нұсқауларды жібереді. Жетілдірілген принтер үлгілері (демек қымбатырақ
түрлері) пішімдеуді өздері жасап, оны әлдеқайда тез орындайды.
Пішімдеу процесі, сондай-ақ, қаріптердің және векторлық графиканың
контурларын растрға түрлендіруді қамтиды. Мысалы, белгілі бір
өлшемдегі қаріпті пайдаланатын бұйрық пайда болғанда, контроллер
қаріптің құрылымына кіреді және қажетті өлшемдергі таңбалар
жинағының растрлық
бейнесін қалыптастырады. Белгілердің бұл растрлық суреттері уақытша
қаріп кэшінде орналастырылады, сол жерден бұл немесе басқа құжатта
тікелей пайдалану үшін қажет болғанда шығарылады.
4.
Растеризация. Пішімдеу процесінің нәтижесінде командалардың
егжей-тегжейлі терілуімен құжаттың әрбір бетіндегі әр таңбаның және
графикалық
кескіннің
нақты
орны
анықталады.
Деректерді
интерпретациялау процесінің соңында контроллер нүктелердің жиынын
жасау үшін командаларды орындайды, содан кейін олар қағазға ауысады.
Бұл процедура растеризация (rasterization) деп аталады. Құрастырылған
нүктелердің жиынтығы беттің буферінде орналасады және қағазға
ауысқанша сол жерде болады.
Растеризация жылдамдығы принтерде орнатылған жады көлеміне
және ағымдағы басып шығару тапсырмасында пайдаланылатын
ажыратымдылығына байланысты болады. Монохромды басып шығару
кезінде әрбір нүкте жадының бір биті болып табылады; Letter қағаз
өлшеміне және 300 dpi ажыратымдылығы үшін 1,051,875 байт жад қажет.
600 dpi ажыратымдылығы үшін талап етілетін жад көлемі 4
Мбайтқа дейін
артады. Принтерлердің кейбір үлгілірі келесі бетті пішімдеу кезінде
буфердегі тұтас бетті орналастыру үшін жеткілікті жады бар.
Принтерлердің кейбір үлгілірінде бір бетті орналастыру үшін де жады
жеткіліксіз болады. Бұл жағдайда жолақ (бand бuffers) буферлері
пайдаланылады.
Жолақ буферлерін пайдаланатын принтерлер бетті бірнеше көлденең
жолақтарға
бөледі.
Контроллер
бір
жолақтағы
деректердің
растеризациясын жүзеге асырады, оны басып шығаруға жібереді, буферді
тазартады және келесі бетті өңдеуді бастайды. Осылайша, бет
бөліктермен фотосезгіш барабанына немесе басқа басып шығару
құрылғысына түседі. Жолақ буферін пайдалану орнатылған жад көлемін
азайтау көмегімен принтердің құнын төмендетеді. Дегенмен, кейде
қателер пайда болады, мысалы, басып шығарылған бетте кескіннің
сәйкессіздігін анықтауға болады. Жад құнының төмендеуі, принтерлердің
өндірушілері біртіндеп жолақ буферінен бас тартуына әкелді.
Кейбір принтер драйверлері принтерге (векторлық немесе растрлық)
жіберілетін графиканың түрін басқаруға мүмкіндік береді. Векторлық
графика растрлыққа қарағанда жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Егер векторлық графикамен мәселелер туындаса, принтер қасиеттерінің
терезесінде тиісті қосқышты орнату арқылы растрлық графиканы
пайдалануға болады. Есіңізде болсын, барлық принтер үлгілері бұл
параметрді басқаруға мүмкіндік бермейді.
5.
Лазерік сканерлеу. Растеризациядан кейін, беттің суреті жадта
сақталады, содан кейін басып шығару процесін физикалық түрде жүзеге
асыратын принтерге беріледі. Басып шығару құрылғысы (print engine) –
108