159
4.16 сурет. DVD дисководының типтік беткі қабат панелі:
1 — дисктерді жүктеу лотогы; 2 — аудиошығу жалғағышы; 3 — дыбыс
қаттылығын реттеуші; 4 —дисковод істен шыққан немесе қуат жоқ кезде
лотокты апаттық түрде ашуға арналған ойық; 5 — қолжетмділік индикаторы;
6 — лотокты ашу кнопкасы
Ұяшықты шығу жалғағышы мен дыбысты реттегіш құлаққап арқылы
дыбысты дисктерді тыңдау үшін дисководтың беткі панеліне шығарылған.
Ноутбуктерде дисктің жарықты жүктемесі бар желілерді кездестіруге
болады,
олардың
лотокты
түрімен
салыстырғанда
бірнеше
артықшылықтары бар: жылжымалы механикалық детальдері болмайды,
физикалық зақымдалудан жақсы қорғайды. 80-миллиметрлік дисктерді
пайдалану мүмкіндігінің жоқтығынан жəне жоғары деңгейдегі шулы болу
əсерінен оларды пайдалану шектеулі. Оригиналды конструкциялы
ноутбуктерде өте сиреу вертикалды жүктемелі дисковод қолданылады
(дисктің орнатылатын жеріне қолжетімділік желінің жоғары қақпағының
көтерілуімен жүзеге асады).
Дисковод зақымдалған жағдайда DVD-диск қолмен шығарылады:
сымды (мысалы, скрепка) дисковод ойығына басу керек, сонда панель
ашылады (4.17 сур.).
Оптикалық дисководтардың мəліметті жіберу жылдамдығы дисктің
айналу жылдамдығымен жəне сақталып тұрған мəліметтер көлемімен
анықталады.
Мәліметтерді жіберу жылдамдығы Nx еселік коэффициентті дисктің
айналу жылдамдығымен байланысты. Еселік коэффициенті, мəліметтерді
жіберу жылдамдығы CD-ROM үшін 150Кбайт/с-ға, ал DVD-ROM үшін
шамамен 1,4 Мбайтқа тең қалыпты жылдамдықтан (1х) қанша рет асып
кеткені
дисковод
маркасында
көрсетіледі.
Қазіргі
оптикалық
жинақтағыштарда Nx коэффициентінің жұп белгілері болады жəне 52-х
(52x) дейін жетеді.
160
4.17 сур. Штаттан тыс жағдайлар кезінде дисководты ашу:
1 — дисковод лотогы; 2 — ойық; 3 — сым; 4 — лотокты ашу кнопкасы
Алғашқы кездерде дисководта мəліметтерді жолдың барлық бойымен
оқудың жəне жазудың тұрақты жылдамдығы пайдаланылды. Оқудың
тұрақты жылдамдығын қамтамасыз етіп тұру үшін, мəліметтер CD-дискке
CLV технологиясы бойынша жазылды (Constant Linear Velocity — тұрақты
линиялық жылдамдық). Бұл дисктің айналу жылдамдығын белгілі
заңдылық бойынша өзгертуді талап етті, яғни лазер сəулесін жол орамдары
бойынша ауыстыру кезінде – ақпаратты ішкі жолдардан оқу кезінде диск
тезірек айналуы, ал сыртқы жолдардан оқу кезінде баяу айналуы тиіс.
Мəліметтерді оқу жылдамдығын арттыру үшін CAV (Constant Angular
Velocity — тұрақты бұрыштық жылдамдық) технологиясы пайдаланылды.
Мұндай жағдайда, жолдар орамдардың дискіде орналасу ретіне қарай
өзгеретін
жылдамдықтағы
лазермен
оқылады.
Диск
тұрақты
жылдамдықпен айналатын болса, диск шетіндегі жолдар орталықтағы
жолдарға қарағанда тезірек оқылады.
Қазіргі жоғары жылдамдықты, қайта жазатын дисководтардың
тиімділігін арттыру үшін бұл технологиялар келесі процестерді біріктірді:
жазу процесі кезінде жинақтағыш CLV режимінде, ал мəліметтерді оқу
кезінде CAV режимінде жұмыс істейді.
Оптикалық жинақтағыштар үшін мәліметтерге қолжетімділік уақыты
қатты дисктегі секілді анықталады. Ол команданы алу жəне оқу кезі
арасындағы іркіліске теңеседі жəне 70 мс.аспайтын 52-жылдамдықты
дисковод құрады.
Көптеген CD/DVD дисководтарында сыйымдылығы 8 Мбайт кэш-жад
болады, ол мəліметтер алмасудың тұрақты жылдамдығын жəне жазудың
біркелкі орындалуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта барлық
компьютерлерде процессор жүктемесін азайтатын, ОЕҚ-на тікелей
қосылатын контроллер орнатылады.
161
Бағдарламалық файлдар жəне мəліметі бар файлар сенімді ақпаратты
қамтуы тиіс болып, ал оптикалық дисктер зақымдалудан нашар қорғалуына
байланысты, жинақтағыштарда анықтаудың күрделі алгоритмі мен
қателерді түзету бағдарламалары пайдаланылады. Сондықтан, оптикалық
дисктің барлық көлемінің біраз бөлігі (10 % аз емес) дұрыс оқылмаған
мəліметтерді анықтап, түзетуге мүмкіндік беретін қосымша ақпараттарды
қамтиды.
Кодтаудың қазіргі əдістері зақымдалған мəліметтердің орнын қалыпқа
келтіру мүмкіндігіне ие.
R/RW оптикалық дисктеріне жазу оның ортасындағы ойықтан, жоғары
қуатпен жұмыс істейтін лазермен басталады. Қайта жазатын RW
дисктерінің технологиясы ақпаратты тек жазуға ғана емес, сонымен қатар
оны өшіруге де мүмкіндік береді.
Дисководтар бір сессиялық (бір реттік) жəне көп сессиялы (көп реттік)
жазу режимдерімен жұмыс істейді.
Сессия бір жазу процесін белгілейді жəне соңғы зонамен біткен, яғни
жазу аяқталған бір немесе бірнеше ақпараттық аумақтар ілесіп жүретін
нөлдік зона болып саналады. Соңғы зона дисктің ақпараттық аумағының
соңын немесе дискке көп рет жазу сеансының аяқталғанын белгілейтін
маркер болып табылады.
Бірнеше сеанстар бойы жазылған дисктер өзіне, жазудың əрбір сенасы
басталатын бірнеше нөлдік жолдарды қамтиды.
Көпсессиялы диск өзінің нөлдік зонасы, мəліметтер аумағы жəне
аяқталған жазудан тұратын бірнеше сессияны (автономды жазулар)
қамтиды. Нөлдік жəне соңғы зонаның болуы əрбəр сессия үшін міндетті
болып табылады, өйткені ол үшін айырып білу (распознавание) жұмыс
істейді. Нөлдік зонадағы ақпарат бұл диск көп сессиялы екендігін анықтап,
дисктің келесі сессиясының адресін көрсетеді. Сессиялық жазбалар бір-
бірінен уақыттық интервалмен бөлінеді.
Көп реттік жазуды орындау кезінде əрбір сессия қосылған жəне
өшірілген лазерлі жеке сеанстармен жазылады, бұдан кейін диск
жабылады, бұл жаңа сессия жазу мүмкін емес екенін білдіреді. Қосымша
сессияларды жазу қажет кезінде диск жабылмайды, сондықтан жолдарда
бос сыйымдылық болған жағдайда, жаңа (келесі) мəліметтер қосу
мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Бірсессиялық жазу кезінде нөлдік зона, мəліметтер аумағы жəне соңғы
зона лазер өшірілмей, бір операция бойынша жазылады, бұдан кейін тіпті
бос орын бар болған жағдайда да, жаңа ақпарат қосу мүмкін болмайды,
себебі нөлдік зона келесі сессияның адресін қамтымайды.
Достарыңызбен бөлісу: |