақыт даналық-калькуляциялық уақыттың жалпы теңгерімінде кӛп емес.
Бағдарламалық басқарылатын білдектерде әмбебап қайтаыңғайланатын қысқыш құрылғыларда қолдануға орынды, олар кӛлем ауқымы үлкен бӛлшектердің бекітуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білдектердің үстелдерінде дайындамаларды тік бекіту үшін бағдарламалық басқарылатын білдектердің үстелдерінде қайтаыңғайлататын қол қысқышы бар қысқыш құрылғыларды қолданады (5.7-сур). Ұстағыш тұрқысында қойғыштың тістерімен ӛзара әрекеттесетін тістер орындалған. Ұстағыштардың биіктік бойынша реттелуі ұстағыштар тістерінің қойғыш тістері жӛнінде қозғату арқылы іске асырылады. 2 ұстағышта (5.7- сур., б) ӛтпелі саңылау, ал үстіңгі бетте - сфералық тығырық астына цилиндрлік ұялар жасалған. Ұстағышты биіктік бойынша реттелуі оның 6 бұрандама жӛнінде қозғату арқы орындалады. 5.7 в. сур. кӛрсетілген 3 ұстағыштың реттелуі ұстағыштың жырашықтарымен қатынасатын сақиналы жырашықтар бойынша ұстағышты қозғату арқылы іске асырылады. Ұстағышта ӛтпелі бойлық саңылаудың болуы оның шығып қалудың реттеуін қамтамасыз етеді. 5.7 г суретте кӛрсетілген қысқыш құралдағы ұстағыштың биіктігі бойынша реттелуі келесідей іске асырылады. Қасқалша 2 бекіткішке қарсы тұрғанша тіректі бағанаға қарасты бұрайды. Бұл ретте бекіткіштің саңылауы тіректің сақиналы саңылауының дӛңесімен іліністен шығады. Тіректің бағанаға қарасты орны толықтай шығарылған серіппелеген 2 бекіткіш жағдайында шарлы бекіткішпен анықталады. Тіректің бұл күйінде талап етілетін орынға еркін кӛтереді және түсіреді, содан кейін тіректі шамамен 120° дейін – шарлы 4 бекіткіштің 6 бағанадағы тесіктерінің ұяларына түсетін сәтке дейін бұрайды. Бұл ретте 2 бекіткіштің саңылауы 3 серіппенің әсерінен тіректің сақиналы жырашықтың дӛңесімен қатынаса бастайды.
5.7 д суретте кӛрсетілген қысқыш құралдағы ұстағыштың биіктігі бойынша қайта жӛнделуі тӛлке тұрқысынан бұрандаманы бұрап салу немес бұрап шығару арқылы іске асырылады, ол арқылы білдек үстелінің Т-тәрізді саңылау орнатады. Бұл жағдайда серіппе әсерінен ұстағыштың тірегі автоматты түрде қажетті орында орнатылады.
5.7.-сурет. Дайындамаларды тік бекіту үшін қысқыш құрылғылар:
а — сатылы қойғышы бар ұстағыш; б — сфералық тығырығы бар ұстағыш: 1 — тірек; 2 — ұстағыш; 3 — сомын; 4 — тығырық; 5 — бастырық; 6 — бұрандама; в — сақиналы сатылы тірегі бар ұстағыш: 1 — бұрандама; 2 — сомын; 3 — ұстағыш; 4 — тірек; г — бұрылыс сатылы тірегі бар ұстағыш: 1 — ұстағыш; 2 — бекіткіш; 3 — серіппе; 4 — шарлы бекіткіш; 5 — тірек; 6 — бағана; 7 — табан; д — Юрр фирмасының қысқыш құрылғысы; е —Lind фирмасының қысқыш құрылғылардың жиынтығы: 1 — табан; 2 — бұрандалы тӛлке; 3 — бұрандама; 4 — ұстағыш; 5 — тіректі тақтайшы
Тіректің тез бекітілуі кепкендікті тартатын тістері тұрқыда жасалған тістерімен қатынасатын домалатпасы бар сомынмен іске асырылады.
Сәйкестендірілген элементтерден тұратын Lind фирмасының әмбебап қайтаыңғайланатын қысқыш құрылғылардың үш типтік ӛлшемдер (5.7 е сур) білдектердің үстелдеріне биіктігі 10-75, 65-
180 және 140-280 мм сәйкес дайындамаларды бекіту үшін кӛзделген.
Сәйкестендірілген элементтерден құрастырылған құрастырмалы-жиналмалы қысқыш құрылғылардың жүйесі тіреуден, ұстағыштан, тіректен және қысқыш бұрандамадан тұрады. Тіреуді мойнында бұранда кесілген сатылы цилиндрлі істік болып кӛрінетін 9 элементтерден құрастырады. Ӛзекшені білдектің Т- тәрізді саңылауында орнатылатын кілтекке бұрап салады.
Сурет 5.8. Құрастырмалы-жиналмалы қысқыш құрылғылардың жүйесі
1 — элемент; 2 — бұрама; 3 — сұққыш; 4 — қысқыш бұрандама; 5 — ұстағыш; 6
—бұрама; 7 — істік; 8 — қондырма; 9 — элемент
Тіреудің бұрандалы тесігіне не қысқыш 4 бұрандама, не ұстағыштың биіктігін жоғарылатуы қажет етілгенде бір немесе бірінің соңынан бірі тіреулер бұрап салынады. Тіректі 2 бұранданың тірегімен қосылатын 5 ұстағыштың шетжақтарында орындалған тістермен қатынасатын тӛменгі және үстіңгі шежақтарында 3 сұққыштар астына екі тесіктерден тұратын, ал бір жағында тістері жасалған 1 элементтерден құрастырады.
Ұстағыштың алдыңғы ұшында тістер және оған цилиндрлі және перпендикулярлі бұрандама тесіктер орындалған. Ұзын ұстағыштарды бірнеше 5 ұстағыштардан құрастырады. Бұл үшін ұстағыштың артыңғы шетжағына үшбұрыш пішіндеге жырашықпен цилиндрлі 7 істік бұрып салынады. Бірнеше ұстағыштарды құрастырғанда бір ұстағыштың істігін екіншісінің тесігіне орналастырады. Түйіндес ұстағыштардың алдыңғы және артыңғы жақтардаға тістер істік жырашыққа әсер ететін ұстағыштардың бірінің бұрандасын бұрап салғанда бір-бірімен қатынасады. 8 қондырманы ұстағыштардың ұзындығын біраз арттыру үшін қолданады. Осындай жүйенің артықшылығы түрлі сәйкестендірілген элементтердің азғантай санынан ұстағыштардың биіктігі мен ұзындығының үлкен диапазоны бар қысқыш құрылғылардың құрастыру мүмкіндігі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|