2. «Батысшылар» ағымындағы (вестернизм) күштердің ойынша, ұлттық құндылықтар дегеніміз - артта қалушылықтың, надандықтың, ыдыраудың символдары. Сондықтан тезірек Батыс құндылықтарын өмірге енгізіп, қабылдау қажет. Сонда ғана, Шығыс елдері дәуірдің қойған талаптарына сай келіп, «жалпыадамзат цивилизациясына» қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетістік-терімен теңестіреді.
Ал дін мәселесіне келер болсақ, олар оны «әр адамның ар-ұжданының ісі, таңдауы» деген пікірде. Қазіргі уақытта дін мемлекеттен бөлінуі керек. Білім беру саласында жастарға «ағарған тәлім-тәрбие беру қажет». Осының негізінде қазіргі ғылым мен техниқаның жетістіктерін игеріп, өмірде кеңінен қолдануға мүмкіндік алуымыз керек деген пікірді таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |