149
Көптеген дисководтарда жолға жетудің орташа уақыты шамамен 65
мс.құрайды. Жұмсақ дискті айналдыру үшін тура желі деп аталатын
құрылға пайдаланылады.
3,5-дюймоді дисководта дисктің айналу жылдамдығы 300 об/мин.
құрайды, бұл 150...500 Кбайт/с ақпаратты жіберуді қамтамасыз етеді.
Бастиек желісімен, оқу/жазу бастиегімен, двигательмен, диск датчи-
гімен жəне өзге де компоненттермен басқару сызбасы бір немесе бірнеше
баспа тақталарда орналастырылады.
Дисководтың беткі панелінде (4.11 сурет) дискет салуға арналған
жіңішке көлбеу ойыт болады, ол диск жоқ кезде пердешемен, қолжетімділк
индикаторымен жəне дискті шығару конпкасымен жабылады.
Дискетті дисководқа салу кезінде оған пердеше бастиек блогының
дисктің магнитті беткі қабатымен байланысу үшін жылжып барады,
оптикалық датчиктер оның сыйымдылығын жəне жазуға рұқсат беру
немесе блокадалуының бар болуын анықтайды. Операциялық жүйенің
дискке байланысы кезінде беткі қабаттың панелінде қолжетімділік
индикаторы жануы тиіс.
Дисководтар ДЭЕМ корпусындағы арнайы бөлікке орналастырылып,
екі жалғағышпен қосылады: біреуі басқару сызбасына 5В қуат кернеуін
беру үшін 4-контактылы жалғағыш, ал екіншісі двигательге жалғанатын 12
В, басқасы 34-контактылы – басқару сигналдары жəне SA-400 (Shugart
Associates) (жинақтағышты ойлап тапқан зерттеуші Алан Шугарттың
фамилиясымен аталған) стандартты интерфейсінің мəліметтеріне арналған.
Форматталмаған дискеттер ДЭЕМ-да операциялық жүйенің утилитасы
жиынының құрамына кіретін арнайы бағдарлама көмегімен ДЭЕМ-да
пайдаланушы арқылы форматталады. Жұмсақ дискте кəдімгі форматтау
кезінде 80 жұмыстық жолды орналастыруға болады.
Екі дисковод болған кезде BIOS көмегімен олардың «бірінші» (А:) жəне
«екінші» (В:) физикалық адрестерін бағдарламалық түрде орнатуға болады.
4.11 1 сурет.Жұмсақ магнитті диск дисководының беткі панелі:
1 — пердешесі бар ойық; 2 — жинақтағышқа арналған индикатор;
3 — дискетті шығару кнопкасы
150
4.2.6. Қатты магнитті дисктердің
дисководтары
Қазіргі уақытта қатты дисктердің жинақтағыштары (4.12 сур.) келесідей
формактор белгілермен шығарылады: 3,5; 2,5; 1,8 жəне 1 дюймді.
Олардың барлығы да электрлік-механикалық құрылғы болып саналады,
олар магнитті диск, оқу/жазу бастиектері, бастиек желісінің механизмі,
диск желісінің двигателі жəне баспа тақтадағы электронды басқару
сызбасы кіретіннегізгі тораптардан тұрады.
Стационарлық ДЭЕМ үшін қатты диск жинақтағыштарының қуат
жалғағышы жұмсақ дисктегі секілді стандартты, қуат кернеуі екі
номиналды: 5В электронды сызбаға түседі, 12 В айналдырғыш двигатель
жəне бастиек желісін басқаратын сызбаны қуаттандырады. Портативті
компьютерлерге арналған аз габаритті жинақтағыштарда бір ғана қуат – 5В
пайдаланылады.
Дисктер, дисктер желісінің электрлік двигателі, бастиек жəне бастиек
желісінің механизмі конструктивті торап болып саналады жəне жабық
күйде орналасады, бірақ герметикалық емес корпуста – қысымды теңестіру
үшін блокта фильтрмен жабылған ойық қарастырылған, ол ойық арқылы
ауа ішке кіреді немесе сыртқа шығады.
Портативті ДЭЕМ-ға арналған қазіргі дисководтардың көпшілігінде
корпус пен жинақтағыш шассиі арасында соққыға қарсы тұратын резіңке
төсеме орнатылған.
4.12 сурет. 3,5-дюймді қатты магнитті диск дисководы:
1 —магнитті диск орнатылатын ойық; 2 — баспа тақта
151
4.13 сурет. Бастиек блогының линиялық және бұрылыстық
желілері бар дисковод сызбасы:
1 — магнитті дисктер жиыны; 2 — шпиндель білігі; 3 — бастиек блогы
қозғалысының бағыты; 4 — бастиек блогының желісі; 5 — дискті айналдыру
бағыты; 6 — жазу/оқу бастиегі; 7 — шпиндель двигателі
Жинақтағыштарда əдетте, бірнеше дисктер (кем дегенде екеу)
пайдаланылады, ал мəліметтер əрбір дисктің екі жағына жазылады.
Көбінесе олар алынбайтын құрылғы болып келеді.
Сондай-ақ, ауыспалы қатты дисктері бар жинақтағыштар да бар. Дискілі
ауыспалы блоктардың металл конструкциясы болады, оларда диск пен
бастиектің арақашықтығы ұзағырақ, бұл жазудың тығыздығын жəне
тасымалдағыштың жалпы сыйымдылығын төмендетеді.
Мəліметтерді ауыстыру үшін сыйымдылығы 32...4 000Гбайт
перифериялық мобильді жинақтағыш пайдаланылады. Олардың соққыға
қарсы төзімділігі қатты дисктегі металл корпусқа қалың резіңке
аморттайтын төсеме қою арқылы қамтамасыз етіледі.
Жинақтағыштарда дисктер арнайы двигательден 4 500, 5 400, 7 200, 10
000, 12 000, 15 000 об./мин жəне бұдан да көп стандартты жылдамдықпен
айналатын шпиндельдің жалпы осіне монтаждалады (4.13 сур.). Шпиндель
магнитті дисктерді бекіту құрылғысы бар айналмалы білік болып саналады.
Дисктердің айналуы үшін шпиндельді электрлік двигатель деп аталатын
шусыз құрылғы пайдаланылады, ол дисктік жиынды бекіту білігімен
тікелей байланысты болады. Дисктің айналу жиілігі тұрақты болуы тиіс,
сондықтан оның тұрақтылығы үшін двигательдің автоыңғайлау айналымы
бар басқару сызбасы пайдаланылады.
152
Қазіргі жинақтағыштарда алюминий дисктердің орнына шыны немесе
шыны-керамикалық дисктер пайдаланылады, олар өзінің мықты
тығыздығы мен қаттылығы бойынша ерекшеленеді.
Олар температураның төмендеуіне онша əсер етпейді, яғни олардың
өлшемі қыздыру жəне салқындату кезінде аздап қана өзгереді, бұл
мəліметтердің жазылу тығыздығы мен тұрақтылығын арттырады.
Әрбір дисктің беткі қабаты екі жақтан қалыңдығы микронның жүзінші
үлесіндей магнитті кобальтті құймадан алынған қабатпен жабылған, ол
гальваникалық жабындымен жағылады (арнайы ерітіндіден ток көмегімен
дискке металды тұндыру арқылы) немесе шашырату арқылы (газ түріндегі
металды арнайы вакуумды камерада тұндыру арқылы).
Жұмыстық магниттік қабаттың тозуға төзімділігін қамтамасыз ету үшін
өте жұқа көміртекті жылтыратылған қорғаныс жабындысы жағылады, ол
бастиек пен дисктің беткі қабаты арасындағы саңылауды ықшамдап,
мəліметтерді оқу кезінде дыбыс амплитудасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жинақтағыштың неғұрлым күрделі бөлігі оқу/жазу бастиегі болып
табылады, ол технологияның дамуымен байналысты уақыт өткен сайын
барынша жетілдірілуде.
Конструктивті орныдалу бойынша бастиек ферритті (монолитті жəне
композитті), жұқа үлбірлі жəне магнит кедергілік болып бөлінеді.
Монолитті және композитті (шыныферритті) бастиектер шағын
өткізгіштері бар шағын ферритті біліктен жасалады, жұқа үлбірлі
бастиектерде микросызба өндіру технологиясы бойынша металл емес
негізге өткізу материалының қабатын тқндыру əдісі пайдаланылады.
Қазіргі дисководтарда магниткедергілік бастиек тер пайдаланылады.
Магниткедергілік бастиек екі бастиектің жиыны олып саналады: жұқа
үлібріл бастиек жазу процесі үшін пайдаланылса, магниткедергілік бастиек
оқу үшін пайдаланылады. Жұқа үлбірлі бастиекте магнитті өріс
қалыптастырудың индуктивті қағидасы қолданылады. Магниткедергілік
бастиекте магнитті ағын əрекетенен сезімтал элементтің қарсылығын
өзгерту эффектісі пайдаланылады.
Магниткедергі бастиек қалдық магниттенген түрлі белгілері бар учаске
үстімен өту кезінде өзінің қарсылығын өзгертеді. Бастиек арқылы аздаған
тұрақты өлшегіш ток өтеді жəне магниттенген зонада қарсылық өзгерген
жағдайда ақпарат оқылатын қуаттың түсуі өзгереді.
Қатты дискте жолдар бір-біріне өте жақын орналсқан, сондықтан
бастиек негзгі жəне іргелесе жолдардан сигналды оқиды, бірақ бұл
алынатын ақпараттың кедергіге төзімділігіне жəне сенімділігіне кері əсер
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |