Д. Юм және оның сындық скептицизмі
Давид Юм (1711-1776 жж.) - ағылшын философы. Негізгі еңбегі «Адамның табиғаты жөніндегі трактат». Бүл еңбегінде Д.Юм барлық ғылымдардың іргетастарының тұрақсыздығын және білімі бар оқыған, білімді адамдардың сол кездегі философияға қанағаттанбайтынын көрсетеді. Ал оның негізгі себебі, Д.Юмнын ойынша, адамның табиғатының терең зерттелмегенінде.
Адамның дүниетаным мүмкіндіктері қандай? Д.Юм қайсыбір философияның негізгі мәселесі осы болуға тиіс деген пікірге келеді. Ол дүниетануда бірінші және екінші сапалар қағидасының құндылығын мойындамайды. Тек қана сезімдік қабылдау адамның дүниетанымының негізінде жатыр. Олай болса, ол - философиядағы сенсуализм бағытының өкілі. Бірак Д.Юмның ерекшелігі ол сезімдік танымнан метафизикалық, яғни ең жалпы дүние жөніндегі қағидаларды тудыруға болмайды деген пікірге келуінде.
Егер өзінің философиясының негізін Д.Беркли Құдайға әкеліп тіреген болса, Д.Юм «материя» ұғымы сияқты, Құдай идеясының өзін біз дәлелдей алмаймыз деген ойға келеді. Бізге берілген - тек қана түйсіктер мен олардың әртүрлі байланыстары. Олай болса, философияның негізгі мақсаты - түйсіктердің өзара байланыстары арқылы берілетін идеялардың алғышарттарын зерттеу ғана.
Олай болса, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар - объективті өмір сүріп жатқан «мән», я болмаса тәжірибеге дейін берілген «идея» (аргіогі) емес, өзінің эмпириялық, яғни тәжірибеден шығатын мазмұны бар ассоциациялар. Мысалы, таныс адамның суреті өзінің ұксастығымен ол жөніндегі біздің идеяларымызды оятуы мүмкін.
Екіншіден, ол - кеңістік пен уақыттың шеңберіндегі қатар пайда болатын ассоциациялар. Мысалы, егер үйден бірнеше шақырым ғана алшакта болсак, жақындарың жөніндегі ассоциациялар мыңдаған шақырым алшақтыктан гөрі анағұрлым айқын.
Үшіншіден, танымдағы көп кездесетін ассоциациялар себептілікке негізделген. Себептік, Д.Юмның ойынша, Дүниедегі заттардың арасындағы карым-қатынастан пайда болады. Себептік іс-әрекеттен алда болуы қажет. Бірақ ол себептіктің іс-әрекетті тудыратынын мойындамайды, оны біз дәлелдей алмаймыз. Сонымен, Д.Юмның ойынша, себептік дегеніміз тек қана бірінің артынан бірі келетін сезімдік әсерлер, алдыңғысын біз себеп, соңғысын іс-қимыл дейміз.
Осылайша қоғамның моральдық саласына да қарауға болады. Ол да күнделікті өмірде қалыптасатын ассоциацияларға негізделеді. Солар арқылы біз жанымыздағы адамдардың жан дүниесін сезініп, оның қайғысын, я болмаса куанышын бөлісеміз, -дейді ағылшын ойшылы.
Достарыңызбен бөлісу: |