Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту


       8 тарау    ДЕРЕКТЕРДІ ТАБЫСТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет87/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107

269 
 
   8 тарау 
 
ДЕРЕКТЕРДІ ТАБЫСТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ 
 
 
 
 
    8.1.   
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР 
 
Есептеу  техникасын  адам  қызметінің  барлық  салаларына  ендіру,  оның 
аумақтық  орналасуы  жəне  онда  едəуір  ақпараттық  ресурстардың 
жинақталуы  деректерді  табыстау  жүйесінің  көмегімен  ЭЕМ  арасында 
деректермен  қашықтықтан  алмасуды  ұйымдастыру  қажеттілігіне  алып 
келді. 
Деректерді  табыстау  жүйелері  бір-бірінен  қашық    абоненттерді 
байланыс 
құралдары 
мен 
арнайы 
коммутациялық 
жабдықпен 
байланыстыру арқылы құрылады (8.1-сур.). 
Деректерді  табыстау  жүйелері  пайдаланушылардың  абоненттік 
пунктілерінің  (АП)  ақпараттық  өзара  əрекеттесуін  қамтамасыз  ететін 
көліктік орта болып табылады, олар деректерді табыстау аппаратурасымен 
жабдықталған, байланыстың физикалық 
 
 
 
8.1 
-сур. Деректерді табыстау жүйесінің фрагменті:
 
— каналдар; — желі 
 
 


270 
 
арналарының,  коммутация  тораптарының  (КТ)  аппараттық  жəне 
бағдарламалық  құралдардың  жиынтығымен  ұйымдастырылған  байланыс 
желісін қолданады.Кез келген типтік абоненттік деректерді табыстау жүйесі 
пайдаланушы  деректерінің  ақырғы  жабдығынан  (ДАЖ)  тұратын  АП, 
деректерді  табыстау  аппаратурасынан  (ДТА)  жəне  ол  желіге  қосылған 
байланыс каналынан тұрады (8.2-сур.). 
ДАЖ  ақпараттың  көзі  жəне  ақпарат  алушы  болып  табылады  жəне 
пайдаланушының  деректерін  енгізу-шығару  жəне  сақтау  құрылғысының 
қызметін атқарады. 
ДТАақпараттық 
хабарламаларды 
байланыс 
арнасы 
бойынша 
коммутация  тораптары  арқылы  ұқсас жабдықпен  жарақтандырылған  басқа 
абоненттік пунктке жіберу-қабылдап алуды жүзеге асырады. 
ДЭЕМ  таралуымен  жəне  олардың  тезəрекеттігінің  артуымен 
біргедеректерді табыстау аппаратурасы орындаған бірқатар функциялардың 
бөлігін  компьютердің  бағдарламалық  құралдары  орындайды,  олар 
ақпаратқа  қол  жеткізудің  телекоммуникациялық  əдістерін  қамтамасыз 
ететін  операциялық  жүйенің  арнайы  модульдерінен,  стандарттық 
қолданбалы немесе пайдаланушылық бағдарламалардан тұрады. 
Бүгінгі  күні  байланыс  арналарымен  түйіндесу  құралдары  бар  ДЭЕМ 
(мысалы,  модемдер,  желілік  карталар)  іс  жүзінде  енгізу-шығару  шеткері 
жабдық қолданылатын ДТА мен ДАЖ-ды ауыстырады. 
Байланыс  арналары  кез  келген  желінің  міндетті  компоненті  болып 
табылады.  Олардың  əртүрлі  физикалық  құрылымы  жəне  сигналдарды 
тарату  табиғаты  болуы  мүмкін.  Металл  жəне  талшықты-оптикалық 
кабельдердің  негізіндегі  кабельдік  байланыс  желілері  жəне  сигналдарды 
табыстау  үшін  электрмагниттік  толқындарды  (мысалы,  радиожелілерді) 
қолданатын байланыс желілері ең көп сұранысқа ие болды. 
Сымсыз байланыс қозғалмалы абоненттермен жедел қосу үшін, сонымен 
қатар  əртүрлі  себептермен  стационарлы  желілерге  кабельдік  желілерді 
жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады. 
 
 
 
8.2 
-сур. АП

–ден АП
2-ге 
деректерді табыстаудың типтік сұлбасы
 
 
 


271 
 
Сымсыз байланыс шағын кеңселер мен мекемелердің арасында деректерді 
табыстау желілерін құру үшін де қолданылады. 
АП-да  ЭЕМ  қолданылуынан  кейін  деректерді  табыстау  жүйелері 
компьютерлік желілердің негізінде құрыла бастады. 
Компьютерлікжелі  (есептеу  желісі)  —  екі  жəне  одан  да  көп  ЕЭМ 
арасында  деректермен  алмасуды  қамтамасыз  ететін  байланыс  жүйесі. 
Функционалдық  тағайындалуы  бойынша  компьютерлік    желілер 
ақпараттық, есептеу жəне ақпараттық-есептеу жүйелері болып бөлінеді. 
Ақпараттық  желілер  пайдаланушыларға  деректер  базаларының 
сервистерінен  жалпы  жəне  арнайы  мақсаттағы  ғылыми-техникалық, 
анықтамалық жəне жедел ақпарат алу бойынша негізіненақпараттық қызмет 
көрсетулер ұсынады. 
Есептеу 
желілеріпайдаланушыларға 
өздерінің 
 
міндеттерін 
қашықтықтан  шешу  үшін  ЭЕМ  ресурстарын  қолдауға  мүмкіндік  беретін 
ұжымдық қол жеткізілетін қуатты ЭЕМ бар болуымен ерекшеленеді. 
Жоғарыда  тізілген  компьютерлік  желілерге  тəн  барлық  қызмет 
көрсетулерді  қамтамасыз  ететінақпараттық-есептеу  желілерікеңінен 
тарады. 
Компьютерлік желілер келесі көрсеткіштермен сипатталады: 
 
желі пайдаланушыларына ұсынылатын ақпараттық-қызмет 
көрсетулердің номенклатурасы;

 
желі немесе жеке арна бойынша уақыт бірлігінде табысталатын дерек- 
тердің өткізу қабілеті, көлем;

 
байланыстың сенімділігі жəне дұрыстылығы;

 
ақпараттық қауіпсіздік;

 
кеңейту мүмкіндігі (масштабталулық).

Желінің  өткізу  қабілеті  —  желі  бойынша  уақыт  бірлігінде  табыстала 
алатын  ақпараттың максималды  саны.  Өткізу  қабілеті  секундына  жүздеген 
биттен секундына ондаған гигабитпен есептеледі. 
Деректерді  табыстаудың  дұрыстылығы  қабылданатын  ақпаратта 
қателердің болуымен анықталады. 
Сенімділік — желінің пайдаланушы АП қызмет көрсету бойынша уақыт 
барысында  өзінің  құрылымы  мен  функционалдық  мүмкіндіктерін  сақтау 
қабілеті. 
Компьютерлік желінің пайдаланушыларына ұсынылатын ең кең тараған 
қызмет көрсетулерге (сервистер) электрондық пошта; файлдарды табыстау; 
ДЭЕМ-ға  қашықтықтан  қол  жеткізу;графика,  дыбыс  жəне    видеодан 
тұратын гипермəтіндіқұжаттарды іздеу жəне қараужатқызылады. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау