Әлеуметтік-философиялық, саяси идеялар
Адам - бақытты өмірге ұмтылатын пенде. Ізгілік, жақсылық дегеніміздің бәрі - адамды рақатқа, қуанышты сезімге әкелетін нәрселер. Жамандық пен залымдық дегеніміз - ол адамға зардап, қайғы, өкініш әкелетіннің бәрі. Адам бақытты болуы үшін, ең алдымен оның материалдық мүдделері іске асуы қажет.
Т.Гоббс сияқты Дж.Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ахуалы жөнінде айтады.
Табиғи жағдайда адамдар ерікті, тең, бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді. Табиғи ахуалдағы адамдардың өзін-өзі сақтау жолында еңбек етіп, белгілі бір байлықтардың қайнар көзін ашатындығын Дж.Локк басым айтады. Сонымен ол меншік мәселесін табиғи Жағдайдағы адаммен өзара біріктіріп, оны қоғамның мәңгілік мәселесі ретінде қарайды.
Құдай адамға бүкіл өлі және тірі табиғатты бергенмен, олар өзінің ең пайдалылығын жекеменшікке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншіктін өзі әуеден түспейді, оған тек кана еңбектің негізінде жетуге болады. Еңбек пен меншік коғамның, бұкіл мәдениеттің негізін құрайды. Бір акр өңделген жер сол көлемді өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе кымбат, өйткені өңделген жерге адамның еңбегі сіңген. Еңбек - қайсыбір құндылықтың, бағаның қайнар көзі.
Мемлекет мәселесіне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа байланысты. Мемлекетпен бірге азаматтық ахуал пайда болады. Табиғи ахуалдан азаматтыққа өткенде, адамдардың еріктігі мен қолындағы меншігі сақталуы қажет.
Мемлекеттің негізгі мақсаты - азаматтардың меншігін қорғау. Мемлекет түнгі қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндіз азаматтар өздерінің меншігін өз еріктерімен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың іс-әрекеттерінің заңға сәйкестігін қадағалап отыруы қажет.
Дж.Локк алғашқылардың бірі болып, өзінің саяси философиясында өкімет билігінің бөлінуінің қажеттілігін көрсетті. Заң билігі парламентте, атқару билігі сот пен армияда, федеративтік билік (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату) король мен үкіметтің қолында болуы қажет.
Дж.Локк өз заманының ойшылы ретінде діннің мемлекеттен бөлінуін, бір-бірінің істеріне өзара қол сұқпау керектігін басым көрсетеді. Адамдар басқалардың да дінін сыйлауы қажет, бұл салада үлкен төзімшілдік керек, өйткені қайсыбір қоғам діни-рухани тірексіз өмір сүре алмайды.
Міне, осымен XVII ғасырда өмір сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесі сөзді XVIII ғасырға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |