Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 6. Философияның негізгі функциялары



жүктеу 5,05 Mb.
бет13/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 6. Философияның негізгі функциялары

( functio-латын сөзі,орындалу жасалу,істейтін қызметі)

Жоғарыда көрсетілгендей, философия - ғылым мен өнер салаларына ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің әртүрлі кырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа өмір бағытын іздеудегі талпыныстарьнда философияның орнын асыра бағалау қиын.



Философия Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл - осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.

Әрине, қайсыбір адамның да Дүниеге деген көзқарасы бар. Ол тұрпайы, фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе рухани жағынан алғанда, пісіп-жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен. Оны олар «акме» деп атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған Дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен катынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ өз-өзіне тағы да ашуы мүмкін.

Алайда, бүгінгі таңда, қазақ мемлекеті жаңа ғана қалыптасып, өзінің күшіне кіріп жатқан уақытта, бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен мемлекеттерге есігімізді кең ашып жаткан шағьмызда, өз келбетімізді сақтап қалуымыз үшін (оны ғылымда идентификация дейді, біз дүниежүзілік философияны зерттеп, қазақ халқының дүниетанымы онда қандай орын алатынын анықтауымыз керек. Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани дағдарысы неде, қаншалықты биік дәрежеге ғыльм мен техника көтерілгенмен, қазіргі миллиондаған адамдар өздерін неге бақытсыз сезінеді, біз өзіміздің реформаларымызда қандай елдердің тәжірибелерін үлгі ретінде алуымыз керек және оларды өзіміздің ерекшеліктерге сай етіп пішуіміз керек деген т.с.с. сұрақтарға жауап беруіміз керек. Бұл сұрақтарға жауап жеке адам, я болмаса бүкіл қоғамның болашақ тағдырына әсерін тигізбей қоймайды. Ал олардың бәріне де терең жауап беру философия арқылы болмақ, өйткені олардың бәрі де - Дүниеге деген көзқараспен байланысты мәселелер.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі көп қиындықтар, тіпті қателіктер, біздің өмірді жаңарту жолындағы үстірт еліктеу, қайсыбір ақиқаттың нақтылығын ұмыту, жалпы алғанда, біздің жаңа қалыптасып жатқан саяси және экономикалық элитамыздың философиялық дайындық дәрежесінің тайыздығымен, интеллектуалдық элитаға мән бермеумен көп жағдайда байланысты болып отыр. Әрине, сонымен қатар көп мәселелердің түп-тамыры біздің соңғы ғасырлардағы бодандығымызға кетеді. Бірақ оған қаншалықты сілтей береміз?

Дүниеге деген терең философиялық көзқарас әсіресе біздің жастарға керек. Өйткені жастар - елдің болашағы. Философияны терең оқып-білген адамның ғана Дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі болып жатқан шым-шытырық тартыс, қайшылықтардың мәнін аша алады. Олай болса, өз өмірінің мән-мағынасын жете түсініп, осы өмірде өзінің шынайы орнын ала алатын болады.



Философияның келесі функциясы оның әдістемелік қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады. Әртүрлі әдістер жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.

Бірде-бір таным, әсіресе философиялық, қайсыбір саналы адамның іс-әрекеті белгілі бір әдістерсіз, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктерсіз болуы мүмкін емес. Жаңа Дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф.Бэкон адамның дүниетанудағы колданатын әдістерін қараңғыда жол көрсететін шамшырақпен салыстырған болатын. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов: «Ғылымда қолданатын әдістермен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығыз байланысты. Жақсы әдістер аркылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын әдістер нашар болса, онда данышпан ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын жұмсайды», - деген болатын. Француз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа жеткізген жолды сол жаңалықтың өзінен кем емес екендігі туралы пікір айтқан.



Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттегеннен кейін, олардың әдістемелік қызметі объективтік шындықтың универсалды модельдерін жасау арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың орнын, зерттеуге керек таным кұралдарын категориялар, заңдар, принциптер, ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе гуманитарлық пәндерді зерттеуде философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық бағытты анықтаудағы қызметін асыра бағалау өте қиын. XX ғасырдағы ғылым мен техниканың өте тез дамуына байланысты философияның әдістемелік кызметінің де мәні өсуде.

Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші жағынан, әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық» пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принциптердің негізінде ғана іске аспақ.

Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін, келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни ол - философия тарихы.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау