156
Қайта таңдалған (істен шыққан) секторлар саны; жолды іздеу уақыты
жəне жинақтағышты калибрлеу поцесінің қайталану саны.
Әрбір параметрдің шектік мəні болады, онымен жинақтағыштың
жағдайы бағаланады. Көптеген SMART жинақтағыштар операциялық жүйе
көмегімен тек қалыпты жұмыс туралы ғана немесе мəліметтерді резервті
көшіру қажет екені туралы хабарлама жібере отырып, қателер туралы
хабарлайды.
Ақпараттық сыйымдылықтан басқа, дисктік жинақтағыштар дистегі
ақпаратқа қол жеткізу уақытымен жəне оны оқу жылдамдығымен
сипатталады.
Ақпаратқа қол жеткізу уақаты магнитті бастиектің қажетті жолға
орналасу уақытынан, бастиектің орналасу уақытынан жəне айналу кезінде
дисктің қажетті аумағы (сектор) бастиек бойына келу кезіндегі күту
уақытынан құралады.
Ақпаратқа қол жеткізілгеннен кейін оны біртіндеп оқу процесі жүреді,
Тез əрекет ету процесі қол жеткізудің орташа уақыты мен мəліметтердің
жіберілу жылдамдығы бойынша бағаланады.
Қол жеткізудің орташа уақыты бастиектің қажетті цилиндрге
позициялануы үшін қажетті жəне кезейсоқ таңдалған секторда жазылған
мəліметтерге қол жеткізу уақытының жиынтығымен анықталады. Қазіргі
заманғы жинақтағыштар үшін бұл уақыт 6 мс құрайды.
Мәліметтерді жіберу жылдамдығы жинақтағышпен уақыт бірліген
берілген (қабылданған) мəліметтер көлемімен анықталады. Оның артуы
үшін көптеген жинақтағыштар да орнатылған кэш-жад болады, олардың
өлшемі бірнеше ондық мегабайтқа жетеді. Дисктің кэш-жады озық үлгідегі
оқуды, тек талап етілген сектор бойынша ғана емес, сонымен қатар осы
сектордан кейінгісімен де қабылдау арқылы орындалады, себебі көп
жағдайда (дефрагменттелген жинақтағыштарда) өзара байланысты
мəліметтердің файлы көрші секторларда сақталады.
Жинақтағыштардың тез əрекет етуі көптеген факторларға байланысты:
дисктің айналу жиілігіне, бастиек тің айналдыру жүйесінің жылдамдығына,
жолдағы секторлар санына жəне мəліметтердің орналасу орнына. Дисктің
айналу жиілігінің өссуімен мəліметтерді ауыстыру жылдамдығы да арта
түсуде, өйткені бастиекті белгіленген секторға орнату қолжеткізудң азырақ
уақытымен жүзеге асырылады.
Қатты дисктегі жинақтағыштардыңMTBF (Mean Time Between Failure)
тоқтамайтын жұмыстың орташа уақыты өндірушілер арқылы немесе
есептеу жолымен, немесе көптеген дисководтарды ұзақ уақыт
статистикалық сынау негізінде анықталады.
157
4.2.7.Оптикалық дисктердің дисководтары
Барлық оптикалық дисководтар 120 мм стандартты дисктерді пайда-
лануға есептелген, 5,25 дюмді горизонталды өлшеммен шығарылады.
CD жəне DVD жинақтағыштарының бірдей электромеханикалық
құрылғысы болады, жартылай өткізгішті лазерден, бөлгіш призмалары бар
оптикалық жүйеден, серводвигательден, дискті айналдыру двигателінен
жəне басқару тақтасынан тұрады (4.15 сур.).
Ақпаратты оқу айналатын дисктің металл қабатынан шағылысатын
лазер сəулесінің тербелісін тіркейтін үрдіс ретінде қаралады. Диск лазерге
қатысты сағат тіліне қарсы бағытта айналады. Лазер оптикалық жүйе
ккөмегімен фоксталған сəуле жарығын дисктің төменгі бөлігіне жібереді,
ал жарыққа сезімтал фотодетектор шағылысқан сəулені ұстап тұрады.
Лазер сəулесі бөлгіш призмалар арқылы синхронизация үшін
фотоқабылдағышқа шағылысады жəне айна мен фокусталатын линза
арқылы дискке түседі.
Компакт-дисктерді дайындау барысында пайдаланылатын поликар-
бонатты пластмасса ауа кеңістігінен өзгешелігі бар, Диск шеңберіндегі
толқындардың қысқаруына алып келетін жарықтың сыну коэффициентіне
ие. Сөйтіп, жарық қоршаған ортаға қарағанда, диск негізі арқылы баяуырақ
өтеді.
4.15 сурет. Дисководтың оптикалық жүйесінің сызбасы:
1 — оптикалық диск; 2 — фокустайтын линза; 3 — фотоқабылдағыш линза; 4
— фотоқабылдағыш; 5 — лазер; 6 — бөлгіш призмы; 7 —шағылыстыратын
айна
158
Себебі, жарықтың жиілігі тұрақты, шағылысқан жарық толқынының
ұзындығы
синхронизациялаудың
бастапқы
сəуле
толқынының
ұзындығымен салыстырғанда азаяды. Бұл толқындар ұзындығындағы
айырмашылық ақпаратты бөлу үшін пайдаланылады.
Айна мен линзаның қалпы орнатылған микропроцессордан түсетін
командалар бойынша серводвигательді басқарады.
Алаңға түсетін лазер сəулесі (жолдың жалпақ беті)металл қабаттан
керісінше шағылысады; өз кезегінде жолдар штрихында пайда болған сəуле
қайтадан
шағылыспайды,
яғни
штрихтар
шағылысқан
сəуленің
қарқындылығын фотоқабылдағышта модульдейді.
Фотоқабылдағыш штрихтердің жəне спиральді жолдағы алаңдарда
орналасқан жеріне байланысты болатын жарық жарқылын электрлк
сигналға айналдыра отырып, бірізділігін тіркейді. Лазердің шағылысқан
сəулесінің əрбір өзгеруі штрих жəне алаң қиылысында (ашық-күңгірт жəне
күңгірт-ашық) 1 мəнді ақпарат битіне өзгереді. Сондықтан мəліметтер биті
фотоқабылдағыштың жоғары жəне төмен деңгейлі сигналдары арасындағы
өткізгіш ретінде оқылады.
Дискте белгілі бір секторды іздеу кезінде жинақтағыш мəліметтер
адресін компакт-дисктің нөлдік жолына апарады, бұдан кейін лазер сəулесі
биттің қажетті реттілігін белгілеу үшін спиральдің қажетті орамына
ауыстырылады.
Типтік CD дисководында лазер сəулесінің толқын ұзындығы 780 нм
болса, ал DVD құрылғысында шамамен 650 нм болады (жазудың жоғары
деңгейдегі тығыздығын қамтамасыз ету үшін).
Компакт-дисктерде пайдланылатын алюминді жабындылар ұзындығы
қысқа толқындары бар лазер сəулесін жақсы шағылыстырады, бұл DVD
жинақтағыштарына CD- ROM дискілерін оқуға мүмкіндік береді, бірақ CD-
R
немесеRW
дискілерін
оқымайды.
Сондықтан,
универсалды
жинақтағыштарда олардың оқылуы үшін өзіне толқынының ұзындығы 650
жəне 780 нм лазерді біріктіретін, қосарлы оптикалық жүйелер қолданыла
бастады.
Оптикалық диск жүктемесі үшін дисководтың беткі панелінде (4.16
сур.) жылжымалы механизм – 120- жəне 80-миллиметрлі дисктерді
орнатуға арналған, шоғырласқан екі тереңдігі бар жүктеме лотогы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |