Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»


Цилидрлік қосылыстардың автоматты қҧрастыру ҥшін



жүктеу 6,23 Mb.
бет104/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Цилидрлік қосылыстардың автоматты қҧрастыру ҥшін


атқарушы механизмдері

Ӛнімділіктің айтарлықтай арттыруын және құрылма әрекеттердің ұтымды шоғырлануын бӛлшек топтарының бір уақытта құрастыруы үшін механизмдердің қолдануымен қамтамасыз етуге болады (сурет 12.10.). Механизмдерді қолданған кезде (сурет 12.10, а.) түрлі сыртқы диаметрлерге ие 4, 7 және 8 тӛлкелер 6 үшсекциялық жаймадан 5 айырғыш кӛмегімен 1 жылжымалы орнатылма құрылғының призмаларына түседі.



Сурет 12.10. Бӛлшек топтарының бір уақытта құрастыруы механизмінің
сұлбасы:
1 — орнату құрылғысы; 2 — қармағыш; 3 — білік; 4, 7, 8 — тӛлке; 5
айырғыш; 6 — жайма; 9, 16 — жібергіш; 10 — тіреуіш; 11 — тӛлке үшін
білік; 12 — қармағыш; 13, 15, 17 — тӛлкелер; 14 шибер беру құрылғысы;18 — тіреуіш

Призмаларда орнатылған тӛлкелер 3 қармағышпен тігіледі, содан кейін орнату құрылғысы 7 тіреулерден тӛмен түседі (сурет 12.10, б). Тӛлкелердің қармағышта қозғалуы жағдайында 3 біліктің жағы қармағышқа тіреліп, оны батырады, ал жібергіш бӛлшектердің түйіндесуін қамтамасыз етеді (сурет 12.10, б.). Тік құрастыру кезінде 13, 15 және 17 тӛлкелер (сурет 12.10, в.)біруақытта астаулардан 14 тиісті шибер құрылғыларының кӛмегімен 18 тіреуіштің тірек жазықтарына дейін шығарылуы мүмкін. Содан кейін 5 қармағыш тӛмен түсіп, тӛлкенің тесіктерінен ӛтеді. Қармағыш пен 3 бірлік жанасқан сәтте 3 шибер құрылғылары солға қарай жылжып,


гравитациялық күштер әсерінен білік үстіне түседі (сурет 12.10, г.). Тӛменгіге әрі қарай түскенде қармағыш ӛз серіппенің қысымы арқасында батырылады, ал 16 жібергіш тӛлкелердің білікпен құрастыруын іске асырады.
Құрастыру автоматтардың және сызықтардың тоқтаусыз жұмыс істеуі ең алдымен олардың орналасу жерінде орнатылған атқарушы құрастыру механизмдердің тоқтаусыз жұмыс істеуіне байланысты. Атқарушы механизмдерде олардың тоқтаусыз жұмыс істеу қабілеттігін анықтайтын ең жауапты бӛлігі – құрастыру аймағында берілген қосылысты тікелей орындайтын құрылғы болып табылады. Тегіс цилиндрлі қосылыстардың саңылаулармен автоматты құрастыруы кезінде осындай қарапайым құрылғылар – бұл біліктерді тесіктерге орнатқан кезде тӛлкелі тегіс қармағышы бар жұмыс органы (сурет 12.11.) және тӛлкелерді білікке кигізгенде ӛзекті тегіс қармағышы бар жұмыс органы.
Базалық және қосылатын бӛлшектердің түйісетін жазықтардың номиналды орны олардың осьтері бір түзуде орналасқан кездегі жағдайды айтады. Бірақ құрастыру автоматтар мен сызықтардың тұрғыларында аталған осьтердің қисаюы мен ығысуынан құтыла алмайсың.
Зерттеулер кӛрсеткендей, қосылыстың орындауын бастау алдында ± 5' шегіндегі қисаюлар жинамдылыққа аса әсер тигізбейді.
Жиналатын бӛлшектердің және құрастыру жабдықтың қателіктерінің салдарынан пайда болатын әр түйісетін жазықтықтардың кӛлденең жылжуы құрастырудың жұмыс қозғалысына перпендикулярынан алынған аталмыш бӛлшектердің осьтері арасындағы қашықтыққа тең бір ығысуға тура келеді.
ΔΣ қателігі кездейсоқ сипаты бар құрайтын қателіктер тізбегінен қалыптасатын есептік шама болып табылады, және жалпы түрде келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

з
ΔΣ = ƒ (εζ, εз, εпр, Δф, ΔД, ΔН, Δ'п.ф, εζ' , ε ' , εпр'),

σ

з
мұндағы, εσ, ε '— базалық және қосылатын бӛлшектердің базалаудың қателігі; εз, ε ' — базалық және қосылатын
бӛлшектердің бекітудің қателігі; εпр, εпр ' базалық және
қосылатын бӛлшектері орналасқан орындарының қателігі; Δф — базалық бӛлшек үшін бекіту қателігі; ΔД — базалық бӛлшек үшін бӛлім қателігі; ΔН күйге келтіру қателігі; Δ'п.ф қосылатын бӛлшектің орналасуының және бекітуінің қателігі (механикалық қол типтегі атқарушы механизмдерде орын алады).

Сурет 12.11. Саңылауы бар цилиндрлі бӛлшектерді автоматты түрде қосу үшін қарапайым жұмыс органдарының сұлбасы:
а — серіппеленген білікшелердің біліктің центрлікпен құрастыруы сұлбасы; б — қалқыма бағыттайтын тӛлкемен құрастыру сұлбасы;
1 — жібергіш; 2 — қосылатын бӛлшек; 3 — ұстап тұрушы элементтермен құрастыру аймағындағы бағдарлайтын құрылғы; 4 — құрама тегіс тӛлкелі қармағыш; 5 — серіппеленген тегіс ӛзекті қармағыш; 6 — аспаның базалық бӛлшегі.


ΔΣ ≤ 0,5δс болғанда, мұндағы δс орындалған құрылыстағы диаметрілік саңылау, саңылауы бар цилиндрлік қосылысты қосылатын бӛлшектің бойлай жылжытуымен орындауға болады. Бұл жағдайда жиналатын бӛлшектердің екеуінде де жүздерінің болмауы мүмкін.
ΔΣ > 0,5 δс болғанда, және бӛлшектердің жүздері болмаса, бойлай жылжу кезінде қосылатын бӛлшек орақ пішінді жазықтық бойынша ӛз жағымен базалық бӛлшектің жағына тіреледі және оның қозғалуы тоқталады – бұл жағдайда қосылыстың дұрыс орындалуы мүмкін емес.
ΔΣ > 0,5 δс болғанда, ал түйісетін жазықтықтағы жиналатын бӛлшектің бірінде болсын c > ΔΣ жүз бар жағдайда және мұндағы с

  • жүздегі радиалды катеттің шамасы болса, жібергіш қосылатын

бӛлшекке әсер ететін ркүші екі құрамдас бӛлікке ыдырайды.
Оның бірі құрастырудың жұмыс қозғалысы бағытында әрекет жасайды, екіншісі – оның перпендикулярлы бағытында. Перпендикулярлы (кӛлденең) құрамдас бӛлігі әсерінен ΔΣ ығысуын азайтатын қосылатын бӛлшектің қармағышпен, базалық бӛлшектің құрылғымен әр жақтарға сығылуы басталады. Осымен біруақытта бойлық құрамдас бӛлігі әсерінен қосылатын бӛлшектің бойлау қозғалуы басталады.
ΔΣ ығысуы δс қосылыстағы диаметрлік саңылаудың жартысынан аз болғанда, қосылыстың орындалуы басталады. Қосылыс жүйенің пайда болған сығылуын сақтап, түйіндесетін жазықтықтарды бір- біріне қысатын Р күшінің кӛлденең құрамдас бӛлігініңтоқтаусыз әрекеті жағдайында орындалады. Қосылыстың орындауын аяқтаған кезде қосылатын бӛлшек қармағышпен байланысын жоғалтады, Р күшінің кӛлденең құрамдас бӛлігі тез нӛлге тең болып айналады және жүйенің сығылған элементтері бастапқы күйге қайтады.



жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау