12
мен мекемелерге сапалырақ қызмет көрсетеді.
«Электронды үкіметке» көшу үрдісі келесідей болжанады: көрсетілетін
қызмет, мемлекеттік мекемелердің жұмыс режимі, хабарландырулар; билік
органдарына азаматтар мен ұйымдардың əртүрлі ақпараттарды өздігінен
жіберу; реалды уақыт режимінде ақпаратты өңдеу; шешім қабылдау жəне
т.б. туралы халыққа ақпараттарды реалды уақыт режимінде ұсыну.
Ресейде алдағы уақыттарда «электронды билік» платформасын жасау
үшін «Үкімет порталы» арнайы ақпараттық жүйесін жүзеге асыру
қарастырылған.
Үкімет порталын жасау аясында азаматтармен жəне ұйымдармен
əсерлесу кезінде орындаушы биліктің федералды органдарының қызмет-
терінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Бағасының төмендігі, аз энергия тұтыну, моделдер əртүрлілігі жəне
жаңа моделдерді шығару динамикасы, қолданбалы сипаттағы бағдар-
ламалық дайын жəне қолжетімді өнімдердің бар болуы, мультимедиялық
мүмкіндіктер ДЭЕМ-ді одан ары талап етілетін жəне қызықтыратын
индивидуалды өндірістік құрал мен халықтың кең ортасы үшін ойын-сауық
құралы етті.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Электронды есептеуіш машиналарының үш типін
атаңыз, олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз.
2. ЭЕМ-нің негізгі қолданылу салаларын атаңыз.
3. ЭЕМ-нің қай типі кең қолданыс тапты және не үшін?
4. СуперЭЕМ қай жерде қолданылады?
5. Орнатылған ЭЕМ қай жерде қолданылады?
6. Телекоммуникациялық технологиялардың дамуына
не алып келді?
7. Біздің кезімізде Ғаламтордың қандай мәні бар?
8. «Үкімет порталы» ақпараттық жүйесі қандай
мәселелерді шешуге арналған?
13
1.2.
ҚОЛДАНУ АЙМАҚТАРЫ
Есептеуіш техника құралдарының даму тарихы шарттық топтарға
біркелкі ЭЕМ-ды хронологиялық ретпен бөліп алып жүйелеуге мүмкіндік
беретін сипаттамалық белгілер əрқайсысына тəн уақыттық этаптардан
тұрады. Мұндай əр топ есептеуіш машиналардың нақты бір буындарына
жатады.
Алғашқыда ЭЕМ буындары өзара қолданылатын элементтік база мен
кілттік технологиялық шешімдер бойынша ажыратылған, сол себепті
буындардың ауысуын бірінші кезекте алғашқы ЭЕМ сапалы жаңа
элементтік базада жүзеге асырылу уақыты бойынша бекітетін боламыз.
Буындарға берілген тарау нақты болып есептелмейді, дегенмен элементтік
база саласындағы прогресс ЭЕМ дамуында əрдайым анықтаушы болған.
Қазіргі кезде ЭЕМ буындарын орнату кезінде қосымша факторларды:
бағдарламалау тілдерін, қолданушымен байланыс құралдарын, машиналық
ресурстарын (оперативті есте сақтау құрылғысының сыйымдылығы,
тезəрекеттік) ескереді. Тіпті буындарды анықтау талаптарының бұндай
нақтылауы да машиналар буындарының арасындағы көмескі уақыттық
шектерді жоюға қабілетсіз, себебі бір кезеңде ЭЕМ-ның өте əртүрлі
деңгейлері жобаланып немесе шығарылып жатты.
Адамдардың есептеу үрдістерін автоматтандыру ойлары, өнертабыстары
мен ынталары ұзақ тарихқа ие. Ежелгі кездерден адамдар қол жəне
механикалық құралдар негізінде үлкен сандармен арифметикалық
операцияларды орындау үрдісін жеңілдету мен оңайлатуға тырысқан.
Бесінші жүзжылдықта ең оңай (мүмкін, бірінші) жəне кең қолданыстағы
есептеуіш құрал – абак пайда болды.
Абак сызықтар жүргізетін немесе астауларды оятын тақта түрінде
болған; есептеу оның бойымен есептеу маркаларын (сүйектерді, тастарды
жəне т.б.) жылжыту жолымен жүзеге асырылған. Абакты жасап
шығарушылардың негізгі қызметі – сандарды көрсетудің позиционды
жүйесін жасау. Құрылғы Ежелгі Грецияда, Римде, содан соң Шығыс
Еуропада арифметикалық есептеулер үшін қолданылған. Қиыр Шығыс
елдерінде қытай аналогы – суан-пан жəне шыбыққа тізбектелген шарлары
бар жапон соробаны, ал Ресейде – есепшоттар тараған.
Есепшоттар шамамен XVII ғғ. пайда болған жəне абактың əртүрлі
модификацияларынан айырмашылығы бестік емес ондық санау жүйесін
қолданған.
XVғ. соңында Леонардо да Винчи механикалық 13-разрядты сум-
малаушы құрылғының эскизын жасап шығарды, оның жұмыс қабілеттілігі
біздің кезеңде қолданыстағы макетті дайындаумен дəлелденген.
14
Алғашқы механикалық есептеу машинасы 1623 жылы В.Шиккардпен
сипатталған. Ол жалғыз нұсқада жүзеге асырылған жəне 6-разрядты
сандармен төрт арифметикалық операцияларды орындауға арналған.
XVII ғ. логарифмдік сызғыш – бірнеше операцияларды: сандарды
көбейту мен бөлуді, дəрежесін шығаруды, логарифмдерді, тригономет-
риялық функцияларды есептеуді орындауға мүмкіндік беретін қолмен
есептеуіш құрал жасалып шығарылған. Логарифмдік сызғыштың жұмыс
істеу принципі сандарды көбейту мен бөлу олардың логарифмдерінің
сəйкесінше азайтылуы мен қосылуына алмастыруға негізделген.
1642 жылы Блез Паскаль суммалаушы машинаны жасап шығарды, ал
осындай 50 машиналардан тұратын топтама ой еңбегін автоматтандыру
мүмкіндігін көрсетті. Паскаль машинасы есептеу техникаларының механи-
калық даму этаптарының бастамасы деп есептеу қабылданған.
Неміс математигы Готфрид Вильгельм Лейбниц 1673 ж. қосу, азайту,
көбейту, бөлуді ғана емес сондай-ақ квадрат түбірден шығаруды да
орындайтын төрт əрекетті машина құрастырды. Онда Г.В.Лейбниц алғашқы
рет үйреншікті ондық санау жүйесін емес екілік (0 мен 1) санау жүйесін
қолданды.
XVIII ғ. арифмометр жасап шығарылған; кейбір жетілдірулермен бұл
машиналар XX ғ. ортасына дейін қолданған.
Француз тоқымашысы жəне механигы Жозеф Жаккар 1802 ж.
өндірілетін матаның үстінен əртүрлі өрнектерді анықтайтын саңылаулары
əртүрлі орналасқан тесікті карточкаларды қолданып тоқыма білдегінің
алғашқы нұсқасын жасап шығарды. Білдекті оған перфокарттан берілген
ақпаратпен басқару деген Ж. Жаккардың идеясын есептеуіш құрылғыларды
бағдарламалау тарихындағы алғашқы кезеңдерінің бірі деп есептеуге
болады.
Ағылшын математигы Чарльз Бэббидж 1820—1822 жж. екінші ретті
көпмүшелердің мəндерінің кестелерін есептей алатын машина құрастырды,
ал 1833 ж. универсалды сандық есептеуіш машинаны – ЭЕМ прототипінің
жобасын жасап шығарды. Ол өзіне жадын, сандардан тұратын ұяшықтарды,
жəне машинаға перфокарттан нұсқаулықтарды қосуға мүмкіндік беретін
жəне тетіктер мен тегершіктерден тұратын арифметикалық құрылғыны
қосты. Сол себепті Ч. Бэббиджді жиі компьютердің əкесі деп атайды.
1854 ж. ағылшын математигы Джордж Буль «Логика мен ықтимал-
дылықтар математикалық теориялары негізделетін ойлау заңдылықтарын
зерттеу» атты тек екі мүмкін болатын жағдайларды: «Ақиқат» немесе
«Жалған» (1 немесе 0) жағдайларын қолданатын логиканың операциялары
мен заңдылықтары жүйесін сипаттаған еңбегін жарыққа шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |