Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



жүктеу 6,41 Mb.
бет63/147
Дата05.12.2022
өлшемі6,41 Mb.
#40466
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Бақылау сұрақтары:

    1. Метрология дегеніміз не?

    2. Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмыстарының қандай бағыттарын білесіздер?

    3. Өлшеу құралдарының қандай негізгі топтары сіздерге белгілі?

    4. Өлшеудің қандай әдістерін білесіздер?

5. Өлшеу құралдарын дайындауда пайдаланылатын қандай физикалық құбылыстар сіздерге белгілі?

5. CЫЗЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІҢ ӘМБЕБАП ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

Сызықтық өлшемдердің әмбебап өлшеу құралдары машина жасау саласында және жалпы техникада кеңінен қолданылатын өлшеу құралдарының түрлері болып табылады. Бұл аспаптар адам ойлап тапқан ең бірінші аспаптардың түрі. Олардың даму тарихы мыңдаған жылдарды құрайды. Өзінің даму тарихында бұл құралдар қолдануы жағынан дәлдігі жоғары және өте ыңғайлы болып өзгерді. Көптеген ғұлама ғалымдар осы өлшеу құралдарын жасап шығарумен айналысты. Қазіргі уақытта бұл өлшеу құралдары түрінің мәні мен ролі төмендеген жоқ және олар өлшеу жабдықтарының басқа да түрлерінің арасында көрнекті орынды алады. Сызықтық өлшемдердің әмбебап өлшеу құралдары геометриялық параметрлерді тікелей немесе штатив, баған, плитка, стол сияқты заттармен бірге өлшеуде пайдаланылады.


5 .1 Механикалық өлшеу құралдары


Өлшеу құралдары. Бұл негізінен нониусты шкаламен қамтылған штангенқұралдар, ұлғаятын механикалық берілістер (мультипликатор) қолданылатын микрометрлер, винттік жұптар болып табылады. Бөлшектердің ішкі және сыртқы өлшемдерін, тереңдіктерін және биіктіктерін, бөліктерін бақылау үшін кеңінен қолданылады. Бұл құралдарға штангенглубомер, микрометрлік тереңдік өлшегіш, штангенрейсмус, штангенциркуль жатады. Бұл құралдарды арнайы губкалармен және бағандармен жабдықтаса, құбырлардың, тісті дөңгелектердің, бұрандалардың өлшемдерін бақылау үшін қолдануға болады.
Ш тангенқұрал (5.1–сурет) Нониус шкаласы мен негізгі шкаласы бар сызғыштан тұрады. Негізгі шкаланың бөліну бағасы 0,5 – 1 мм, ал Нониус шкаласының бөліну бағасы 0,05 – 0,1 мм. Штангенқұралдардың қателігі 1000 мм–ге дейінгі өлшемді өлшеуде + 0,1 мм–ді құрайды. Бұрыштық шкалалы Нониустық құрылғылар Нониус шкаласының бөліну бағасы 21, 51 және 151 тең УН және УМ типті бұрыш өлшегіштерді қолданады.
Микрометрлік өлшеу құралдары (5.2–сурет) винттік жұптан, әдетте, негізгі шкаламен қамтылған қорапқа 1 қатаң бекітілген микрогайкадан тұрады, ал микровинті 2 әдетте, 50 бөлінуден (дәлдігі 0,02 мм) тұратын дөңгелектік шкаласы бар барабанмен 3 бекітілген. Өлшегіш басшалар. Аспаптардың кең тобы механикалық үлгіде болып келеді. Оларды бағандармен және штативтермен немесе күрделі аспаптың құрама бөлігі ретінде қолданады. Ең кеңінен таралғандары – рычагты-тісті немесе тісті жоғарылататын берілісі бар индикаторлар.
ИГ типті рычагты-тісті индикаторларда өлшеу тілшелерін (1) орналастырғанда (5.3–­сурет) тілшені (4) алып жүретін, трибқа (8) айналымды беретін, тісті дөңгелекпен (3) бір осьте орналасқан, трибпен (2) бірге байланысқа кіретін, тісті секторға (9) әсер ететін, рычаг (10) бұрылады.
Т олық айналым есебі үшін тілшесі бар (5) тісті дөңгелек (7) қызмет атқарады. Спиральді серіппе (6) люфт пен өлі жүрісті таңдауға тағайындалған. Өлшеу қателігі 4-20 мкм, өлшеу шегі 0-ден 10 мм-ге дейінгі аралықты қамтитын, бөліну бағасы 10 мкм-ге тең индикаторлар шығарылуда.
Дәлдігі жоғары аспаптарға серіппелі берілістері бар өлшеу басшалары жатады. Бұл аспаптың негізі – қола жазық лента (5.4–сурет).
Лентаның бір ұшы қатаң бекітілген, екіншісі қозғалмалы бұрышқа (6) байланыстырылған. Лентаның ортасына тілше (4, микрокатор немесе микатор) немесе айна (оптикатор) бекітілген.

Мембранада (2) ілінген тілшені (1) орналастырғанда, бұрыш (6) серіппелі ілгішке қатысты бұрылып, лентаны (3) созады және соңында айнала отырып айнаны немесе тілшені ығыстырады. Есеп беру үшін


шкала (5) қызмет етеді. Оптикаторда жарықтық түйін конденсатордың көмегімен айнаға проекцияланады. Оптикатордың сезімталдылығы 2 есе жоғары. Серіппелі аспаптың ерекшелігі – қарапайымдылығы, ұзақ қызмет етуі (700 000 өлшеуге дейін), + 0,02 мкм –ге дейінгі дәлдігі, инерциясыздығы, бақылауды автоматтандыруға мүмкіндік беруі.

5.2. Оптика-механикалық өлшеу құралдары



Механикалық басшалармен салыстырғанда өлшеу шектері үлкен, сонымен қатар сандық есеп беру тақтасы болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда оларды өндірістік үрдістерді басқару және автоматты бақылау үшін пайдалануға болады. Аспаптар контактілі (оптиметрлер, ұзындық өлшегіштер, өлшеу машиналары) және контактсіз (микроскоптар, проекторлар) әрекет ету болып бөлінеді.
Оптиметрлер. Оптикалық рычаг пен автокоплимация қағидасын қолданады.
Егерде ОБ объективінің фокальды жазықтығына жанып тұратын объекті шкаланы орналастырсақ, О оптикалық осьінен n қашықтықта орналасқан бұл шкаланың әрбір А штрихының көрінісі объективтен өтіп, О оптикалық осьіне 900 бұрышпен орналасқан ЗП айналы жазықтықтан көрініп және тағы да ОБ объективінен өтіп, фокальды жазықтыққа n1 = n аралықта О нүктесіне симметриялы болып проекцияланады. Егерде оптикалық оське қатысты ЗП айналы жазықтықты φ бұрышына бұрсақ, штрихтың әрбір көрінісі, мысалы, О нүктесі көріністің екі еселік бұрышымен 2φ анықталатын t арақашықтыққа орналасады.
,
мұндағы F – фокустық арақашықтық. Оптиметрде ИН өлшеу тілшесінің ығы-суы h рычагта ұзындығы «а» болатын ЗП айнаның бұрылуына алып келеді, сол себепті оптикалық рычагтың (φ бұрыштың аз мәндерінде) беріліс қатынасы мынаған тең:


ОВО-1 типті оптиметрлерде беріліс қатынасы i 1000-ға тең. Оптиметрдің шкалаларды көрсету диапазоны + 0,1-0,025 мм, вертикальді өлшеулердің шегі 180 мм-ге дейін, горизонтальды өлшеулердің шегі 350 мм-ге дейін, өлшеу қателігі + 0,07-0,3 мкм.

жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау