2.7. Қондыруларды құрудың негізгі ауытқулары
Біліктер мен тесіктердің негізгі ауытқуларының 28 нұсқасы қарастырылған. Олар латын алфавитінің әріптерімен a; b; c; ….; z; za; zb; zc –вал үшін, A; B; C; ….; Z; ZA; ZB; ZC – тесік үшін белгіленеді (2.11-сурет).
Негізгі ауытқу – бір шеті нөлдік сызықпен (номиналды өлшем) жанасатын ауытқу (жоғарғы немесе төменгі). Негізгі тесік H әрпімен, ал негізгі білік h әрпімен.
Шақтама алаңы негізгі ауытқудың бірінің бір квалитеттің шақтамасымен құрылады. Шақтама алаңы квалитеті көрсетіліп әріппен белгіленеді – A10; H8; F7; h7; n11; f6.
1 ден 500 мм дейінгі өлшемдер үшін тәуірірек көретін шақтама алаңдары бар. Олар машина жасау саласында қолданатын қондырулардың 90-95 пайыз қамтамасыз етеді. Бұл негізінен нөлдік сызық маңына топталатын шақтама алаңдары. Тәуірірек көретін шақтама алаңдарын қолдану бұйымның унификаттау деңгейін көтеруге, кесу құралдары мен калибрлердің түрлерін қысқартуға мүмкіндік туғызады, өндірісті біріктіру және қауымдастыру үшін жақсы жағдай жасайды.
Қондыруларды тесік пен білік шақтама алаңдарын құрамалаумен алынады, шақтама алаңының біреуі міндетті түрде Н немесе h болуы керек. Стандартта ұсынылған тәуірірек қондырулар қоршалған сызықпен беріледі.
Тесіктің негізгі ауытқулары тесік жүйесіндегі қондыруды қамтамасыз ету үшін ыңғайланып жасалған. Бірдей әріппен белгіленген білік пен тесік негізгі ауытқулары абсолюттік мәндері бойынша бірдей келгенімен, белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы болады.
Тесіктің негізгі ауытқуын анықтауға арналған жалпы ереже:
EI = es A -дан H дейінгі негізгі ауытқуларда,
ES = ei J -дан ZC дейінгі негізгі ауытқуларда.
Бұл ереже тесіктің негізгі ауытқуы сол әріппен белгіленген біліктің негізгі ауытқуына нөлдік сызыққа симметриялы орналасқанын көрсетеді.
Шақтама алаңы негізгі ауытқумен анықталатын көлденең сызықпен шектеледі. Шақтама алаңын шектейтін екінші шекті ауытқу негізгі ауытқу мен қабылданған квалитет шақтамасымен анықталады. Егер негізгі ауытқу жоғарғы болса, онда төменгі ауытқу: білік үшін ei = es – IT, тесік үшін EI = ES – IT болады. Егер негізгі ауытқу төменгі болса, онда жоғарғы ауытқу: білік үшін es = ei + IT, тесік үшін ES = EI + IT (ei, es, EI, ES ауытқулары белгісі ескеріліп алынады).
Түйіспелі тетіктер үшін қондыруды, шақтама алаңының ең жақын сызығынан нөлдік сызыққа дейін негізгі ауытқудың мәні тағайындайды. Жоғарғы (егер шақтама алаңы нөлдік сызықтан жоғары орналасса) немесе төменгі (егер шақтама алаңы нөлдік сызықтан төмен орналасса) ауытқуларды негізгі ауытқулар және таңдап алынған квалитет шақтамасы бойынша анықтайды.
Саңылаулы қондырулар үшін қолданатын білік шақтама алаңының жоғарғы ауытқулары (a-дан g дейін) және сәйкес тесіктердің төменгі ауытқулары (A-дан G дейін) абсолюттік мәндері бойынша бірдей алынатындықтан тесік және білік жүйесіндегі аттас қондырулардың саңылаулары бірдей.
Жүйеде керілмелі қондырулар үшін, 7 квалитеттен жоғары бірдей әріппен белгіленген шақтама алаңдары тесік жүйесіндегі біліктің жоғарғы ауытқуларының абсолюттік мәндері білік жүйесіндегі тесіктің төменгі ауытқуына тең болып құрылған. Тесік және білік жүйелеріндегі ең үлкен керілістер бірдей болғандықтан бірдей квалитетте шақтама екі жүйеде де теңдей (2.12-сурет).
Тегіс цилиндрлік біріктірулердің қондырулары мен шекті ауытқуларын шартты түрде белгілеу. Тетіктің жұмыс сызбасында біліктің немесе тесіктің сызықтық өлшемдерінің шекті ауытқуларын шақтама алаңының әріптік белгілерін 38Н10, 75F8, 224t7, 55h9, немесе шекті ауытқулардың сандық мәндерін көрсетеді, нөлге тең ауытқу көрсетілмейді:
,
немесе шақтама алаңын әріппен және оң жағында жақша ішінде шекті ауытқулардың сандық мәндерін көрсетеді:
.
Тесік пен білік ауытқуларын бірге - қондыруды құрастыру сызбасында бөлшек түрінде көрсетеді, бұл жерде үстінде тесік ауытқуы, астында білік ауытқуы орналасады:
Достарыңызбен бөлісу: |