Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет280/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі

Өмірдің өліммен аяқталатынын әрбір адам біледі. Бұл Дүниеге келгеннен кейін уақыты келгенде кету керек. Ол бізге тәуелді емес, қолымызда тұрған жоқ, ол табиғи заңдылық. Адамзаттың мыңдаған жылға созылған өмір тәжірибесі бірде-бір өлген адамның тіріліп, өмірге қайта келгенін көрсеткен жоқ.

Әсіресе жақын адамдардың бұл дүниеден кетуі біздін жан-дүниемізде ауыр жаралар қалдырады. Енді біз оларды ешқашанда көре алмай, іштегі сырымызды айтып, бірге қуанып, сонымен бірге қайғы-қасіретімізді бөлісе алмаймыз. Бәрі де өткен шақтың қойнауына кетті. Сол сәтте біз өзімізді де сондай тағдыр күтіп тұрғанын үрейлене аңғарамыз.

Сонымен қатар біз ақыл-ой таразысына «мәңгілік өмір сүру» мәселесін салсақ, онда оны адамға берілген ең ауыр жаза екенін байқауға болар еді. Өйткені егер адам шексіз өмір сүре берсе, онда оның еш мән-мағынасы болмай қалады. Шексіз өмір жөніндегі ой өрісі бүгінгі күннің ашынған өзекті мәселелеріне немқұрайды қарауды тудырып, қоғам өмірі мелшиіп, бір орнында тұрып қалар еді.

Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағынасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Өйткені өмірді ешқандай байлыққа сатып алуға болмайды, бірақ оның бір ғана өлшемі бар, ол - «Ұлы мәртебелі Табиғаттың» (я болмаса, егер адам сенімде болса -Құдайдың) әр адамға берген өмір жасы, яғни уақыты. Бұл дүниеде бірде-бір жасалған ұлы нәрсені істеген адамдар, әрине, өз өмірінің шектелгенін біліп, сондықтан асығып, «соны үлгірсем екен» деген ой-үмітпен оларды аяқтады емес пе?! Егер ол мәңгілік өмір сүрсе, сол ұлы істерді бастамас та еді ғой!! Антик дәуіріндегі стоиктер: «Өлімді есіңнен шығарма!» - деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылық өмірде байқалмайтын кішігірім нәрселерге көніл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі.

Бұл Дүниеде қайсыбір тіршілік формасы, — соның ішінде адам да, - бір ұрпақты екінші ұрпақпен ауыстырып, өз өмірін жалғайды. Табиғаттың «даналығы» - осында. Соның арқасында алға өрлеу, даму бар.

Әр адам өлімді адамның жүрегі мен тынысы тоқтап, санасының өшуімен теңейді. Дегенмен де адамның кейбір жақтары әлі де болса талай күндер тіршілік жасайды. Мысалы, адамның сақал-мұрты, шашы, тырнақтары дене толығынан шіріп біткенше өсе береді... Егер адамның жүрек қысымы өсіп, оның миына қан құйылса, ол ешкімді танымай, өзіндік санадан айырылғанмен, талай айлар төсек тартып, тірі болып қала беруі мүмкін. Бірақ ол тұлғалық қасиеттерден толығынан айырылды. Кейбіреулер ондай адамға «тірі өлік» (живой труп) деген ат береді... Уақытында ұлы Платон: «Философия ғылымы бізді абырой -мен өлуге үйретеді», - деген болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер өмірінің жартысын «гүлге қонған көбелек» сияқты өткізіп, қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға істей бастайды. Бірақ көп жағдайда «Ұлы мәртебелі Табиғат» оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында бұлқан-талқан болып, бүкіл ағайын-туғандарын аяқтарынан тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа салады. Ондай адамға өлер алдында «Әттең-ай!» деген өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден кетеді.

Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүниесінің мәңгі өмір сүретініне деген үміттеніп өмірмен қоштасады.



Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, әр сәттен ләззат алудан басқа еш нәрсе жоқ деген өмірлік бағыт ұстайды. Бірақ оқтын-оқтын мешітке барып (кім біледі, мүмкін Алла тағала бар шығар деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады) садақа беріп, дұға оқытады. Бірақ бәрібір ол болашақ өлімнің мұздаған лебінен құтыла алмай, жаны түршігеді.

Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға келсек, ол өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды.

Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып, өмірдің шаттығын да, зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тән із қалдыру жолында бар күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден шаршаған сияқты сезіммен келеді. Ол өз өмірін толығынан аяқтады. Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған армандар болғанның өзінде, ол оны табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол - нағыз адам. Ондай адам көп жұрттың есінде мәңгілік қалады.



Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде «ауто-назия» (ауто - өзім, назия - өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс әдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне жақындатып «эвтаназия» дейді. Әнгіме адамның өз еркімен коғамның көмегі арқылы бұл дүниеден кетуі. Яғни оның «суицидтен» өзін-өзі өлтіруден айырмашылығы - ол қоғамның рұқсаты және көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік ләззат алу өмірбағытын ұстаған Батыс адамы өмірінін соңында да еш зардап шекпей, бұл өмірден тәтті ұйқыға шомып кете барғысы келеді. Енді бұл мәселені біз де талдап көрелік.

Бір қарағанда бұл мәселені Батыс цивилизациясының гуманистік даму жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді. Расында да, егер адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я болмаса қартайып, қолынан күш кетіп, ешкімге керек болмай қалған т.с.с. жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге көмектессе де болатын сияқты.

Бірақ мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі терең интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген әр адам Иса пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде-бір адам өмір соңында «қайғылы үштікті» (зардап, күнә, өлім) аттап кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі, қоршаған адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір зардаптарынан өту - адам рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан дүниесін тазартып, адамның абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды.

Мәселеге философиялық тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ, сондықтан ешкімнің де адам өмірін қиюға (соның ішінде адамның өзін-өзі де) құқы жоқ.

Аутоназияның моральдық-құқтық жағына келер болсақ, ғалымдардың айтуына қарағанда, заңды түрде оны өмірге енгізгенде, неше түрлі басқа теріс салдарлар пайда болуы мүмкін. Мысалы, адамның дене мүшелерін сату, екіншіден, адам жүрегіне үрей салып өмірден кету жөнінде шешімге келуге мәжбүрлеу т.с.с. келеңсіз жағдайлардың пайда болуы ғажап емес.



Бүгінгі таңда тек Голландия елінде парламент деңгейінде аутоназия жөнінде заң қабылданып, ол іске асуда.

Енді келесі үлкен мәселені - өлместікті талдауға уақыт келген сияқты. Бұл мәселе адам өмірі мән-мағынасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр құртынан айырмашылығы кандай деген сұрақ пайда болады емес пе!

Өлместік мәселесі қайсыбірдіннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уакытқа дейін Оған сенеді, өйткені өлместікті аңсайды. Өлместік идеясы сонау көне заманда адамдардың өлімнен қорқу сезімінен өз бастауын алады. Көне Үндістан және Мысыр елдерінде адам өлгенде оның жаны басқа денеге көшетіні жөніндегі идеялар қалыптасты. Буддизмдегі мойындалатын нәрсе - жан әрбір жаңа денеге көшкен сайын өз күнәсінан тазара береді.

Көне гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі басталады деген пікірде болған. Олардың ойынша, құдайлар мен адамдардың арасында онша көп айырмашылық жоқ, өйткені жақсы адам өлгеннен кейін өлместік сыйына ие болып, құдайлардың қатарына кіреді. Ал құдайларға келсек, олар өмір сүріп жатқан адамдарға келіп, қарым-қатынасқа түсіп, тіпті жердегі әйелдер олардан аса күшті ер балалар, я болмаса аса сұлу қыз балаларды туады екен. Мысалы, Геракл Зевс құдайы мен Алкмена деген әйелден туыпты-мыс.

Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі оның жан дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де бүгінгі таңдағы бірде-бір дін өмір, я болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылып адамға жеткізе алмайды.

Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын. Алайда мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта тірілген жоқ және қазіргі білімді адамға «о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды» көзге елестету өте қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де.

Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді айтып кетуіміз керек. Өйткені өмір жаңа өмірді тудырып, өз өмірін жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз толығынан болмаса да, болашақ ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз толығынан бұл өмірден кетпейміз, бала, немере өмірі арқылы қала береміз.

Енді адамның жан дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың шығармашылық ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған қазақ халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. Олардың тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей боламыз.

Енді миллиондаған карапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен байланысты болса керек. Өйткені ол олардың есінде қалады. Ол дене ретінде көз алдымызда жоқ болса да, рух ретінде бізбен бірге өмір сүріп кала береді. Ұлы Конфуций айтқандай, жақсы адам халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқты бір шұңқырда ұмыт болып қалады.

Десек те, әрине, қазіргі адам мұндай көзқараспен келіскісі келмейді, ол шынайы өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе тез қарқынмен дамып келе жатқан гендік инженерия саласы болашақта адам өмірін бейнақтылы ұзарта беруге болатынын айтады. Алайда, біздің ойымызша, ол жалған жол болса керек. Әрине, гендік инженерияның жетістіктеріне сүйене отырып, тұқым қуатын аурулармен күрессек, ол жақсы. Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға бағытталған зерттеулер қандай салдарларға әкелуі мүмкін екенін ешкім бүгінгі таңда білмейді. Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, оның теріс салдары ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман болуы мүмкін. Екінші жағынан, адам Дүниедегі ең теңдесі жоқ биік құндылық болғаннан кейін, оның өмірі мен денесіне жасанды тәжірибелер жасау қылмыс болар еді (адам көлбақа емес қой).

Мәселенің ғылыми емес, моральдық жағына келер болсақ, бірде-бір жер бетінде өзі тудырған қауіп-қатерді адамзат әлі шешкен жоқ. Жеке адамның өмірін ұзартпақ түгіл, бүкіл адамзаттың құрып кету мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық апат) осы уақытқа дейін күн тәртібінен шығарылған жоқ. Осы адамға шынайы өлместіктің керегі қанша, егер ол күнбе-күн соғыс-қақтығыстарда бір-бірін осы уақытқа дейін өлтіріп жатса деген заңды сұрақ дереу ойға келеді.



Қорыта келе, шынайы өлместік бүкіл миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан іргелі табиғат заңдылықтарына қайшы келеді дер едік. Әңгіме бізге берілген теңдесі жоқ сый - өмірді - бақытты мүмкіндіктерді іске асыруда, өз өмір шеңберінде үлкен маңызды істерді жасап, өз ізіңді қалдыруда болса керек. Оларды өлім жоя алмайды.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау