15
Бұл нəтижесінде НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ, ЕМЕС базалық операцияларын қолдана
отырып екілік сандармен əрекеттер жасайтын ЭЕМ логикалық сұлбасын
жасауға мүмкіндік берді.
1876 ж. ресейлік оқымысты П.Л.Чебышев механикалық арифмометрді
құрастырды. Бұл сол кездердегі ең өзіндік есептеуіш машиналардың бірі
болды. Академик А. Н. Крылов 1912 ж. дифференциалды теңдеулерді
шешуге арналған механикалық интегратор құрастырды.
1888 ж. америкалық инженер Герман Холлерит (IBM ізашар-фирма-
сының негізін қалаушы) перфокарттардағы келтірілген саңылаулармен
статикалық мəліметтерді танып сұрыптай алатын электромеханикалық
машинаны құрастырды. Табуляр деп аталған бұл машина реле, санағыш
жəне сұрыптаушы жəшіктен тұрды. Бұл машинаның өзгешелігі ондағы
перфокартқа енгізілген ақпарат электрлік əдіспен оқылатын болуында.
1938 ж. Конрад Цузе (Германия) үйдегі шарттарда бағдарламалық
басқарумен, есептерді енгізуге арналған пернетақтамен, 64 сандық жады
мен есептеулер нəтижесі көрінетін лампочкасы бар панелімен Z1
электромеханикалық машинасын жинады. Ол 22-разрядты екілік сандарды
жылжымалы үтірмен өңдей алды. Келесі Z2 моделінде перфолентаға
ақпараттың шығарылуы қолданылды.
1941 ж. К. Цузе электромеханикалық релеге негізделген жəне екілік
санау жүйесінде жұмыс істейтін үшінші – Z3 моделін жасап шығарды, Z3
машинасы санау құралының 600 релесінен жəне жады құрылғысының 2000
релесінен тұрды. Ол механикалық тізбектей, қадам сайын, бағдарламаны
оқитын жəне секундына 15...20 есептеу операцияларын өндіретін.
Электронды құрылғыларды қолданумен есептеу машиналарын жасау
идеялары бір-біріне тəуелсіз түрде əртүрлі елдерде 1930 жылдың соңында
жəне 1940 жылдың басында туындаған.
1937 ж. Джон Атанасов (АҚШ) əлемде алғашқы рет 300 электронды
лампаларды қолданып арнайы есептеу машинасын жасап бастады.
1943 ж. Алан Тьюрингтің қатысуымен Ұлыбританияда 2000 электронды
лампалардың қолданылуымен «Колосс» есептеу машинасы жасап
шығарылды. А. Тьюринг жұмысы құпия болатын — алғашқы рет машина
Германия фашисткасымен декодтауға жоғары тұрақтылыққа ие «Энигма»
автоматты
аппаратурасында
құпияланған
əскери
команда
беру
радиограммаларының мағыналарын ашуға арналып сəтті қолданылды.
Ч. Бэббидждің аналитикалық машинасын сипаттау негізінде 1944 ж.
АҚШ-та қағаз перфолента көмегімен бағдарламаланған электромехани-
калық реледегі «Марк-1» машинасы құрастырылды.
16
Машина 15,3 м ұзындыққа, 2,4 м биіктікке, 35 т-ға жуық массаға, 800
км-ден жоғары сымдар ұзындығына, 3 млн-нан көп байланыстар санына ие
болды. Ол 23 разрядқа дейінгі ұзындықтағы ондық сандармен жұмыс
жасайды; сандардың көбейту уақыты 4 с. «Марк-1» машинасы АҚШ
əскери-теңіз күштерімен қорғаныс сипатындағы əртүрлі мəселелерді шешу
үшін қолданылған.
1944 ж. бастап есептеуіш техниканы жасау бойынша жұмыстарда
американдық математик Джон фон Нейман қатысқан. 1946 ж. ол
Г.Голдстайн жəне А. Беркспен бірге есептеуіш техниканың дамуы үшін
маңызды «электронды есептеуіш құрылғысының логикалық құрылымын
алдын-ала қарастыру» мақаласын жариялады. Онда қазір барлық ЭЕМ-да
қолданылатын негізгі екі ой: екілік санау жүйелерін қолдану жəне
сақталатын бағдарлама принципі туралы айтылған.
1940-ші жж. нөлдік буынды машиналар деп аталатын механикалық жəне
электромеханикалық есептеуіш машиналардың кезеңі аяқталды деп
есептеуге болады.
ЭЕМ бірінші буындары. Ақпараттық технологиялар саласындағы
негізгі бетбұрыс логикалық, есте сақтаушы жəне басқа құрылғылар
электронды аспаптарда жүзеге асырылатын алғашқы аналогты жəне сандық
ЭЕМ пайда болысымен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Осы
уақыттан бастап ЭЕМ-нің функционалды мүмкіндіктеріне, өнімділігіне,
жадына, сенімділігіне, габаритты өлшемдеріне, массасына жəне тұтынатын
қуатына негізгі əсер еткен электроника мен микроэлектрониканың дамуы-
мен тікелей байланысқан электронды есептеуіш машиналарының буын-
дарын санау жүзеге асырылады.
Бірінші буынды есептеу машиналарында негізгі элементтер электро-
вакуумды құрылғылар: электронды лампалар мен электронды-сəулелі
түткікшелер болып табылады.
1946 ж. АҚШ-та «Эниак» (ENIAC) алғашқы электронды есептеу маши-
насы құрастырылған. Машинада 18 мың электронды лампалар қолда-
нылған; оның массасы 30 тоннаны, тұтынатын қуаты 160 кВт құрады; ол
170 м
2
ауданды алды. ENIAC екілік санау жүйесінде жұмыс істейтін,
секундына 5 мыңға жуық қосу операцияларын жəне 300 көбейту операция-
ларын орындайтын, оның жады бар болғаны 20 сөзді құрады.
Сақтайтын бағдарламалы алғашқы ЭЕМ 1949 ж. Кембриджде профессор
М. Уилкс басшылығымен жиналған ЭДСАК ағылшын машинасы болды.
Есептеуіш машиналарының алғашқы нұсқаларын жетілдіру 1951 ж.
коммерциялық қолданысқа арналған UNIVAC (АҚШ) ЭЕМ-ын жасауға
алып келді. Бұл ЭЕМ сандықпен қатар таңбалық ақпаратты да өңдей
алатын. UNIVAC машинасы алғашқы топтамалық шығарылатын ЭЕМ
болды, оның əртүрлі моделдері еркін сатуға арналған.
17
1952 ж. Джон фон Нейман иілгіш магнитті тасығыш – лентада жазылған
бағдарламаларды қолданатын MANIACI алғашқы компьютерін жасап
шығарды.
Отандық ЭЕМ-дердің дамуына ресейлік оқымысты, академик Сергей
Алексеевич Лебедев үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен Ресейдегі
алғашқы ЭЕМ жасау бойынша зертхана құрылды, содан соң (1951 ж.)
алғашқы кеңестік ЭЕМ – кішкентай (16-разрядты) электронды есептеуіш
машина (КЭЕМ) жасалды, ол тезəрекеттігі 3 000 опер./с-қа жуық болатын
6 000 электронды лампалардан жиналған. 1952 ж. С.А.Лебедев
басшылығымен үлкен электронды есептеуіш машиналар (ҮЭЕМ)
семействосының үлкен моделі – БЭСМ-1 құрастырылған, ол сол кезеңдерде
Еуропадағы ең тез əрекет ететін (8 000...10 000 опер./с) машина болған.
БЭСМ-1 жəне оның артынан ерген БЭСМ-2 мен М-20 (20 мың опер./с)
топтамалық отандық электронды лампаларды қолданған.
1954 ж. Башир Искандарович Рамеев басшылығымен «Урал» ЭЕМ-ның
командаларының архитектурасы мен жүйесі жасалып шығарылған. 1957 ж.
өнімділігі жоғары болмағанына (100 опер./с) жəне магнитті барабандағы
оперативті жадына (1024 сөз) қарамастан инженерлі есептеулер үшін
эффективті болған жəне үлкен сұранысқа ие болған «Урал-1» лампалық
ЭЕМ-ы шығарылды. Ол толық «Урал» семействосының алғашқы моделі
болды, қымбат емес машиналар разрядына жатқызылған жəне ұзақ уақыт
бойы ведомствалық есептеуіш орталықтарында қолданылған.
Машиналардың бірінші буындарында сақталатын бағдарлама əдісі
жүзеге асырылған; енгізу-шығару үшін алдымен қағаз перфокарттар мен
перфоленталар, магнитті лента, содан соң магнитті барабандар мен басып
шығаратын құрылғылар қолданылады. Негізгі бағдарламалау тілі –
машиналық код. Электронды лампаларды қолдану көптеген мəселелерді
тудырды – төменгі сенімділік үшін бірнеше минут жұмыстан соң бір лампа
істен шыққан, ЭЕМ-да олар ондаған мың болғандықтан ақауды тауып
жөндеу үшін үздіксіз қызмет ету талап етілді.
ЭЕМ екінші буыны. Бұл буынөзінің бастауын 1956 ж. АҚШ
Масачусетстік технологиялық университетінде шалаөткізгішті элемент-
тердің – транзисторлардың негізіндегі алғашқы компьютерлерді жасаудан
алады. Транзистор негізіндегі топтамалық ЭЕМ 1958 ж. бастап шығары-
лады. Осы уақытқа дейін жоғары жылдамдықты принтер, магнитті лента
мен магнитті дисктердегі ақпарат тасушылар жобаланған. Әскери мақсат-
тағы борттық ЭЕМ жасау мүмкіндігі пайда болды.
1958 ж. ControlData америкалық компьютер компаниясымен дүниежүзі
бойынша ғылыми зерттеулерге арналған алғашқы CDC1604 транзисторлы
компьютері жасалды, ал екі жылдан соң ол топтамалық өндірісте
меңгерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |