Шығарылым деректері — басылымды дайындаумен және жариялаумен
айналысатын тұлғалар туралы ақпаратты қоса алғанда, басылым туралы
негізгі деректер. Атап айтқанда, кітап басылымдарында - барлық авторлардың
тегі, аты және әкесінің аты, редактордың, суретшінің, техникалық
редактордың, корректорлардың тегі, кітапты теруге және басуға беруге қол
қою күні, басылымның сандық көсеткіштері (қағаз форматы мен парақтың
үлесі, басылым және есептік-баспа беттеріндегі көлемі), баспа үйі мен
типографияның толық
атауы мен мекен-жайы, тапсырыс нөмірі.
Көбінесе, шығарылым деректері 6-кегльдің қаріпі өлшемінде теру
жолының толық форматына немесе кішірек форматқа теріледі және
басылымның соңғы бетіне орналастырылады. Егер олар толық пішімде
терілген болса, онда олар беттің төменгі жағында жұқа сызғыш астында
орналасады, егер кішірейтілген форматта болса - жолақтың оптикалық
ортасының бойында орналасады.
Кейде шығарылым деректері жолдың төменгі жағында, жұқа сызықтың
астында, титулдың артқы жағына қойылады.
Арнау - бұл кітаптың басындағы жазба, онда автор сол шығарма арналған
адамның немесе адамдар тобын көрсетеді. Арнау әдетте таңдамалы қаріппен
(курсив,жартылай қалың курсив, басқа түрдегі қаріп) теріледі, оның кеглі
негізгі мәтіннің кеглі кем емес болу керек
. Арнау көбінесе титулдан кейін (1-
ден 2 шаршыға дейін) жеке тақ беттің жоғарғы бөлігінде немесе кейде беттің
оптикалық ортасында орналастырылады. Кейбір жағдайларда арнау бірінші
мәтіндік бетте түсіру есебінен қойылады, бірақ міндетті түрде барлық
тақырыптардан бұрын. Арнау мәтінінің соңында нүктелер қойылмайды.
Эпиграф кітаптың, оның бөлімінің немесе тарауының негізгі идеясын
білдіретін атақты авторлардың жазбаларынан, мақал немесе афоризмнан
тұратын дәйексөзі. Эпиграфтар әрқашан кішірек кегльді қаріппен, жиі
таңдамалы, мысалы курсивпен теріледі. Егер эпиграфта аудармасы бар шетел
мәтін берілсе, онда олар әртүрлі қаріп жазбасында теріледі (көбінесе негізгі
мәтін курсивпен, аударма тік) және аударма 4-8 пункт бос орын қалтырып
жазылады. Эпиграфтың соңында нүкте немесе мағынасына қарай қажетті
белгі қойылады (жиі – көп нүкте, өйткені цитата мәтіні аяқталмайды).
Эпиграф мәтіні тырнақшаларға алынбайды. Көп жағдайда дереккөзге сілтеме
болады; ол бөлек жолда, қаріппен бөлектеніп, соңында нүкте қоймай және
эпиграф мәтінінен 2-ден 4 пунктке дейін үзіліспен жазылады.
Кейде (жақсартылған дизайны бар көркем туындыларда) бүкіл кітаптың
эпиграфы титулдан кейін жеке тақ бетке орналастырылады
және басылымның
жеке бөлімдері үшін эпиграф – бөлімнің атынан кейін, шмуцтитулдарда
орналастырылады. Ең жиі барлық туындыға арналған эпиграф алғашқы
мәтіндік беттің бірінші тақырыпшаның үстінде түсіру есебінен
орналастырылады; мұндай эпиграфтың үстінде графикалық сурет қана болуы
мүмкін. Жеке бөлімдерге немесе тарауларға арналған эпиграфтар осы
бөлімдердің атауларынан кейін, айдарлар және мәтіннен жеткілікті үзіліспен
орналастырылады (әдетте эпиграфтан кемінде 20 пункт үстіне және одан 12
пункт төмен).
86