К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ғылымның дамуында пайда болғаң ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердің бір күнінде ол теріске шығарылуы мүмкін. Олай болса, ғылымдағы қағидалардын терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателік кету мүмкін дігінде. Оны ол фаллибилизм (қателік) дейді. Ғылымдағы білімнің дамуы, негізінен алғанда, неғұрлым әртүрлі гипотезалардың көбірек ұсынылуымен бірге оларды фальсификациялаумен (теріске шығаруға тырысу, оған қарсы ағытталған пікірлерді ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түеді.
Өзінің жалпы дүниеге деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бізді айнала қоршаған дүние. Келесі - ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлеміне ұқсас). Үшінші әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмір сүретін білім әлемі (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектіне ұқсас).
К.Поппердің ойынша, философия ғылым емес, өйткені оның негізгі қағидаларын фальсифиқациялауға болмайды. Бірақ ол адамға өмірдің мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшін ол философияны биік бағалайды. Өзінің әлеуметтік философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан ол марксизмді, әсіресе «коммунизм» идеясын қатты сынға алады.
К.Поппердің идеялары И.Лакатосқа зор әсерін тигізді. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе, ол «ғылыми зерттеу бағдарламасы» атты танымдық методологияны ұсынады. Қайсыбір кемеліне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып, бір-бірін ауыстырып жатады. Ал оның өзі сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерімен» тығыз байланысты. Олардыи біреуі (оң эвристиқа) болашағы бар зерттеу жолдарына сілтесе, келесілері (теріс эвристиқа) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенін көрсетеді.
Қайсыбір «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ішкі бұзылмайтын «қатты өзегі» болады, оған іргетасы теріске шығарыл айтын қағидалар ғана кіреді. Ал оны қоршап тұрған «қорғайтын бірге» келер болсақ, ондағы гипотезалардың негізгі функциясы бағдарламаның шегін қорғау болып табылады. Бірақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкін. Онда оның орнына жаңа гипотеза келеді.
«Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» әрі қарай өрлеу мүмкіндігін қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теориялық өсуі оның эмпириялық өсуінен алда жүрсе, яғни теориялық түрде болашақта ашылатын кейбір деректерді болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстінде. Ал жаңа ашылған деректерді соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсіну дегеніміз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа «ғылыми-зерттеу бағдарламасына ауыстырылатынын көрсетеді.
Ғылымның даму тарихы - неше түрлі зерттеу бағдарламаларының бір-бірімен сайысқа түсуі, олардың эвристиқалық мүмкіндіктерінің ашылуы. Ғылымның ішкі және сыртқы тарихы бар. Ішкі тарихқа идеялар мен методологиялардың бір-бірін ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметі жатады.
Постпозитивизмнің келесі ірі өкілі - Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегеніміз - белгілі «ғылыми қауымдастықтың» басын қосып біріктіретін әлеуметтік институт. Олар белгілі бірегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрін біріктіретін ғылымдағы парадигма. Өзінің «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегінде Т.Кун: «Парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыттың шеңберінде ғылыми мәселелерді шешу жолдарын көрсететін барлығының мойындаған ғылыми жетістіктерін айтамын», - дейді. Парадигма белгілі бір ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен ізденіс жолдарын, ғылыми ахуалдың қайнар көзін құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға кадрағанда анағұрлым төменгі дәрежеде, өйткені қайсыбір теория белгілі бір парадигманың шеңберінде ІІайда болады. Оны басқа парадигманың Шеңберінде түсіну қиын. Ол үшін оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екінші ат береді — ол дисциплинарлық (пәндік) матрица (негіз). Оның негізгі әлементтері ретінде ол символдық жалпылау үлгілерін, концептуалдық (тұжырымдық) модельдерді, ғылыми қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешілген үлгілерді қарастырады. Ғылымдағы белгілі бір парадигманың үстемдігі дамуының жақсы деңгейде екенін көрсетеді: бірте-бірте тәжірибелік деректер жиналып өңделеді, зерттеудің жолдары қарастырылып жетіледі т.с.с. Бірақ ол өне бойы олай болмайды, кейбір ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберіңде түсінілмейді, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадиг-маның құндылықтарына сенімсіздік пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бір-бірімен күреске түсуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бір жаңа парадигма жеңіске жетіп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелі зерттеулер жүргізе бастайды. Сонымен бәрі де тағы қайталанады. Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнің көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның екінші жетістігі - ол тәжірибелік деректердің неопозитивизмдегі басымдылығын теріске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсіз деректердің жоқ екенін дәлелдеді. Парадигманы игерген ғалым деректердің бәрін соның «сәулесі» арқылы көреді. Деректер теорияны сынамайды, керісінше, теория қандай деректерді тәжірибеге енгізу керек екенін пайымдап анықтайды.
Постпозитивизмнің келесі өкілі Пауль Фейерабендтің ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестік пайда болып, ғылымның дамуы тездейді. Ғылыми теорияларда пайдаланылатын терминдер әрбіреуінде тек өзіне ғана тән мазмұнға ие болады. Бір теориядағы терминдер екінші теорияға енгізілсе, олардың мазмұны дереу өзгереді. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып баға беру мүмкін емес. Олай болса, әрбір ғалым өзінің теориясын жасауға мүмкіндік алады. Бәсекелестіктің негізінде жеңіске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенінен емес, ол - соны қолдайтын қауымнын насихатының жемісі. Олай болса, ғылым - қоғам өміріндегі басқа идеологиялық институттар сиякты: оның дін, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан олардың бәрі де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымынын шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетеді. Дегенмен неопозитивизм шеңберіндегі әр ағымның өз жағымды жақтары бар - олардың бәрі де ғылым философиясында кеңінен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |