94
Солтүстік көпірлердің кейбір түрлері екі процессорлы конфигура-
цияның жұмысын қамтамасыз етуі мүмкін. APIC екі ядролы процес-
сорларда оның əрбір ядросының бағдарламалық үзілуі синхрониза-
цияланады.
DMA (ПДП) бақылаушысы ақпараттарды жүйелік шина бойынша,
оңтүстік көпірден, процессор жұмысын үзбей ОЕҚ-на тез жіберуді
орындауға қатысты өңдеу жұмыстарымен айналысады. DMA бақылаушысы
ОЕҚ мен енгізу-шығару бақылаушысы арасында ақпаратты автономды
алмасу орындауға процессор арқылы бағдарланады жəне бұл процеске
қатыспайды.
Контроллер AGP бақылаушысы ДЭЕМ-ның жүйелік жадысына графи-
калық адаптердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді жəне қазіргі 3D-жыл-
дамдатқышына тек видеокартаның видеожадысын ғана емес, оперативті
есте сақтау құрылғысының бөліктерін де пайдалануға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары AGP 4 режимін ұстап тұратын жəне 64 Мбайтқа дейінгі
видеожадысы жəне 128 разрядты видеобақылағышы бар солтүстік көпірге
орнатылған чипсеттер шығарыла бастады.
Кейбір солтүстік көпірлер арасында, пайдаланылатын процессорлар
номенклатурасынан басқа, қандай да бір елеулі функционалды айыр-
машылықты табу қиын.
Оңтүстік көпір интерфейстермен USB жəне толықтырғыштарды
басқаруды жүзеге асырады, өзінің құрамында ACPI, ISA-PCI шина
адаптері, жұмсақ дисктердің бақылауышы, клавиатура жəне тінтуірі
болады. Бұл функциялар əрдайым түрлі өндірушілер шығарған оңтүстік
көпірлердің микросызбасы үшін базалық болып табылады. Мұнымен қатар,
көпір құрамына мəліметтерді қосарлау функциясы бар, қатты дисктің екі
бақылауышы да кіруі мүмкін. Кейбір өндірушілер оңтүстік көпірге Ethernet
желілік адаптерін, көп портты USB бақылаушы, модем жəне тіпті, жоғары
сапалы дыбыс түрлендірушісін де қосады.
ДЭЕМ-да хабтық деп аталатын жаңа құрылымға көшу кейде
микросызба жиынын бір-біріне байланыспай жұмыс істейтін үш функ-
ционалды компоненттен құрастырудың қажеттілігін тудырады. Мұндай
жағдайда оңтүстік көпірге жүйелік логикаға жататын, Super I/O енгізу-
шығару микросызбасы қосылады. Хабтық архитектура PCI шинасының
жұмысын жеңілдетіп, тіпті оның өткізгіштік қабілетін екі есеге арттырады.
Кейде өндірушілер бірізді жəне параллельді порттардан бас тартқан
жағдайда қатты дисктің бақылаушы солтүстік көпірге ауыстырылады,
сөйтіп оңтүстік көпірсіз жүйелік тақтаның мəселесі осы əдіспен шешіледі.
Қазіргі уақытта солтүстік көпір функцияларының процессор кристалына
бірігу үрдісі орын алып тұрғанда, ДЭЕМ конструкциясы қайда тасымал-
данатынын елестетудің өзі мүмкін емес.
95
3.2.3.Жад құрылғысы
ДЭЕМ-да ақпараттарды сақтау үшін түрлі тағайындамалары, сыйым-
дылығы, тез əрекет етуі жəне сақталатын ақпараттың бірлігіне аппаратты
жұмсалуы бар оперативті жəне ұзақ уақытты жады құрылғылары
пайдаланылады. Бұрын белгіленгендей, компьютерді құрудың магистральді
модульді қағидасы иерархия деңгейі бойынша барлық есте сақтау
құрылғыларын, олардың орналасу орны мен орындайтын міндеттеріне
байланысты бөлу үшін ойластырылған, себебі деңгейі қаншалықты жоғары
болса, жадтың көлемі соншалықты аз жəне тез əрекет ету деңгейі жоғары
болады (процессор регистрі, кэш, ОЕҚ, магнитті толықтырғыштар).
Ереже бойынша, ДЭЕМ-ның есте сақтау құрылғылары процессордың
жалпы адрестік кеңістігінде болады, олар түрлі иерархия деңгейіне
қатысты болып келетін есте сақтау құрылғылары арасында ақпараттың
автоматты түрде ауысуын қамтамасыз ететін бірыңғай жадыны
құрастырады, ол виртуалды жад деп аталады.
Виртуалды жадты пайдалану бағдарламалар құру процесін, есте сақтау
құрылғыларының бір-бірімен жəне түрлі жинақтағыштарда (накопитель)
орналастырылған мəліметтермен өзара əрекетін айтарлықтай жеңілдетеді.
ДЭЕМ-да есте сақтау құрылғыларының түрлі функцияларын атқаратын
бір-бірімен байланысты техникалық құралдардың толық жиыны
пайдаланылады. Олардың жадтары ДЭЕМ-да орнату жəне қосу орны
бойынша жайғастырылатын ішкі, сыртқы жəне перифериялық болып
бөлінеді (3.10 сурет).
Ішкі жад. Ішкі жадқа ОЕҚ, кэш, CMOS, РТЕҚ, ТЕҚ жатады. Ішкі жад
бірыңғай қағида бойынша құрылады.
3.10 сурет. ДЭЕМ-ның есте сақтау құрылғыларының түрлері:
SSD (solid-statedrive) —жартылай өткізгішті [қатты денелі] энергия қажет
етпейтін қайта жазылатын жинақтағыш
96
3.11 сурет. Матрицалық есте сақтау құрылғысының құрылым-
дық сызбасы
Есте сақтау құрылғысының (ЕҚ) базалық бөлігі (регистрлік құрылымы
бар кэш-жадыны қоспағанда) жадтың барлық ұяшықтары екі өлшемді
массивке біріктірілген матрица болып саналады (3.11 сурет).
Жадтың матрицалық құрылымы адрес дешифраторымен екі бөлікке
(координатқа): қатар жəне бағанға бөлінген кезде, ЕҚ-нан қажетті ұяшықты
таңдаудың
координатты
қағидасымен
жоспарланады.
Координат
қиылысында, талап етілген ақпараты бар (мысалы, байт немесе машина
сөзі) жад элементі болады. Адрестік шинадағы линиялардың саны
қолжетімді жад көлемін анықтайды. Жадтың максималды сыйымдылығы 2
n
тең болады, n – адрес шинасындағы линиялар саны.
Әрбір адреске ақпарат битінің саны ЕҚ-да пайдаланылатын енгізу-
шығару линиясының бірдей санына сəйкес келеді. Жалпы жағдайда,
жадтың микросызбасындағы мəліметтер шинасының ені əр түрлі болып
келуі мүмкін, əдетте
х
8/
х
16/
х
32.
Басқару шинасымен ақпаратты оқу/жазуды қамтамасыз ететін сигнал
жəне тактілік синхронизация сигналдары беріледі.
Оперативті есте сақтау құрылғысы (ОЕҚ), немесе RAM (Random
Access Memory — еркін қол жетімді жад) ДЭЕМ-ның жүйелік жады (негізгі
немесе басты) болып табылады. ОЕҚ процессордың ағымдағы
бағдарламаларды орындауына қажетті командалар мен мəліметтерді
уақытша сақтау үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |