60
әлеуметті қабілеті. Пайдалы әсер – ол тауардың шындығында
нақтылы қажетті қанағаттандыру қабілеті.
Өнім сапасын басқару дегеніміз тауар сапасына әсер ететін
фак¬торлар мен ахуалдарға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен
өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті сапа
деңгейін
белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Стратегиялық өнім сапасын басқару ісі мынандай негізгі
міндеттерді шешуге бағытталады:
- ең жақсы әлемдік жетістіктерге сәйкес өнімнің жаңа, жоғары
сапалы түрлерін жасау мен игеру;
- өндірістің жалпы көлемінде жоғары категориялы сапалы
өнімнің, яғни бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін арттыру;
- шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен
оны бәсекеге
қабілетті топқа көтеру;
- заттық сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру
немесе жаңғыртып,
жетілдіру;
- ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы
түрде арттыру.
Өнім сапасын басқару жүйесін құру қағидаларына мыналар
жатады:
- өнімді жасау,
енгізу мен жетілдіру;
- басқарудың функциясы мен құрылымының проблемалық-
мақсаттық бағытталуы.
Өнім сапасын басқару, атқаратын функциялар жиынтығының
мынадай белгілері бойынша, егжей-тегжейлі жетік қаралады:
а) мақсат түрлері бойынша – басқарудың стратегиялық,
тактикалық және оперативті нұсқасы қызметтер мен тиісті
мақсаттарға
жетуіне орай;
ә) басқару процесі фазалары бойынша шешімді қабылдау,
ақпараттық-бақылаушылық және қатынастық ықпалды басқарудың
істеріне;
б) өнімнің өмірлік цикл сатылары бойынша (зерттеу-әзір¬леме,
дайындау, жабдықтау мен тұтынуға айналдыру) – сатылар бойынша
басқарудың міндетті қызмет аясына;
в) мақсат тобы бойынша – ғылыми-техникалық, өндірістік,
экологиялық факторлар мен жағдайды басқарудың міндетті қызмет
аясына.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау барысында
61
мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
- Саланы басқарудың міндетті қызмет аясының құрылымы
дамыған және басқарудың жеке буындары арасындағы
операциялардың бірқатарын бөлу кезінде функционалды аралық
және анық функционалды ұйымдастырушылық және өндірістік
атқару құрылымдары буындарының іс-әрекетін үйлестіру қажет.
- Басқарудың дәстүрлі жүйесін қолдану сапаны басқару істерінің
шағын номенклатурасында ақталады және міндетті іс құрамын
ұлғайту қажет болғанда тиімділігі мардымсыз болады.
- Көптеген жағдайларда үйлестіруді тиімді қамтамасыз ету үшін
осы функцияны орындауға үшін мамандандырылған қызмет құруды
қарастыратын матрицалық түрдегі басқарудың проблемалық-
мақсаттық әдісті қолданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: