Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



жүктеу 4,68 Mb.
Pdf просмотр
бет48/110
Дата19.01.2023
өлшемі4,68 Mb.
#40973
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   110
99 
Трансформаторлық тетіктер индуктивтілер тәрізді сенімді
қарапайым және жоғары сезімталдығы мен үлкен шығыс сигналы бар. 
Оптикалық тетіктер. 
Оптикалық тетіктердің негізгі элеметтері 
сәуле шығару көзі, оптикалық арна мен сәулеленуді қабылдағыш (4.17 
сурет). 
Оптикалық тетіктің кіріс параметрі, әдеттегідей, оптикалық арнаға 
ықпал ететін (көзден қабылдағышқа өтетін жарық ағымын жабатын) 
объектінің орын ауыстыру, ал шығыс параметрі сәулеленуді 
қабылдағыш қалыптастыратын электрлік сигнал (электро қозғаушы 
қуат немесе ток) болады. 
Сәуле шығару көзі ретінде қыздыру шамымен қатар электр тогы 
өткенде жарық шығаратын жарықдиодтар – жартылай өткізгіш 
аспаптарды, сондай-ақ жартылай өткізгіш лазерлерді пайдаланады. 
Жарықдиодтары инфрақызыл сәулеленуге ғана сезімтал сәулеленуді 
қабылдағыш жарық бергіштен, бөгде көздерден, соның ішінде күндізгі 
жарықтан аулақ болуға мүмкіндік беретін көзге көрінбейтін 
инфрақызыл сәулеленуді шығара алады.
Оптикалық арна дегеніміз, әдеттегідей кәдімгі қоршаған ауа. Десек 
те, оптикалық сингналдарды үлкен қашықтықтарға беру үшін 
байланыстың оптоталшықты желісі пайдаланылады. 
Сәулеленудің қабылдағышы болып фоторезисторлар, фотодиодтар 
мен фототранзисторлар тәрізді вакуумды фотоэлементтер немесе 
жартылай өткізгіш аспаптар қызмет етеді.
Фотоэлементте жарық электрондарды колбаның ішкі металл 
жабындысынан шығарады және электрондар электрлі өріс әсерімен 
электр тогын қалыптастырып вакуумда анодқа қарай қозғалады.
4.17. сурет. Оптикалық тетік жұмысының сызбасы: 
1 — 
сәуле шығару көзі; 2 — оптикалық арна; 3 — сәулеленуді


100 
Фоторезистор дегеніміз жарық әрекеті жартылай өткізгіш 
кедергісінің төмендеуіне әкелуі нәтижесінде ол арқылы өтетін ток 
артатын жартылай өткізгіш элемент. 
Жарық энергиясы фотодиодта жартылай өткізгіштің фотондармен 
ионизациялануы және жиынтығы 
р-л
аймағы өткелінде ЭҚЭ фотоның 
пайда болуына алып келетін электрон-тесік жұбының пайда болуының 
арқасында 
электр 
энергиясына 
айналады. 
Нәтижесінде 
жарықтандырылған фотодиод тізбегінде негізінен күн батареяларын 
жасауға қолданылатын ток пайда болады.
Фототранзисторде екінші р-л өткелінің арқасында фотодиодқа 
қарағанда шығу тізбегінде ток айтарлықтай көбейеді. Яғни 
фототранзистордың жарыққа сезімталдығы анағұрлым жоғары.
Оптикалық тетіктер ұқсас режимде де, дискретті режимде де 
электрлік сигналға орын ауыстыра алады. Бірінші жағдайда оптикалық 
арна ені бірнеше миллиметр болады және күңгірт нысанның арна 
аумағында орын ауыстыруы оның ішінара, үлкен немесе кіші 
жабынына алып келеді. Сәулеленуді қабылдағыш жарықтандыруының 
өзгеруіне сәйкес шығыс сигналы да өзгереді. Жарықтандыру ағымын 
жабу әдісі мысалы, киноүлдірге жазылған фильмнің ілеспе дыбысын 
шығаруда қолданылады. Фотоқабылдағыштың жарықтандыруын 
өзгерту сонымен қатар жарық ағымы жолында салынған газ немесе 
сұйықтық мөлдірлігін бақылау бақылау үшін де пайдаланылады.
Дискретті режим, мысалы, қалай жұміс істейтінін 4.18 сурет 
түсіндіретін компьютер тімтуірінің оптикалық тетігінде қолданылады. 
Тісті дөңгелектің бұрыштық орын ауыстыруы дөңгелектің тіс 
қадамдарына сәйкес бұрышқа бұрылған әр кезінде оптикалық арнаны 
қайта-қайта жабуына алып келеді. Сәулеленуді қабылдағышты 
жарықтандырудың өзгеруі нәтижесінде оның шығуындағы ток немесе 
кернеудің де мәні өзгереді. Тетіктің шығу көлемі сәулеленуді 
қабылдағыш тізбегіндегі импульстер саны орын ауыстыру көп болған 
сайын көп болады және өзгерту кемшілігі аз болады. Бұл принципті 
сызықты орын ауыстыруды өлшеуде де қолдануға болады. Ол үшін 
тетік қозғалысын индуктивті тетікте істелетіндей, тісті сызықты бойлай 
қамтамасыз ету жеткілікті (4.13 сурет). 
Оптикалық тетіктер қарапайым, сенімді, көпке жарамды, салмағы 
мен көлемі, инерциалығы аз. Ұқсас режимде жұмыс істегендегі 
олардың кемшілігі - температура өзгерісі нәтижесіне және қоршаған 
орта жағдайына (шаңға, сыртқы жарықтандыруға т.с.с) әсері.


101 
4.18. сурет. Компьютер тінтуірі тетігінің 
жұмыс сызбасы: 
1 — 
жарықдиоды; 2 — оптикалық арна; 
3 — 
фотодиод; 4 — шарик; 5 — ағымды 
үзуші 


жүктеу 4,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау