Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



жүктеу 6,41 Mb.
бет44/147
Дата05.12.2022
өлшемі6,41 Mb.
#40466
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

2.8. Тегіс калибр

Шақтамасы 6-дан 17-ге дейін квалитет аралығындағы цилиндрлік беттері бар тетіктердің жарамдылығы сериялық және жаппай өндірісте шекті калибрлердің көмегімен анықталады. Бұл калибрлерде Тейлор принципі толығымен орын алған – өлшемді оның шеткі рұқсат етілген мәндерімен тексеру. Калибрмен бұйым өлшемі анықталмайды, бақыланатын өлшем рұқсат етілген өлшем аралығына жата ма, жатпай ма соны тексереді. Егер өтпелі калибр (ПР) өз салмағының күшімен өтсе, ал өтпейтін жағы (НЕ) өтпесе бұйым жарамды деп саналады. Егер ПР жағы өтпесе, онда бұл ақау жөндеуге келеді, бұйымда тағы алып тастауға болатын артық метал бар. Егер НЕ жағы өтпесе, бұйымнан метал артығымен алынған, сондықтан бұл ақау жөндеуге келмейді.


Тесіктерді тексеруге тығын-калибрді (2.18-сурет), ал біліктерді тексеруге қапсырма-калибрді (2.19-сурет) пайдаланады.
«ПР» және «НЕ» жұмыс калибрлер бұйымды жасау процесінде бақылауға арналған, ПР тозған калибрлердің кейбіреуін, ал НЕ калибрінің тек жаңасын ғана қолдануға болады.
Тозуды баяулату үшін калибрлерді қаттылығы жоғары конструкциялық болаттардан және қатты қорытпалардан жасайды. Калибр шақтамалары МСТ 24853-81 (СТ СЭВ 157-75) стандартында берілген.
Калибрлерді жасау шақтамалары: Н – тесіктерді бақылау үшін жұмыс тығын калибр (НS өлшеу беттері сфера болып келетін); Н1 – білікті бақылау үшін жұмыс қапсырма-калибр. Жұмыс процесінде тозатын ПР өтпелі калибрлер үшін тозу шақтамасы қарастырылған. 8 квалитетке дейінгі шақтамасы бар калибр тозуы бұйым өлшемінің шақтама алаңының шегінен тығындар үшін Y шамасына және қапсырмалар үшін Y1 шамасына шығуына болады. Барлық калибрлер үшін Н (НS) және Н1 шақтама алаңдары бұйымның шақтама алаңының ішіне қарай тығын үшін Z шамасына, қапсырма үшін Z1шамасына жылжиды.
Калибрлердің шақтама алаңдарының және олардың өтпелі жағының тозу шектерінің бұйым өлшемінің шақтама алаңына қарай жылжуы, қондыру сипатының бұрмалануын жоюға мүмкіндік береді және шақтама шектерінде жарамды тетіктердің өлшемдерін алуды кепілдендіреді.

жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау