Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет78/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107

239 
 
Графикалық  планшеттердің  басуға  сезгіштігінің  де  маңызы  зор. 
Инженерлік  жұмыстарға  арналған  дигитайзерлер  негізінен  жұмыс  бетінің 
үлкен өлшемімен (А0 форматына дейін), планшет пен  қауырсынның өзара 
орналасу  еркіндігі  дəрежелерінің  санымен,  нысанасы  (визир)  бар  арнайы 
тінтуірді қолдану мүмкіндігімен ерекшеленеді. 
Кəсіби  сурет  салуға  арналған  графикалық  планшеттер  əртүрлі 
өлшемдерде (А3форматына дейін) жоғары рұқсатпен (2 000 dpi жуық) жəне 
1 024-ге дейін басу градация санымен шығарылады, ол күрделі кескіндерді 
құруға, өңдеуге немесе көшіруге мүмкіндік береді. Олар  қауырсын еңісіне 
сезгіш, сондықтан суреттерде көмескі сызықтарды қолдануға болады. 
Ең  кең  тараған  дигитайзерлердің  жұмыс  өрісінің  өлшеміəдетте,  4х5 
немесе 4х6 дюймды құрайды, ал функционалдық мүмкіндіктері шектелген. 
Бастапқы  деңгейдің  дигитайзерлерінің  (тұрмыстық  қолданудағы)  рұқсаты 
шамамен 1 000 dpi, басу градацияларының саны 256; олар қауырсын еңісіне 
сезгіш емес. 
Стилустың ықпалымен  өзара тұйықталатын баспа өткізгіштері торынан 
екі  координаталық  матрица  планшеттің  жұмыс  өрісін  құрады. 
Өткізгіштердің  тұйықталуы,  немесе  қауырсынды  басумен  немесе 
байланыссыз  əдіспен  жүзеге  асырылатын  активтендіру  олардың  күйін 
секундына  200  реттен  артық  сканерлеу  барысында  планшеттің 
контроллерімен табылады. 
Қарапайым 
дигитайзерлердесурет 
нүктелерінің 
координаталары 
қауырсынның  жұмыс  аймағына  басу  орнында  қарапайым  қосылысымен 
бекітіледі. 
Электрстатикалық  планшеттерде  қауырсынды  жұмыс  бетіне  басуда 
пьезоэлектрлік  əсердің  көмегімен  құрылатын  тордың  электрлік  əлеуетінің 
жергілікті өзгеруі тіркеледі. Матрица өткізгіштерінің қиылысына қосылған 
пьезоэлектрик  кристалына  қысым  түскенде,  əлеуеттердің  айырмасы  пайда 
болады, олар бойынша нүктенің координасы анықталады. 
Осындай  планшеттердеқауырсын  ретінде  шағын  пластмасс  сілтеу 
таяқшалары қолданылады. 
Күрделірек байланыссыз планшеттерде стилус пен жұмыс өрісінің өзара 
əрекеттесуініңэлектр магниттік  əдісі қолданылады. Оларда белсенді (сəуле 
таратушы  мен  қуатталумен  бірге)  жəне  пассивті  қауырсындар 
қолданылады. 
Белсенді  стилусқа  электрмагниттік  толқындарды  шашатын  таратқыш 
кіріктірілген  волны,  алматрица  торы  радиотолқындарды  үлестірулі 
қабылдағышы болып табылады. 


240 
 
Қабылдау  тордың  координаталық  өткізгіштерінің  арасына  қосылған 
дербес жазық контурлармен қамтамасыз етіледі. 
Кейбір қауырсындарда дербес қуат көзі болмайды — таратқыш қажетті 
кернеуді  планшеттің  арнайы  схемасымен  құрылатын  электрмагниттік 
сəулеленуді қабылдау жəне түрлендіруден алады. 
Басқа  байланыссыз  тəсілде  қауырсын  мен  матрица  индуктивтілігі 
(контурларының)  жақын  орналасқан  катушкаларында  электрмагниттік 
резонанс  əсері  қолданылады.  Өзара  əрекеттесуде  қауырсын  катушкасы 
координаталық  өткізгіштердің  арасындағы  резонанстық  контурдың 
параметрлерін өзгертеді, ол планшет контроллерімен тиянақталады. 
Осы  тəсілдердің  артықшылықтарына  қауырсын  құратын  сигналдарға 
қауырсын  ұшын  басу  деңгейлері,  басқару  батырмаларының  күйі  жəне 
т.б.қосымша  деректерді  қосу  мүмкіндігі  жатқызылады.  Қауырсын 
батырмалары  бағдарламалана  алады  жəне  тінтуір  батырмаларын 
қайталайды.  Кейбір  қауырсындарда  қарама-қарсы  ұшы  өшіру  үшін 
қолданылады. 
Одан  бөлек,  планшеттің  жұмыс  беті  қауырсынға  6  мм  дейінгі 
қашықтықта байланыс жоғалтпай жауап береді, ол кескіндемелердің қалың 
түпнұсқаларынан көшірме түсіруге мүмкіндік береді. 
Жұмыс  істеудің  ыңғайлылығы  үшін  дигитайзердің  жұмыс  бетінде 
экрандық  мəзірге  жүгінбей,  сурет  салу  баптауларын  қауырсынды  тиюі 
арқылы мүмкіндік беретін функционалдық панельдер бар. 
Планшеттік  жай-күйікорпуста  орналасқан  сəуледиодтық  индикатормен 
бекітіледі.  Оның  жылтылдауы  планшет  жұмысының  режимдерінің 
өзгеруінен  туындайды.  Индикатор  планшеттің  белсенді  күйге  ауысуын 
көрсетеді, қауырсын ұшының жұмыс өрісіне жақындаған немесе алыстаған 
сайын өзінің ашықтығын көбейтеді немесе азайтады,  қауырсын кез келген 
жұмыс саласына тигенде индикатор жанып отырады. 
Жұмыс  өрісінің  периметрі  бойынша  құжатты  айналдыру,  масштабтау, 
қылқалам  мөлшерлерін  жəне  т.б.  басқаруға  мүмкіндік  беретін  бағдарла- 
маланатын сенсорлық жолақтар орналасқан. 
Планшетті ДЭЕМ-ға қосу  үшін əдетте ол қуатталатын USB интерфейсі 
пайдаланылады. 
Ақпаратты  қолжазбалық  енгізу  үшін  оны  танып  ажырату  жəне  мəтінге 
айналдырудың арнайы бағдарламалары қолданылады. 


241 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
 
1.  Сканерлердің түрлерін және олардың қолдану салаларын 
атаңыз. 
2.  Кескіндемелерді сканерлеу қалай жүзеге асырылады? 
3.  Планшетті сканерлердің әрекет қағидаларын сипаттаңыз. 
4.  Сканерлердіңнегізгі сипаттамаларын атаңыз. 
5.  Графикалық планшеттер не үшін қолданылады? Олардың 
негізгіпараметрлерін атаңыз. 
6.  Дигитайзерлерде кескіндемелерді енгізудің қандай тәсіл- 
дері қолданылады? 
7.  Белсенді қауырсынның пассивтіден қандай айырмашы- 
лығы бар? 
 
 
    6.2.   
АҚПАРАТТЫ БАСЫП ШЫҒАРУ 
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ 
 
 
6.2.1. Принтерлер 
Принтер  (ағылш.printer  —  баспашы)  —  бұл  сандық  ақпаратты  (мəтін, 
кестелер,  фотосуреттер)  материалды  (əдетте,  қағаз)  тасымалдағышта 
монохромды  немесе  түрлі-түсті  түрде  түрлендіру  жəне  басып  шығаруға 
арналған ДЭЕМ электрмеханикалық шеткері құрылғысы. 
Принтерлер  басып  шығару  механизмінің  əрекет  қағидасымен,  қағаз 
парағының форматымен, баспа сапасымен— максималды lpi (lines per inch 
—дюймге  сызықтар)  немесе  dpi  сызықтық  рұқсатпен  сипатталады.  Кей 
принтерлердің  қағаз  сапасын  талдап,  өздері  қажетті  рұқсатты  орнататын 
құрылғылары бар. 
Құжаттарды  басып  шығаруға  арналған  принтерлер  негізінен 
А4максималды форматына есептелген. 
Фотосуреттерді  басып  шығару  үшін  қағаздың  басқа  өлшемі 
қолданылады — 10х15 см. 
Принтерлер  растрлық  құрылғы  болып  табылады,  мониторлардан 
ерекшелігі  –  түрлі-түсті  кескіндеме  жасау  үшін  басқа  негізгі  түстерді: 
көгілдір, қызылкүрең жəне сары түстерді қолданады. Осы екі түсті қабаттау 
қызыл, жасыл немесе көк түсті, ал үш түсті араластыру — қара түстібереді. 
Әрекет  қағидасы  бойынша  принтерлер  үш  негізгі  топқа  бөлінеді: 
лазерлік, матрицалық жəне бүріккіш. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау