Тасымалдағыш қҧрылғылар. Тасымалдағыш құрылғыларды қозғалу түрі бойынша реверсивті қозғалысы және реверсивсіз қозғалысы бар құрылғыларға, ал бӛлшектің қозғалуы траекториясының түрі бойынша – бұйым түзу және шеңбер бойымен
Сурет 13.7. Базалайтын элементтердің сұлбасы:
1 — бӛлшек; 2 — серіппелі тіреуіш; 3 — базалық жазықтық; 4 — айырғыш; 5 — шар; 6 — конустық калибр; 7 — сояуыш
қозғалатын құрылғыларға бӛлуге болады. Тасымалдағыш құрылғылар буындардың аз санынан тұратын қарапайым кинематикалық сұлбаға ие болу керек, және жоғары ӛнімділікті; жүйені лезде реттеу және баптау мүмкіндігімен қамтылған бақылау- ӛлшеуіш станцияның ыңғайлы орналасуы; тербеліс, магнитті, температуралық ӛріс және т.б. сияқты сыртқы әсерлерге минималды сезгішті қамтамасыз ету қажет.
Автоматтың жұмыс цикліне сәйкес ӛлшеуіш тұрғыға бӛлшектер еріксіз даналап түседі немесе олардың жеткізілуі ӛз салмағы әрекетінен орындалады. Ӛлшеуіш тұрғыға ӛз салмағы әрекетінен бір бӛлшекті орнату үшін арнайы айырғыштарды қолдану керек; бұл ретте бӛлшекке оның тұрып қалуына және қисаюына әкеліп соғатын кӛптеген кездейсоқ факторлар әсер тигізетін есепке алу жӛн, бұл автоматтың сенімсіз жұмысына әкеледі. Реверсивті қозғалысы бар тасымалдағыш құрылғылар әдеттегідей жұдырықшалы механизмнен тартпаға ие бӛлшектің үзілмелі қозғалысы бар құрылғыларға жатады. Бұл бӛлшек жылжуының талап етілетін заңын алу қарапайымдылығын қамтамасыз етеді (сурет 13.8.).7 қоректендіргіштегі бұйымдар (сурет 13.8, а.) қоректендіргіш тесіктердің итергіш терезелерімен сәйкес болған сәтте 3 жетекті ӛтіп
1 жұдырықшадан қайтымды iлгерiлеме қозғалысты жасайтын 5 итергішке түседі. 2 серіппе әсерінен 5 итергіш шеткі сол орынға жылжиды және бӛлшекті 6 ӛлшеуіш қалыпқа орнатады, ал итергіштің бастапқы қалыпқа (шеткі оң қалып) қайтуы 9 аунақшы
бойынша домаланып ӛтетін 1 жұдырықшамен жүзеге асырылады. Ӛлшеуіш қалыпқа бұйымның дәл орнатылуы 8 тіреуішке дейін орындалады. Бұйымның сұрыптау құрылғысына шығуы итергіштің кері жүрісі кезінде, немесе оның жүрісінің соңында (сурет 13.8, б), немесе келесі бӛлшекпен (сурет 13.8, в.) орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |