6.7. Конструкторлық және технологиялық құжаттарға метрология-лық сараптама (МС)
Метрологиялық сараптама – стандарттау мен метрология жағынан алғанда, конструкторлық және технологиялық құжаттардың сапасын қамтамасыз ету үшін қажет. Конструкторлық құжаттардың сапасы өңделетін бұйымның сапасын анықтайды. Конструктор мәселенің нәтижесін минималды шығынмен шешуді ойлайды. Қазіргі кезде конструкторлық құжаттарды қүрудың оңтайлы жолдары қалыптасқан. Бұл жолдар мемлекеттік стандартпен бекітілген.
Онда жаңа бұйымның қажеттілігі мен пайдалылығы, оны өңдеу, өндіру және пайдалану мезеттері анықталады немесе тексеру, құрылымы бойынша принципиалды және нақты техникалық шешімдер құрылады. Осы кезеңдегі жұмыс көлемі мен өңделуге арналған конструкторлық құжаттар мемлекеттік стандарттармен бекітілген.
Бұйым жасау, оның жұмыс сызбаларын құрудан басталады. Одан ары қарай бұйымның тәжірибелі үлгісін жасайды, онда туатын келістіктерді түзейді сөйтіп техникалық құжаттарға қажетті туындаған өзгерістерді енгізеді.
Кейде бұйымның сызбалары өзгертілген стандарттарға қарай түзетіліп отырады.
Конструкторлық құжаттаманың сапасы өндірістік үрдіс және бұйымды қолдану кезінде тексеріледі. Құрастыру сапалылығы көбіне, бұйымның технологиясымен анықталады, яғни оны талап етілген параметрлермен материал және уақыт үнемділігі мүмкіндігіне қарай жетілдіріп отырады.
Метрологиялық сараптама шығарылатын бұйымның сенімділігі мен беріктілігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Ол жобалау кезеңінде өткізіледі. Бұл қателерді және ақауларды жөндеген кезде ақталмайтын шығындарды болдырмау үшін өткізілетін үрдіс.
Метрологиялық сараптаманы, метрологиялық тұрғыда қамтамасыз ету МИ 1325-86 стандартымен реттеледі, оның ішінде өңдеу, шығару, зерттеу және өнімді пайдалану кезеңдерінде бақылау-өлшеу операциялар нәтижелігін қамтамасыз ететін бірқатар жағдайлар қарастырылған.
Сол жағдайлардың бәрі – өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатураларын анықтау. Зерттеу үрдісінде өлшенетін және бақыланатын параметрлер номенклатурасының жеткіліктілігі мен негіздемесін орнату қажет, сонымен қатар олардың қысқаруы немесе олардың өзгеруі, бақылау шығындарын азайтады. Техникалық талаптарды сипаттау үшін стандартталған терминдер қолданылады. Ерекше терминдерді қолданғанда, олардың мағынасы түсіндірілуі тиіс.
Дайын бұйымның техникалық шарттарға сәйкестігін, оның технологиялық параметрлерін анықтайтын зерттелетін параметрлер толық номенклатурасын анықтау талап етіледі. Еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ауаның ластануы, материалды құндылықтар есебіне, шарттарына бақылау талаптарының жеткіліктігіне айрықша мән беріледі. Басқарылатын немесе қиын бақыланатын параметрлер номенклатурасының қысқаруы есептік немесе эксперименталды зерттеулер негізінде орындалуы мүмкін. Параметрлер номенклатурасы, оның толықтығы және дұрыстығының негіздемесі, олардың жеткіліктігі, әдістеме және олардың байланысы эксперименталды зерттеу нәтижесінде негізделуі керек.
Метрологиялық сараптама жүргізуде бұйымның конструкциясы, өзінің бойындағы түгелдей параметрлерін қажетті, сенімді дәлдік деңгейінде оның өмірлік циклінің барлық сатысында анықтауға мүмкіндік туғызуы қажет. Атап айтсақ, бұйымды жасау, сынау, пайдалану және жөндеу.
Бұйым тетіктерінің бетінің сапасын тексеруде, оларға тексеру құралдарының ұштары жетіп тұруы қажет. Егер мұндай мүмкіндіктер болмаса, онда бұйымның конструкциясын өзгертуге мәжбүр болуымыз мүмкін.
Бұйымның өлшеу қажеттігіне әсер ететін қасиетіне талаптар орнатылғанын тексеру қажет. Мысалы, сызықтық өлшемдері өзгергенде, беттің кедір-бұдырлығы мен өнімнің материалына талаптар қойылады (алғашқы өлшеу құралдары және өнім бетінің байланыстылығы, өлшеу қателігін анықтайды, ал екіншісі температуралық қателікпен байланысу қателігін анықтайды).
Бақылау дұрыстылығы және нәтижелігі талаптарына өлшеу дәлдігі көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату, сонымен қатар технологиялық үрдістердің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету метрологиялық сараптаманың негізі болып табылады. Осыған байланысты өлшеудің әрбір нәтижесі, алынған негізінде, өлшеу қателігінің мәндерін көрсетумен жалғастырылады. Өлшеу қателігі 2 топқа бөлінеді, олар қолдану аймағы мен көрсетілу тәсілдерімен ерекшелінетін 1 топты талаптарға немесе конструкторлық немесе техноло-гиялық құжаттардағы рұқсат етілген мәндерге, ӨӘ немесе басқа ҒТҚ-да берілетін сипаттарға жатады. Бұл топтың сипаты кездейсоқ мәннің қосылу, болжам қасиетін білдіретін – өлшеу қателігі. Сипаттар мәні – орнатылған талаптарда рұқсат ету мәнінің шегіне немесе максималды мүмкін мәндер – өлшеу нәтижелерінің қосындысына жазылады. Осы топтың сипаттар қолдану аймағы – өндіру және бұйымды пайдалану үрдістерінде, өндірісті технологиялық дайындау кезінде орындалатын ортақ техникалық өлшеу.
Екінші топқа өлшеу кезінде бағаланатын сипаттар және олардың нәтижелер өңделуі жатады. Бұл сипаттар бірінші топтың қателер сипаттарының статистикалық бағасы болып табылады және бөлек өлшеу нәтижелерінің жақындығын көрсетеді.
Олардың қолдану аймағы – ғылыми-зерттеулер мен метрологиялық жұмыстарды өткізгенде орындалатын өлшеулер. Мысалы, өлшеу құралдарын аттестациялау кезінде, физикалық константаны анықтағанда кездеседі.
Өлшеу нәтижелеріне мәселелерді қолданып есептелетін жауапкершілігіне сүйене отырып, өлшеу қателігі таңдалатын сипаттар номенклатурасы әртүрлі болуы мүмкін. Бағалау кезінде өлшем нәтижелерін өңдеу статикалық тәсілдерін кеңінен қолданып жүргізіледі.
Метрологиялық сараптамада дәлдік нормасы да анықталады. Дәлдік нормасын анықтаусыз өлшеу құралдарының типін таңдау мүмкін емес. Құжаттамада дәлдік нормасының негіздемесі келтіріледі.
Бақылаудың анықтылығын айқындайтын негізгі принцип болып оның нәтижелерін аз қателікпен табу болады. Осыдан шығатыны, құжаттамада – конструкторлық параметрлерге рұқсат етілген ауытқулар мен олардың бағалануының рұқсат етілген қателіктері, технологиялық қызметте қажет дәлдікпен өлшеуді жүзеге асыру қамтамасыз етілетін әдістеме көрсетіледі. Дәлдік нормаларын бекіту мен рұқсат етілген ауытқулар бақылауы төмендегілерге негізделеді:
1. Нәтижелер дәлдігі мен анықтылығына қойылған талаптар экономикалық және техникалық тұрғыда негізделген болуы керек;
2. Өлшеу қателігі, шақтама мен тепе-тең және әдістемелік, құралдық құрылыммен байланысқан болуы керек;
3. Қателіктің кездейсоқ және көзделген құрамдастары тепе-тең болуы тиіс;
4. НТҚ-ы дәлдік сипаттамаларының талаптары мен қызметтерін және оларды бақылауды мекеменің әртүрлі бөлімдері немесе қызметкерлер жүргізе береді;
5. Өлшеу дәлдігінің нормаларын тұрақтандыру арқылы іс-жүзінде кездесетін өндірістік ауытқуларды болдырмауға жол ашылады;
6. Өлшеу ауытқуларының жалғасу функциялары болмаған жағдайда өлшем қателігін кепілдікпен алады.
Өлшеу дәлдігі нормаларын бекіткенде оның деңгейін айқындайтын жағдайларды ескеру қажет, оларға:
1. Бұйымның сапасын айғақтауға қажетті параметрлердің мәні;
2. Өлшеу деңгейінің мәлімділігі;
3. Белгілі параметрге қойылған өлшем шақтамашысының өрісі;
4. Өлшеу ауытқуларының жайғасу заңдылығы жатады.
Мысалы, өндіріс жағдайында қалыптасып жүріп жатқан технологиялық прогрестердегі дәлдік нормасы, әрбір өлшемнің шақтама ауытқуының ортасына орналасуы қажет. Егер технологиялық процестің келтірілуі өлшем шақтамасының бір жиегіне қарай ығысса, онда өлшем дәлдігінің шеті азаяды. НТҚ-қа өлшеу дәлдігі нормаларын орнатуда өлшеуді өткізуге және олардың нәтижесі туралы ақпарат беретін құжаттарда мазмұндайтын ақпараттарға талаптар нақты тұжырымдалу керек.
Метрологиялық сараптаманың негізгі ұстанымына:
1) Өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерін жүргізуге толық және дұрыс талаптар қою, оларды таңдап алуды мұқият жасау;
2) Өлшеу үрдісінің дәлдігін және өнімділігін арттыру үшін бір ыңғайландырылған, стандартты өлшеу құралдарын қолдану;
3) Тексеру операцияларының өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы технологиялық процестің сондай параметрлерімен үйлесімді болуы;
4) Өлшеуді жүргізу әдістерін тиімді пайдалану;
5) Физикалық мәндер мен олардың өлшем бірліктерінің атауын және белгіленуін дұрыс қою;
6) Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлшеу үрдісін мұқият істеу және өткізу бойынша бұйрықтардың дұрыстығын анықтау;
7) Өлшеу нәтижелерін компьтерлік өңдеу арқылы өткізу;
Өлшеу құралдарына талаптар құрудың негізгі принциптері:
1) Таңдап алынған талаптардың ұтымдылығы мен жеткіліктілігі;
2) Өлшем құралдарының конструктивті ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптерінің метрологиялық мақсатқа сәйкестігі;
3) Өлшеу құралдарының өлшеу жағдайларына сәйкестілігі;
4) Технологиялық процестерді өлшеу құралдарымен қамту мүмкіндігі; 5) Өлшеу құралдарының өнімділігінің процес өнімділігіне сәйкестігі. кіреді
Метрологиялық сараптаманың нәтижелерін метрологиялық тұжырымда 2 данамен бекітеді. Бір данасы НТҚ жасаушыда, ал екіншісі сараптама жүргізген мекемеде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |