Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет77/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107

236 
 
Бірінші  сканерлеуде  пластина  шағылысқан  жарық  ағынына  перпенди- 
кулярлы  орналастырылады;  екінші  сканерлеуде  ол  шағын  бұрышқа 
бұрылады,  сондықтан  оқу  0,5  пикселге  жылжумен  орындалады. 
Бағдарламалық қамтамасыз ету сканерлеудің екі кезеңін біріктіреді, ол екі 
есе  көп  деректер  алуға,  яғни  нақты  рұқсатты  екі  есе  арттыруға  мүмкіндік 
береді. 
ПланшеттіCIS-сканердіңқұрастырылымы  анағұрлым  қарапайым  — 
онда  айналар  жүелері  қолданылмайды.  Күрделі  оптикалық  жүйенің 
болмауы CIS-сканерді анағұрлым үнемді жəне жинақы етеді. 
Сканерде  микролинзалары  бар  фотодиодтар  сызғышы  түрінде 
жылжымалы  фотосенсор  қолданылған,  оның  құрастырылымы  көшіру 
объектілерін  жарықтандыруға  арналған  қызыл,  жасыл  жəне  көк 
сəуледиодтардың  үш  қатарымен  қосарланған.  Сəуледиодтар  инерциялық 
емес, шағын габариттік өлшемдері жəне аз энергия тұтынуы бар (6.2-сур). 
Фото-  жəне  сəуле  диодтар  шыны  бетіне  өте  жақын  орналастырылады, 
сондықтан  CIS-сканерлердіңгабариттік  өлшемдері  үлкен  емес  жəне 
механикалық ықпалдарды сезгіш емес. 
Цилиндрлік  микролинзалартүпнұсқадан  шағылысқан  жарықты  сенсор- 
лық  сызғыштың  элементтеріне  жинастырады,  оның  өлшемі  сканердің 
шыны бетінің максималды еніне сəйкес келеді. 
Кейбір планшетті сканерлерде CIS-технологиясын толықтыратын LIDE 
əдісі  (LED  InDirect  Explosure  —  тура  емес  сəуледиодтық  экспонаттау) 
қолданылады.  LIDE-сканерлерде  жарық  көзі  ретінде  таратылатын 
сəулелердің  спектрін  үлкен  жиілікпен  өзгертетін  үштүсті  сəуледиодтар 
жəне арнайы жарық өткізгіш қолданылады. 
 
 
 
6.2 
-сур. ПланшеттіCIS-сканердің сұлбасы: 
— сканерлеу объектісі; — шыны; — жарықтың сәуледиодтық көзі; — 
CIS сызғышы; — микролинзалар 
 
 


237 
 
LIDE-сканерлер  жинақы,  олардың  датчиктері  аса  жоғары  сезгіштікпен 
ерекшеленеді,  энергияны  өте  аз  тұтынады  (USB  портынан  қуаттануы 
мүмкін) жəне арнайы қойғыштың көмегімен тік орнатылуы мүмкін. 
CCD-сызғышы бар сканерлердің үлкен айқындылық шегі жəне 2 400 dpi 
дейін  (CIS-құрылғылар  —1  200  dpi  дейін)рұқсаты  бар,  сондықтан  басым 
тараған. 
Бірақ  CIS-сызғыштың  қарапайымдылығы  жəне  құрастырылымының 
ықшамдығы А4форматты мəтіндер мен түрлі-түсті кескіндемелерді көшіру 
үшін  бірегей  қол  мини-сканерлерін  (автоқаламнан  үлкен  емес)  құруға 
мүмкіндік береді. 
Көшірме жасауда сканер арнайы аунақшаларда кескін бетінің бойымен 
жылжиды. 400 dpi рұқсатымен сканерленген құжаттар ішкі жадыда немесе 
сканердің  алынбалы жады  картасында  сақталады  жəне ДЭЕМ-ғаUSB-порт 
арқылы жіберіле алады. 
Түрлі-түсті кескіндемелерді сапалы көшіру үшін 600x1200 dpi рұқсатын 
жеткілікті  деп  есептеуге  болады.  Мəтінді  сканерлеу  əдетте  200...  400  dpi 
жуық  рұқсатпен  жүргізіледі,  ол  танып  ажырату  бағдарламаларының 
оңтайлы жұмысы жəне принтерлердің басым бөлігінде басып шығару үшін 
əбден жеткілікті. 
Көлденең  жəне  тік  рұқсат  мəндерінен  басқа  сканерлер  түстің 
тереңдігімен  (разрядтылығымен),  оптикалық  тығыздығымен  жəне 
айқындылық шегімен сипатталады. 
Айқындылық  шегі  сканерленген  нүктенің  түрлі-түсті  гаммасы 
қаншалықты  дəл  екендігін  көрсетеді.  Қазіргі  ДЭЕМ-да  əр  нүкте24  битпен 
кодталады,  яғни əр  негізгі  түсті (қызыл,  жасыл,  көк)  ұсыну  үшін  8  биттан 
блінеді,  сондықтан  осындай  разрядтылық  сканерлердің  басым  бөлігімен 
қолданады. 
Сканердің ішінде түстердің кодтамасы 48 битке дейін ұлғайтыла алады. 
Разрядтар  санын  арттыру  бұрмалануларды  енгізбей,  кескіндеменің  түрлі- 
түсті  түзетілімін  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Сұр  түстің  градациясы16 
разрядпен кодталады. 
Оптикалық 
тығыздық,немесединамикалық 
диапазон 
(D 
деп 
белгіленеді),  көлеңкелі  немесе  өте  жарық  учаскелердің  реңктері 
қаншалықты  дəл  ажыратылатындығын  көрсетеді.  D  мəні  сканер  ақ  түстен 
ерекшелендіретін  ең  ақшыл  тон  мен  ең  қара  қошқыл,  бірақ  қара  түстен 
ерекшеленетін тонның арасындағы айырмашылықпен анықталады. 
Теориялық тұрғыдан 24-биттік сканердің 2,4D-дан; 30-биттік — 3D-дан; 
36-биттік — 3,6D-дан ені артық диапазоны бола алмайды. 


238 
 
Айқындылық  шегі  айқын  кескіндеме  алуға  болатын  шыны  бетінен 
максималды  қашықтықты  анықтайды  (мысалыCCD-сканерлерде  айқын- 
дылық шегі шамамен 30 мм құрайды, CIS-сканерлерде —3 мм артық емес). 
Сканерлер  түсті  цифрлауға  арналған  АЦТ-ны  мамандандырылған 
процессорлар мен көлемі 2 Мбайт жуық буферлік жадымен жабдықтайды. 
Бағдарламалық  қосымшалармен  өзара  əрекеттесуді  қамтамасыз  ету  
үшін ДЭЕМ сканердің драйверін қолданады. Ең кең тараған қосылу—USB 
интерфейсі. 
Негізінен,  сканерлердің  басқару  органдары  барынша  аз,  себебібарлық 
қажетті баптаулар мен сканерлеуді жүзеге асыру компьютерден беріледі. 
 
 
6.1.2. Графикалық планшеттер 
Графикалық  планшет  немесе  дигитайзер  (digitizer  —  цифрлаушы), 
бастапқыда  ЭЕМ–да  автоматтандырылған  жобалаудың  кəсіби  мақсаттары 
үшін əзірленген жəне негізінен машина жасау, конструкторлық бюро жəне 
картографияда қолданылған. 
Бүгінгі  таңда  дигитайзер  тұрмыста  көптеген  пикселдерден  құралған 
растрлық кескіндер түріндегі екіөлшемдік жəне көптүсті суреттерді ДЭЕМ- 
ға қолмен енгізу үшін қолданылады. 
Графикалық  планшет  стилус  (қауырсын)  жəне  басуға  сезгіш  жəне 
кескіндемені  салуда  қауырсынның  ауысу  координаталарын  анықтауға 
арналған жазық жұмыс үстелінен тұрады. 
Планшеттің  жұмыс  ауданы  əдетте  стандартты  қағаз  форматтарының 
біріне сəйкес келеді. 
Координаталарды  анықтаудан  басқа  қазіргі  графикалық  планшеттер 
деқауырсынның  жұмыс  бетіне  қысымы,  оның  еңісі  жəне  қозғалу  бағыты 
белгіленеді. 
Компьютерлің тінтуір координаталар жүйесіне қатаң байлаулы еместігі 
белгілі, себебі оның жұмысында салыстырмалы адрестеу қойылады. 
Сондықтан  қауырсыны  бар  планшеттің  кəдімгі  тінтуірден  ең  басыт 
айырмашылығы  —  жұмыс  өрісінің  абсолюттік  адрестеуі,яғни  планшет 
бетіндегі  қауырсынның  координаталары  монитор  экранындағы  курсордың 
нүктесіне сəйкес келеді. 
Графикалық планшеттердің жоғары айыру қабілеті (тінтуірдің 200... 400 
dpi  орнына  2  500  dpi)  олардың  артықшылығы  болып  табылады  жəне 
кескіндеменің жоғары дəлдігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау