Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет27/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65

 
Фирмалық  стильді  құрайтын  графикалық  элементтерге  мыналар  жатады: 
түс,  қаріп,  типографика,  іскерлік  және  жарнамалық  өнімдердің  беттеу 
схемасы,  сурет  стилі.  Дизайн  және  стильдің  барлық  элементтері 
компанияның,  оның  мақсатты  аудиториясының  және  оның  жұмыс  істейтін 
саласының қызметіне сәйкес болуы керек. 
Фирмалық  түс.  Түс  көмегімен  есте  сақтауды  арттырып,  барлық 
жарнамалық  хабарламаларды  байланыстырып,  сәйкес  бейнені  жасап  және 
оны  қайшылықтары  жоқ  қылып  істеуге  болады.  Әрбір  түстің  жеке  адамда 
белгілі  бір  эмоциялар  мен  ассоциацияларды  тудыратынын  біле  отырып, 
компания өзіне белгілі бір фирмалық түс таңдайды. 
Әр  түс  үшін,  семантикалық,  дәмдік,  температуралық  және  басқа  да 
сипаттамаларына  байланысты,  өздерінің  ассоциациялары  бекітілген. 
Фирмалық  түстерді  таңдау  кезінде,  ең  алдымен  компания  қызметінің  түрін 
ескеру  керек.  Сонымен  қатар,  бизнестің  көптеген  салаларында, 
түсініксіздіктің  мүмкіндігімен  байланысты,  түс  шектеулер  бар.  Мысалы, 
наубайханалар, нан-комбинаттары мен нан дүкендері ұн, бидай, күн, от және 
жаңа  пісірілген  нанды  еске  түсіретін  ақ,  сары,  қызғылт  сары,  қызыл  және 
қоңыр  түстерді  белсенді  пайдаланады.  Бұл  компаниялар  үшін  күйіп  кеткен 
нанмен  байланыс  тудыратын,  үстемдік  қара  түстің  фирмалық  стилінде 
пайдалану  мүлдем  орынды  емес.  Жарқын,  «қышқыл»  түстерді  қолдану 
орынды болмайды, өйткені олар  жеуге жарамсыз болып көрінеді. 
Фирмалық қаріп пен беттеу. Таңдалған қаріптер гарнитурасынан (немесе 
тапсырыс бойынша жобаланған), оның стилистикасынан компанияның, басқа 
адамдарда  туындаған,  бейнесі  тәуелді  болады.  Фирмалық  қаріп  фирмалық 
стилінің  негізгі  элементтерінің  бірі  ретінде  компанияның  барлық 
таратушыларында  да  пайдаланылуы  керек,  бұл  компанияның  тануын 
арттырады  және  оның  барлық  жарнамалық  хабарламаларын  біріктіруге 
көмектеседі.  Қаріп  пен  типографиканың  көмегімен  (мәтіннің  графикалық 
дизайны)  барлық    таратушылармен  берілетін  бірыңғай визуалды  тіл  жасауға 
болады. 
Визуалдық  бейнелер.  Компания  қызметінің  стилі  мен  табиғатына  қарай, 
компанияның  жарнамалық  хабарламаларында  пайдаланылатын  визуалды 
бейнелердің  белгілі  бір  стилі  таңдалады.  Бұл  классикалық  фото, 
иллюстрациялар немесе абстракция болуы мүмкін. Фотосурет әр түрлі түсіру 
техникаларында,  кәсіби  макрофотографиядан  әуесқой  фототүсірілім  әсеріне 
дейін  әртүрлі  эффекттермен  және  қаббаттасулармен  түрлі-түсті,  қара-ақ, 
монохромды  болуы  мүмкін.  Осы  тәсілдердің  әрқайсысы  өздігінше 
қабылданады және белгілі бір сипатқа ие болады. 
Құжаттардың түрлері. Компанияның фирмалық стиліне қатысты ең кең 
таралған құжаттарды қарастырайық. 
Визит  карточкалары.  Қазіргі  заманғы  тәжірибеде  визит  карточкалардың 
бірнеше негізгі түрлері пайдаланылады: іскерлік, корпоративтік және жеке.  
Сондай-ақ,    меншік  иесі  туралы  ресми  және  жеке  деректерді  қамтитын 
аралас  визит  карточкалары  бар.  Барлық  түрлер  үшін  безендірудің  өз 
ережелері бар. 
Іскерлік визит карточкасында болу керек: 
•  компания атауы; 
•  логотип немесе сауда белгісі (бар болса); 
 
75 


•  аты-жөні; 
•  лауазымы мен қызмет саласы; 
•  фирманың мекен жайы; 
•  жұмыс телефоны, факс, электронды пошта. 
Корпоративтік визит карточкасында болу керек: 
•  компания атауы; 
•  логотип (бар болса); 
•  компанияның қызмет саласы; 
•  қызметтер тізімі; 
•  байланыс телефондары; 
•  мекен жайы (жету картасын қамтуы мүмкін). 
Жеке визит карточкасы мыналарды қамтуы керек: тегі мен аты 
(әкесінің  аты  немесе  бірінші  әрпі,  имиджы  пен  жасына  байланысты 
көрсетіледі).  Сондай-ақ,  өзіңіз  туралы  (мекен-жайы,  телефон  нөмірі, 
электронды пошта адресі және т.б.) қажетті қосымша ақпаратты бере аласыз. 
Визит карточкалардың ең танымал және жиі пайдаланылатын форматы 90 
x 50 мм. Сондай-ақ 85.6 x 55 мм (несие картасының пішімі), кейде 85 x 55 мм 
пішімі  кеңінен  қолданылады.  Сирек  кездесетін  пішімдер:  91  x  55  мм 
(Жапонияда),  74  x  52  мм  (A8),  81  x  57  мм  (C8),  88,9  x  50,8  мм  (негізінен 
АҚШ-та пайдаланылады). 
Фирмалық бланктер. Баспа үйінде басылған бланктер компанияның жеке 
басының  және  оның  фирмалық  стилінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады. 
Шынайы  қолтаңбасы  бар  хаттарға  арналған  бланктер  бизнесті  жүргізудің  ең 
маңызды  құралы  болып  қала  береді.  Фирмалық  бланктегі  мұндай  хаттар 
іскерлік  қарым-қатынастың  ең  ресми  түрі  болып  табылады  және  сөзсіз 
артықшылығы бар. 
Бланктің дизайнын әзірлеу кезінде келесі жағдайларға назар аудару керек: 
•  бланкте міндетті түрде мәтін үшін кеңістік болу керек; 
•  бүгілу орнын ескеру керек; 
•  қағаздың лайықты тығыздығы болуы керек; 
•  стандартты форматты пайдалану; 
•  хат  мәтінінің  дұрыс  орналасуына  арналған  белгілерді  қамтамасыз  ету 
жөн. 
Фирмалық бланкта келесі ақпарат болуы керек: 
•  логотип және компанияның атауы; 
•  компанияның мекен жайы; 
•  байланыс ақпараты. 
Конверттер.  Іскерлік  хаттар  мен  үш  рет  бүктелген  бланкілерді  жіберу 
үшін  стандартты,  «еуроконверт»  деп  аталатын  E65  (110х220  мм)  терезешесі 
бар  немесе  терезешесіз  конвертті  қолданады.  C5  конверттері  (162  x  229  мм) 
стандартты  емес  ашықхаттарды  немесе  ортасынан  бүктелген  A4  парақтарын 
жіберу үшін қолданады. Іскерлік хат алмасу, журналдар, брошюралар немесе 
жарнамалық  буклеттер  үшін  C4  форматындағы  (229  x  324  мм)  жоғарғы 
немесе бүйірлік клапаны бар конверттер қолданылады. 
Конверттің  стильдік  безендірілуінен  басқа,  конвертке  индекстер  торы 
немесе  алушының  мен  жіберушінің  мекенжайларына  арналған  жолдар 
қолданылуы мүмкін. 
 
 
     76 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау