Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет45/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107

137 
 
MDA  —  бұл  ДЭЕМ-ға  арналған  ескі  видеостандарт,  ол  720х350  
пикселді  монохромды  текст  үшін  жоғары  деңгейлі  кеңейту  процесімен 
қамтамасыз ететін текстік режимде (40 
х 
25 немесе 80 
х 
25 символдар) ғана 
жұмыс  істеді,  бірақ  графикамен  жұмыс  істей  алмады.  Видеокартаның 
небəрі 4 Кбайт видеожадтық көлемі болды. 
CGA  —  компьютерлік  ойындар  үшін  жасалған,  түрл  –түсті 
мониторлардың  алғашқы  стандарты.  CGA  графикалық  тақтасындағы 
видеожадтың  көлемі  16  Кбайт  болды  жəне  ол  монитор  мен  телевизорға 
қосыла  алды.  CGA  тақтасы  бірнеше  графикалық  жəне  текстік 
видеорежимдердің  жұмысын  қамтамасыз  етті.  Барлық  режимдер 
арасындағы  ең  жоғары  кеңейту  –  64х200  пиксел  –  екі  түс  (ақ-қара 
монохромды  режимі);  ең  жоғары  түс  тереңдігі  –  320х200  пиксел  үшін  16 
түс (4 бит). 
Келесі  EGA  стандарты  CGA  видеорежимінің  үлкен  бөлігін  қолдап, 
640х350  пикселдік  кеңеюді,  сонымен  қатар  текстік  жəне  графикалық 
режимдегі  бапталатын  палитраны  (мүмкін  болатын  64  түстен  16  түсі) 
қамтамасыз етті. 
Видеокарталар  ақпаратты  мониторға  9-контактілі  жалғағыш  арқылы 
сандық түрде жберді. 
MCGA  (MultiColor  Graphics  Adapter  —  көп  түсті  графикалық  адаптер) 
стандартының  видеоадаптері  экраны  640х400  пикселді  (мəтінмен  жұмыс 
кезінде)  жəне  бір  уақытта  256  түс  бейнеленетін  320х200  пикселді 
(графикалық  жұмыстар  үшін)  монитормен  байланыстың  аналогтық 
сигналына  көшті.  Аналогтық  сигналдарды  пайдалану  (кернеу  деңгейі 
қызыл,  жасыл  жəне  көк  түсті  əрбір  линия  бойынша  берілді)  бұдан  əрі, 
видеоадаптер  мүмкіндігімен  шектеулі  болған  түстердің  кез-келген  санын 
бейнелеуге қабілетті дисплей құруға мүмкіндік берді. 
Мониторға  қосу  үшін  қазіргі  уақытта  да  қолданылып  келе  жатқан  15- 
контактылы D-Sub жалғағышы пайдланылды. 
VGA  стандартының  видеоадаптерлері  256  Кбайт  көлеміне  ие  болды 
жəне  экран  жағынан  (көлденең  орналасқан  нүктелер  саны  олардың  тік 
орналасқан  санына  тең)  4:3  қатынасын  қамтамасыз  етті.  VGA  текстік 
режимінде  720х400  пиксел  рұқсат  етілді;  640х480  пикселді  графикалық 
режимде ол 16 түсті, 320х200 пикселді режимде 256 түсті қамтамасыз етті. 
Стандарт  VGA  ұзақ  уақыт  бойы  ДЭЕМ  дисплейлері  үшін  негізгі 
стандарт болып табылды. Қазіргі заманғы барлық видеокарталар жұмысын 
(жоғары  деңгейде  рұқсат  беретін  жəне  түстерінің  саны  неғұрлым  көп 
SVGA,  8514/A,  XGA  стандарттары  болса  да)  VGA  стандарты  қамтамасыз 
етеді 


138 
 
VGA  стандартынан  кейін  түрлі  өндірушілер  бір-бірімен  үйлеспейтін 
жоғары  деңгейлі  рұқсат  беру  қабілеті  бар  видеоадаптерлер  шығара  
бастады. 
Видеостандарт  жоғары  деңгейлі  рұқсат  беру  қабілеті  бар  8514/A 
стандарты 
VGA 
стандартының 
мүмкіндіктерін 
кеңейту 
үшін 
құрастырылды.  8514/A  стандарты  8514/A  1  024  х  768  пискелді  рұқсат 
беруді,  256  түсі  бір  уақытта  бейнелене  алатын  262  мың  түс  палитрасын 
қамтамасыз етті. 
XGA  —  ескірген  8514/A  стандартын  ауыстырған,  жоғары  деңгейлі 
рұқсат  беру  қабілеті  бар  графикалық  стандарт.  Ол  да  8514/A  стандарты 
секілді 1 024х768 пикселді рұқсат беру процесін қамтамасыз етті, бірақ бір 
уақытта көрінетін түстер саны 65 мыңға дейін артты. 
Видеоадаптерлердің  Windows  операциялық  жүйесімен  үйлесімділігіне 
қол жеткізу  үшін жəне видеорежимдерді VESA (Video Electronic Standards 
Association 
— 
видеоэлектроника 
стандартының 
ассоциациясы) 
асоциациясымен қолдау үшін рұқсат беру жəне түстер саны бойынша VGA 
стандартынан  асып  түсетін  Super  VGA  (SVGA)  стандарты  ұсынылды. 
SVGA видеоадаптерінің жады 1 Мбайттан асты. 
SVGA графикалық стандарттар жиыны рұқсат беру процесінің бұдан да 
көп градациясын (640 
х
480, 800 
х 
600, 1 024 
х 
768, 1152 
х 
864, 1280 
х 
1024, 
1600  
х  
1280,  1800  
х  
1350,  1920  
х  
1440  и  2  048  
х  
1 536)  алу  үшін 
құрастырылған . 
Бит/түс  саны:  8  бит/256  түс;  16  бит/65  536  түс  (режим  HiColor);  24 
бит/16,7  млн  түс  (режим  TrueColor);  32  бит  (24  бит  —  түс  жəне  8  бит  — 
альфа-канал)/16,7  млн  түс  (режим  TrueColor).  Альфа-канал  үш  өлшемді 
графикада  жиі  пайдаланылатын  түстердің  тұнықтығын  анықтайды.  SVGA 
стандартында  біруақытта  көрінетін  түстер  саны  тек  видеожад  көлемімен 
шектелген. 
Видеокартада  үш  өлшемді  ойынның  пайда  болуымен  30-акселератор 
енгізіледі,  бұған  дейін  видеоадаптер  тек  екі  өлшемді  графикамен  (20) 
жұмыс істеуге мүмкіндік берген. 
Кадрлық  жайма  жиілігінің  пайдаланушы  үшін  көптеген  белгілері 
болады.  Кадрлық  жайманың  мынадай  жиіліктері  пайдаланылады:  60,  72,  
75, 85, 90, 120 жəне 180 Гц.  Әдетте, VESA ұсынған 85 Гц жиілікті орнату 
жыпылықтауды болдырмайды. 
Видеокарта  өте  күрделі  құрылғы  болып  саналады,  оның  баспа  тақтасы 
жүйелік  тақтадағыдай  секілді  бірнеше  қабаты  ток  өткізгіш  сымдардан, 
тұрады жəне электронды сызбасының толық компоновкасы болады. 


139 
 
Видеоадаптердің  сызбалық-техникалық  жағынан  күрделі  болуына 
байланысты  бастапқы,  орташа  жəне  жоғары  (кəсіби)  класты  карталарға 
бөлуге  болады,  олардың  бір-бірінен  өлшемі,  өнімділігі,  жад  көлемі, 
графикалық мүмкіндіктері т.б. жағынан айырмашылықтары болады. 
Тақта  графикалық  процессорды,  видеожадты,  ядро  мен  жад  қуатының 
бөлек  қосалқы  жүйесін,  PCI  слотына  немесе  AGP  басты  тақтасына  қосуға 
арналған  интерфейсті  жалғағыштарды,  монитор  мен  телевизорға  қосатын 
жалғағыштарды  біріктіреді,  ал  кəсіби  видеокарта  үшін  –  қосымша  қуатты 
беретін жалғағыштарды біріктіреді. 
Қазіргі  видеокарталардың  негізгі  тораптарына  графикалық  процессор, 
видеожад  немесе  фрейм-буфер  (кадр  буфері)  деп  аталатын  өзінің  жады 
жəне BIOS жатады (4.7 сурет). 
Видеокартаның  маңызды  элементі  RAMDAC  (Random  Access  Memory 
Digital  to  Analog  Converter  —  жадқа  еркін  қолжетімді  сандық-аналогты 
өзгерткіш)  санды-аналогтық  өзгерткіші  болып  табылады.  Ол мəліметердің 
сандық  легін  қызыл,  жасыл  жəне  көк  түстің  ашықтығының  аналогты 
деңгейіне  өзгертеді.  RAMDAC-тың  жұмыстық  жиілігі жəне  разрядтылығы 
сурет сапасына əсер етеді. Жиілік максималды рұқсатты жəне монитордың 
кадрлық  жаймасын  анықтайды;  разрядтылық  видеокартаның  қанша  түске 
дейін бейнелей алатынын белгілейді. 
 
 
 
4.7 сурет.  Графикалық  адаптер  тақтасы  және  видеоқұрылғыны 
қосу сызбасы: 
—  баспа  тақта;  —  жалғағышы  бар  бекіткіш  жұқа  тақтайша;  —    VGA  (D- 
sub) 15-контактылы стандартты жалғағыш; — монитор; — проектор; — 
теледидар  және  видео  ойнатқыш;  7  —  S-Video  для  TV-out  үшін  S-Video 
теледидар  жалғағышы;  8  —  орнатылған  кілті  бар  тақта  жалғағышы  (AGP 
шинасы) 
 
 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау