7.4. Процестің тұрақтылығын бақылау
Өндірістің нақты жағдайында технологиялық процесс пен дайындалатын өнімнің сипаттамалары параметрлерінің нақты мәндері кездейсоқ қателіктерге қатысты ретсіз өзгеріп қана қоймай, сонымен бірге уақыт өтуіне байланысты берілген мәннен біртіндеп және монотонды түрде ауытқиды, яғни жүйелік қателіктің пайда болу мүмкіндігі бар. Бұл қателіктер олардың туындау себептерін анықтау және сол себептерді жою арқылы жойылады. Оның негізгі мәселесі нақты жағдайда жүйелік қателіктерді кездейсоқ қателіктерден ажырату қиын болуымен түсіндіріледі. Арнайы статистикалық талдаусыз ескерілмейтін жүйелік қателіктер кездейсоқ қателіктердің жанында ұзақ уақыт байқалмай қалуы мүмкін.
Талдау жүйелік қателік болмаған жағдайда параметрлердің нақты мәндерінің кездейсоқ түрде өзгеруіне негізделген. Алайда, олардың орташа мәндері мен негізгі қателері уақыт бойынша өзгермейді. Мұндай жағдайда технологиялық процесс тұрақты болып есептеледі. Шартты түрде берілген партиядағы барлық бұйымдар бірдей болып табылады. Тұрақты процесс кезінде кездейсоқ қателіктер ортасы =Хо болатын қалыпты таралу заңына бағынады. Әртүрлі партиялардан алынған параметрлердің орташа мәні жуық шамамен Хо-ге тең болуы керек. Сонымен бірге олар өзара жуық шамамен тең болуы керек, бірақ ағымдық орташа мәннің шамасы Ха.орт сенімділік интервалында +tS тербеледі, яғни:
(Хорт – tS) ≤ Хорт ≤ ( Хорт + tS) (7.7.)
Тұрақтылық талдауына арналған материал ретінде дәлдік бақылауына қолданылған берілімдер алынуы мүмкін. Бірақ олар жеткілікті уақыт аралығын қамтитын үздіксіз қадағалауда болса немесе таңдамалардан құралған болса, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін таңдалып алынса ғана жарамды болып табылады. Бұл жағдайда сынама деп аталатын таңдамалар арасындағы интервалдар қондырғы бұзылуының бақыланатын жиілігіне тәуелді орнатылады.
Маңыздылықтың берілген деңгейінде әртүрлі ағымдық партиядағы орташа мән Ха.орт бірінші өлшеу үшін алынған базалық орташа мәннен Хорт tS шамада ерекшеленуі мүмкін, яғни:
/Хср–Хсрт/tS (7.8.)
Осы шартты орындалған жағдайда процесті тұрақты және екі партия да бірдей жағдайда шығарылды деп есептеуге болады. Егер екі партиядағы орта мәндердің айырмашылығы tS шамасынан асып кетсе, онда бұл айырмашылық кездейсоқ себептерден туындады деп есептеуге болмайды. Процесте партиядағы бұйым параметрлерінің мәндерін анықталған тұрақты заң бойынша өзгертетін басым тұрақты фактор пайда болды. Әртүрлі уақытта шығарылған бұйымдар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленсе, сондай-ақ бұл айырмашылық уақыт өтуіне байланысты өсіп отырса процесс тұрақсыз болып табылады.
Осылайша, әртүрлі партиялардағы орта мәннің tS мәнінен үлкен ауытқуы жүйелік қателіктің табылғанын және олардың шығу себептерінің алдын алу мен жоюға арналған шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді. Тұрақтылық талдауының статистикалық әдістері жоғарыда қарастырылған оқиғаларға қарама-қарсы қолданылуы мүмкін. Егер бұйым конструкциясына немесе оны дайындаудың технологиялық процесіне қандай да бір өзгерістер енгізілсе, онда бұл қандай шамада қажетті нәтижеге жеткізетінін анықтау қажет болады.
Жеке сынау кезінде жаңа бұйым параметрлері қажетті мәнді қабылдауы мүмкін, бірақ бұл енгізілген өзгерістердің дұрыстығын көрсетпейді. Себебі, дұрыс нәтиже кездейсоқ болуы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, егер жаңа мәндер ескі мәндерден ерекшеленбейтіні анықталса, онда оның екі партиядағы кездейсоқ сәйкестіктің нәтижесі емес екендігін анықтау қажеттігі туындайды.
Сонымен бірге, сынау жүргізу, бірнеше сынамалар алу және мәліметтерді статистикалық өңдеу қажет болады. Егер /Хорт.е.-Хорт.ж./ tS болса, онда жетілдіру әсерін мағыналы деп есептеуге болады.
Ондай шарт орындалмаған жағдайда конструкцияға немесе технологияға енгізілген өзгерістер дұрыс нәтиже бермеді деген қорытынды жасауға болады.
Мысал. Шебер бөлшекті дайындау операциясының нәтижелері мен жұмыстың тұрақтылығын анықтауы қажет. Яғни, пластинаның технологиялық бақылау өлшемі 90 мм болатын дайындау тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін алдымен 20 дана бұйымнан бірінші базалық таңдама алынды және бақылаушы өлшемге өлшеу жүргізілді. 3 және 6 күннен кейін 20 данадан екінші және үшінші таңдамалар алынды, олар өлшенді.
Барлық алынған мәліметтерді кестеге енгіземіз.
№
|
1 өлшеу
|
(Хi-Хср)
|
(Хi-Хср)2
|
2 өлшеу
|
3 өлшеу
|
1
|
90,1
|
0,06
|
0,0036
|
90,11
|
90,06
|
2
|
90,08
|
0,04
|
0,0016
|
90
|
90,09
|
3
|
90,05
|
0,01
|
1E-04
|
90,09
|
90,1
|
4
|
90,12
|
0,08
|
0,0064
|
90,06
|
90,12
|
5
|
90
|
-0,04
|
0,0016
|
90,1
|
90,1
|
6
|
90,01
|
-0,03
|
0,0009
|
90,02
|
90
|
7
|
90
|
-0,04
|
0,0016
|
90,1
|
89,99
|
8
|
90,1
|
0,06
|
0,0036
|
90,12
|
90,05
|
9
|
90,06
|
0,02
|
0,0004
|
89,94
|
90,05
|
10
|
90,04
|
0
|
0
|
90,1
|
90,02
|
11
|
89,95
|
-0,09
|
0,0081
|
90,1
|
90,13
|
12
|
89,98
|
-0,06
|
0,0036
|
90,01
|
90,12
|
13
|
90
|
-0,04
|
0,0016
|
90,09
|
90,09
|
14
|
90,02
|
-0,02
|
0,0004
|
90
|
90,12
|
15
|
90,1
|
0,06
|
0,0036
|
89,95
|
90
|
16
|
90,06
|
0,02
|
0,0004
|
90,01
|
89,98
|
17
|
90,08
|
0,04
|
0,0016
|
90,1
|
90,1
|
18
|
90,02
|
-0,02
|
0,0004
|
90,01
|
90
|
19
|
89,98
|
-0,06
|
0,0036
|
90,08
|
90,04
|
20
|
90,05
|
0,01
|
1E-04
|
90,05
|
90,04
|
Сомасы
|
1800,8
|
1,28E-13
|
0,0432
|
1801,04
|
1801,2
|
Орташа арифме-тикалық мәні
|
90,04
|
|
|
90,052
|
90,06
|
2. Орта арифметикалық мәнді есептейміз: Хорт1= 1800,8/20= 90,04 мм, Хорт2 = 1801,04/20 = 90,052 мм, Хорт3 = 1801,2/20= 90,06 мм.
3. Бірінші таңдама үшін S мәнін анықтаймыз: мм.
4. 7.1-кесте бойынша n=20 үшін t коэффициентін анықтаймыз: t=2,09 (Р= 0,95).
5. tS мәнін анықтаймыз: tS = 0,022284 мм.
6. / Хорт1 – Хорт2 / = / 90,04-90,052 / = 0,012 мм мәнін анықтаймыз.
7. / Хорт1 – Хорт3 / = /90,04-90,06/ = 0,02 мм мәнін анықтаймыз.
8. / Хорт1 – Хорт2 / < tS және / Хорт1 – Хорт3 / < tS шарты орындалады, яғни ықтималдығы 95% болатын технологиялық процесс тұрақты, бірақ Хорт3 мәні шақтама аймағына жеткілікті жақындады және келесі өлшемдер орта мәннің аймақ шектерінен шығып кетуін көрсетуі әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |