224
Әдетте, олар инфрақызыл портпен, FireWire, Wi-FiнемесеBluetooth
интерфейстеріменжəнефлэш-карталарды оқу құрылғысымен: MemoryStick-
/MemoryStickPro, SD, XDжəнеMMC жабдықталады.
Ноутбуктердің салмағы 8 кг дейін жетуі мүмкін.
Сенсорлық экрандарды құру технологиясының жетілдірілуімен бірге
ноутбуктердің жаңа түрі — стилиустың көмегімен деректерді қолжазбалық
енгізуге мүмкіндік беретін планшеттік дербес компьютер (TabletPC)
пайда
болды.
Планшеттікноутбуктерпернетақтамен
немесе
онсыз
шығарылады жəне топсалы қосылысты пайдалана отырып, экранды
бірнеше экранда жылжыту мүмкіндігі бар.
Сенсорлық жабындының болуы экранның ашықтығын, шолу бұрыш-
тарын төмендетеді жəне оның диагоналін 14 дюймге дейін төмендетеді.
Ноутбук-трансформердің экранын өзінің көлденең осі бойынша
айналдырып, жұмыс жағымен жоғары қойса, планшетке ұқсайды.
Соңғы кезде планшеттіккомпьютердің анағұрлым мобильдік түрі —
Ultra-MobilePC (UMPC) дамып жатыр, ол ноутбук пен ҚЖК ортасындағы
аралық орынды иеленді.
Қазіргі UMPCсалмағы шамамен 700 г, рұқсаты 1 024 х600 пиксел 7-
дюймдіксенсорлықдисплеймен, тактілік жиілігі 900 МГц,жедел жады
көлемі 512 Мбайт процессормен, көлемі 40 Гбайт-тан жоғарықат-
тыдискпен, ал жеке конфигурацияларда —GPS, Wi-FiжəнеBluetooth кірік-
тірілген модульдермен жабдықталды.
Құны қымбат материалдарды қолдана отырып, эксклюзивтік дизайн
жасау имидждік ноутбуктердің ерекшелігі болып табылады, қымбат
материалдар олардың жаппай шығарылуын шектейді.
Ноутбуктердің басқа түрлері (нетбуктерден басқалары) бір-бірінен
функционалды тұрғыдан бір-бірінен мардымсыз ерекшеленеді, стильный
дизайны жəне дербес жұмыс жасаудың ұзақ уақыты бар. Олардың барлығы
DVD оптикалық жетектермен, көлемі 120 Мбайттан төмен емес қатты
дисктермен, сымсыз байланыс құралдарымен, USBпорттармен жабдық-
талған, тезəрекеттігі 1,2 - 2,0 ГГц жəне салмағы 1,0...2,5 кг құрайды.
Олардың басым бөлігі кең форматты экранмен (15 немесе 17 дюйм), 1 280
х768 пиксел рұқсатпен, модем жəне желілік картамен шығарылады.
Нетбук (Netbook) — экраны 7.12 дюйм ықшамдалған ноутбук —интер-
нетте жəне басқаофистік бағдарламалармен жұмыс жасауға бағытталған.
Барлық ноутбуктарда аппараттық құралдарды өсіру PCMCIA-
карталарды (РСCard) қолдану арқылы жүзеге асырылады, олар үшін
габариттік өлшемдердің үш түрі анықталған: Туре I, Туре II жəнеТуре III.
Карталардың ұзындық өлшемдері (85,6 мм) жəне ені (54 мм) бірдей жəне
қалыңдығы бойынша ерекшеленеді: I типтіңқалыңдығы — 3,3 мм;
225
II типтің қалыңдығы — ортасында 5 ммжəне шеттерінде 3,3 мм; III типті
РСCard қалыңырақ (10 мм) жəне карталардың алғашқы екі түрлеріне
арналған жалғағыштарға орнатыла алмайды. Карталарда құрылғыларды
«ыстық» қосу технологиясы жүзеге асырылған, яғни құрылғыны қосу үшңн
компьютерді өшіру қажеттілігі жоқ.
Қазірге кезеңде ноутбуктер ExpressCard жаңа стандартына өтіп жатыр,
ол PCMCIA-карталарының мүмкіндіктерін жетілдірудің логикалық
жалғасына айналды жəне PCI Express шинасын қолдану есебінен
деректерді жіберу жылдамдығын шамамен 1,5 есеге ұлғайтты.
ExpressCard форматында құрылғылардың номенклатурасын кеңейту
үздіксіз жүргізіледі. Қазірдің өзінде адаптерлердің көптеген түрлері бар:
бейнекестелер, сымсыз желілердің, цифрлық телефондық станциялардың,
сыртқы оптикалық жинақтауыштарының жəне басқа аппараттық
компоненттердің адаптерлері.
Бұл құрылғылар карталардың екі типтік өлшемдерімен шығарылады:
ExpressCard/54 жəнеExpressCard/34 (5.1 сур. қараңыз).
Екі картаның да габариттік өлшемдері ұзындық (75 мм) жəне қалыңдық
(5 мм) бойынша бірдей, ал ені тиісінше 54 жəне 34 мм құрады (картаның
белгіленуіндегі бөлгіш — бұл картаның милиметрмен есептегенде
картаның ені). ExpressCard құрастырылымы оларды ноутбуктің бір типтік
слотына қосуға мүмкіндік береді.
Ноутбуктердің тараған модельдері жылтыр жабындысымен 15дюймдік
экрандармен, мультиформаттықDVD-жетектермен, қатты диск жетекпен,
аналогты модем немесе желілік картамен, сымсыз байланыспен,
ExpressCardслотымен, екі немесе үш USB порттарменжəне пернетақтамен
толымдалады.
Әдетте, ноутбуктердің 84...86 пернесі бар пернетақтасы бар;
кіріктірілген манипуляторлар ретінде трекбол, трек- пойнт — арнайы
икемді перне, оның бүгілісін саусақпен курсорды керек бағытқа
жылжытады, жəне жиірек трекпад — шағын сенсорлық панель
қолданылады.
Сенсорлық панельдің көмегімен саусақпен курсорды экран бойынша
жылжытуға болады. Сенсорлық панельдің пернелері пəрмендерді таңдау
жəне орындау үшін қолданылады. Олар кəдімгі екі батырмалық тінтуірдің
батырмаларына сəйес келеді. Сенсорлық панельдің планкасы нұсқарлармен
белгіленген жəне кескіндемені айналдыруға арналған.
Жұмыс режимдерін көрсету үшін сəуледиодтық индикаторлар қол-
данылады:
– жұмыс режимінің индикаторы;
226
– Wi-Fi радиоадаптерін қосу индикаторы;
– аккумулятор зарядталуының жай-күйі индикаторы;
– дискжетерге қолжетімділік индикаторы
– Caps Lock индикаторы;
– Num Lock индикаторы;
– оңайлатылған іске қосу индикаторы (бəсең режим).
Бəсең режимді қосқанда процессор желдеткішінің айналу жылдамдығы
азаяды, себебі бұл режимде процессор мен графика төмендетілген
өнімділікпен жұмыс істейді.
Ноутбуктердің жүйелік тақшалары стандартталмаған (өндіруші
олардың бірегейлендірілуін бір модельдік қатар шегінде ғана қамтамасыз
етеді). Негізінен олар IntelCentrino технологиясы бойынша жасалған жəне
PentiumM процессорларының орнын басқан бірядролық жəне екі ядролық
процессорлармен толымдалады. Тақшалардың басым бөлігі DDR
немесеDDR2 типті жедел жадының екі модулін орнатуға жəне сыртқы
мониторды қосуға есептелген.
Енгізу-шығару порттарын кеңейту үшін жəне ноутбукты стационарлық
шеткері жабдықпен тез қосуды қамтамасыз ету үшін кейде офистерде
түйісу станциясын (док-станцияны) қолданады.
Ноутбуктердің басым бөлігі қатты 2,5дюймдік дискжетектерді
қолданады. Соңғы кезде оларды SSD қаттыденелі жадысына ауыстыру
тенденциялары байқалады.
Ноутбуктерді
пайдалану
пайдаланушыларға
физикалық
жəне
ақпараттық табиғаты бар əртүрлі тəуекелдермен байланысты: компьютерді
ұрлау жəне мəліметтерді рұқсатсыз өзгерту (жою).
Ноутбукты ұрлаудың алдын алудың ең қарапайым жолы —арнайы
құрылғыны — Кенсингтон құлпын пайдалана отырып, оны бір ауыр немесе
ірі затқа (мысалы, жұмыс үстеліне) бекіту. Құлып кəдімгі немесе кодтық
құлпы бар иілгіш металл тросы болып табылады. Құлып тілі компьютердің
корпусына, ал трос құлыптың көмегімен бір затқа сенімді бекітіледі.
Беріктігі жоғары қорытпадан жасалған иілгіш тростың беріктігі жоғары,
сондықтан кілтсіз (құпия кодсыз) жəне металл кесетін құралдарсыз мұндай
қорғанысты жою мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |