Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет79/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107

242 
 
Лазерлік  принтер  көшірмелеу  техникасында  кеңінен  қолданылған 
басып шығарудың электрграфикалық əдісін пайдаланады. 
Лазерлік  принтердің  негізгі  құрылғысы  —  бұл  статикалық  электрмен 
қуатталған жарықсезгіш жабындысы бар айналмалы барабан (6.3-сур.). 
Шығарудың  басында  фотобарабанның  беті  бойыншастатикалық  заряд 
зарядтық  білікпен  біркелкі  таратылады.  Басып  шығаруда  айналмалы 
фотобарабан  лазер  сəулесінің  əсеріне  ұшырайды,  ол  керек  жерлерде 
зарядты  ауыстырып,  оның  бетіне  жасырын  кескіндемені  орналастырады. 
Толқынның  ұзындығы  700...  800  нм  лазердің  қуаты  бірнеше  ондық 
милливатт  құрайды.  Жолдың  шығарылымын  орналастыру  үшін  сəуле 
жылжымалы  механикалық  оптикалық  жүйесімен  парақтың  ені  бойынша 
бұрылады. 
Фотобарабан  қозғалып  жатқанда  оған  арнайы  магниттік  білікпен 
бояушыұнтақ  —  тонер  жағылады,  ол  статикалық  зарядпен  жасырын 
кескіндемеге  тартылып,  оны  көрінетіндей  етеді.  Фотобарабан  қағазбен 
байланысқа  түсіп,  оған  тонерді  көшіреді.  Тонерді  қағазға  бекіту  үшін  ол 
тонерді  қағазбен  жымдастырып,  кескіндеменің  таңбасын  бектіре  отырып, 
жылытқыш  арқылы  өтеді.  Содан  кейін  фотобарабан  тонердің 
қалдықтарынан  тазартылып,  келесі  парақты  басып  шығару  үшін  тазалау 
торабында  разрядталады.  Тонерді  бір  толтырып  құю  1  000  аса  парақты 
басып шығару үшін жеткілікті. 
Стандартты  кеңселік  қағаз  лазерлік  принтердің  негізгі    жұмыс 
материалы  болып  табылады.  Жылтылдақты  жабыны  жоқ  конверттер  мен 
жапсырмаларға да басып шығаруға болады. 
Ақ-қара  мəтіндерді  басып  шығарудың  жоғары  жылдамдығы  лазерлік 
принтерлердің артықшылықтарының бірі болып табылады, сондықтан олар 
негізінен құжатайналымы үлкен кеңселерде 
 
 
6.3 
-сур.Лазерлік басып шығарудың сұлбасы: 
— лазер; — қыздыру және тазалау тораптары; — тұндырылған тонер; 
— басып шығарылған кескін; — фотобарабан; — тонерімен  магниттік 
білік; — қағаз; — жылжымалы оптикалық  жүйе 
 
 


243 
 
қолданылады. Кемшіліктеріне тонерді бекітетін торапты бастапқы қыздыру 
ұзақтығы жатқызылады, ол орташа есеппен 15...30 с  құрайды. Одан бөлек, 
лазерлік принтерлер жұмыс барысында зиян газ — озон шығарады, ал ұзақ 
басып  шығаруда  жылытқыштан  жағымсыз  иіс  пайда  болады.  Ақ-қара  
басып шығаруда A4 форматынбасып шығару жылдамдығы орташа есеппен 
минутына  19  парақты  құрайды,  түрлі-түсті  басып  шығаруда  —  азырық 
қағаз  шығарылады,  себебі  кескіндеме  парақтың  бірнеше  өтпесінен 
шығарылады. Типтікрұқсат — дюймге1 200х1200 нүкте (dpi). 
Лазерлік  принтер  жолма-жол  басып  шығару  құрылғысы  болып 
табылады,  ол  толық  парақтық  ақпаратты  жүктеуді  талап  етеді.  Ол  үшін 
көлемі 8.128 Мбайт буферлік жады көзделеді, оны лазерлік принтерлердің 
кейбір желілік (көппайдаланушылық) модельдерінде қосымша модульдерді 
орнату  арқылы  арттыруға  болады.  Үлкен  файлдармен  жұмыс  жасау  үшін 
кейде  басып  шығаруға  жібере  алдында  ДЭЕМ-да  алдын  ала  ақпаратты 
сығымдау қолданылады. 
Лазерлік басып шығарудың негізінде сəуледиодтық баспа пайда болды, 
онда  оптикалық  жүйесіжолдық  енімен  қозғалмайтын  сəуледиодтар 
сызғышына  ауыстырылды,  ол  принтердің  механикасын  жеңілдетуге,  шу 
деңгейін  төмендетуге  жəне  пайдаланушылардың  денсаулықтарына 
келтірілетін зиянды азайтуға мүмкіндік берді. 
Матрицалық  (соққылы)  принтерлер  кеңселік  басу  машинасы  сияқты 
электрлік бояғыш таспамен жəне тура сондай шумен жұмыс істеген ДЭЕМ- 
ның алғашқы басып шығарушы құрылғылары болды,(6.4-сур.). 
Матрицалық  принтерлерматрицаға  жинақталған  инелер  жиынтығы  бар 
бастиектердің  көмегімен  басып  шығарады,  сондықтан  оларды  осылай 
атайды.  Матрицаның  əрбір  инесі  жеке  электрмагнитпен  іске  қосылады. 
Жұмыс  барысында  катушкалар  қатты  қызып  кетеді,  сондықтан  жылуды 
бұру  үшін  радиаторларды  қолданады.  Бастиек  парақтың  бойымен  жолма- 
жол  жылжиды;  бұл  ретте  инелер  бояғыш  таспа  арқылы  қағаз  бойынша 
соққылап, нүктелік кескіндемені қалыптастырады. 
Графикалық  басудың  сапасы  мен  жылдамдығы  инелердің  санына 
тəуелді. Принтерлер 9, 12, 14, 18, 24 жəне 36 инесімен шығарылды. 9- жəне 
24 инелік принтерлер кеңінен тарады. 
Негізінен монохромдық матрицалық принтерлер (кейбіреуінде төрттүсті 
таспа  қолданылуы  мүмкін)  қолданылады.  Түсті  ауыстыру  басушы 
бастиекке  қатысты  таспаны  жоғары  немесе  төмен  түсіру  арқылы 
орындалады.  Басып  шығару,  əдетте,  секундына  400-ден  аса  белгімен 
екібағдарлық болады. 


244 
 
 
 
 
6.4 
-сур. Матрицалық басып шығару сұлбасы: 
— басып шығарушы тиек; — инелері бар матрица; — бояғыш таспа; 
— таспасы бар; — бағдарлаушы тіректер; — қағаз 
 
 
Матрицалық  принтерлердің  негізгі  кемшіліктері:  монохромдық, 
жұмыстың  төмен  жылдамдығы  жəне  шудың  жоғары  деңгейі.  Одан  бөлек, 
уақыт өте таспа қағазбен тікелей байланысынан ластанады жəне инелердің 
соққыларынан тозады. 
Матрицалық  принтерлер  мəтіндік  ақпараттың  өте  үлкен  көлемдерін, 
көшірме  қағазды  құжаттарды  (алты  көшірмеге  дейін)  жəне  тесік  қағаз 
орамында  басып  шығару  үшін  қолданылады.  Буферлік  жадының  көлемі 
32...128 Мбайт құрайды. 
Матрицалық принтерлердің артықшылығы: оларға қызмет көрсету оңай 
жəне сенімділігімен ерекшеленеді (басып шығарушы бастиектің ресурсы — 
инеге 200 млн аса белгі). 
Бүріккіш  басып  шығару  ДЭЕМ-ның  жеке  пайдаланушыларының 
арасында ең тараған баспа болып табылады. 
Бүріккіш 
принтерлер 
матрицалық 
принтерлерге 
ұқсастығы– 
тасымалдағыштардағы  кескіндеме  жеке  нүктелерден  қалыптастырылады. 
Бірақ бүріккіш принтерлердердің бастиектерінде инелердің орнына көлемі 
бірнеше  пиколитр  тамшылар  түрінде  қағазға  сұйық  бояғыш  (сия) 
жіберетінсопло  матрицасы  қолданылады.  Әр  соплоның  өлшемі  ине 
диаметрінен  анағұрлым аз  болғандықтан,  бастиектегі  инелердің  саны  100- 
ден көп болуы мүмкін. 
Бүріккіш принтерлер басып шығарушы бастиектері соплодан бояғышты 
қағазға  түсіру  əдісі  бойынша  ажыратылады:  үздіксіз  жіберілумен  жəне 
талап бойынша жіберілумен (дискреттіəрекетті). 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау