Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 2,02 Mb.
бет52/111
Дата21.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#44410
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Жобалау–оқушылардың өз бетіндік оқу белсенділігін арттыру технологиясы ретінде.

  2. Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың рөлі.

  3. Оқушылар–жобалау әрекетінің субьектісі ретінде.

  4. Жобалау барысындағы педагогтың іс – әрекеттері.

  5. Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері.

  6. Оқушылардың жобалау әрекетінің құрылымы.

  7. Жобалау және ғылыми зерттеу.

  8. Жобалау және жобалауға қабілеттілік.

  9. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.

  10. Глоссарийді толықтырыңыз.



2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
Бүгінгі таңда білім беру нәтижелері бүгінде жаңаша қарастырылуда, олар: өз бетімен білу алуға, әлеуметтік ортада өмір сүруге қабілеттілігі, шешім қабылдауға, мәселені шешуге қабілеттілігі, ақпараттық, қарым–қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілігі, жауапкершілігі мен белсенділігі, т.б.
Бұл нәтижелер оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын нәтижелер, соған орай, жобалау мектептің барлық сатыларындағы оқыту барысын түгел қамтитын әрекет деп айтуға әбден болады.
Жобалау әрекетінің жасөспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады.
Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін - өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз.
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында өзінің мінез–құлқын реттеу, өзіндік әрекетін басқару құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы жоғары сыныпта өзінің білім алу траекториясын таңдауға жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды және өзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін басқаруға қабілеттілігіне айналады.
Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік рөл де атқарады, яғни, оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады.

жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау