Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет52/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   189
стратегиялық менеджмент

10. Фирма стратегиясы
Ұйым стратегиясының  мәні
 
Бұл  мәселе  бойынша  екі  түсінік  бар.  Біріншісі:  стратегия 
түсінігінің  негізінде  стратегияның  түпкі  жағдайы  жатыр.  Ол 
жағдайға  қолжеткізу  үшін  ұзақ  уақыт  өтеді.  Екінші  –  негізгі 
мақсатты анықтау және ұзақ мерзімді жоспар жасау. 
Фирманың бизнесін дамытатын әртүрлі типті ұйымдар бар. Ол 
үшін мыналарды анықтау қажет: стратегияны дайындау жолдарын 
белгілеу;  шоғырланған  өсу;  интеграциялық  өсу  стратегиясы; 
әртараптандырулы өсу стратегиясы; қысқарту стратегиясы.
Фирма  стратегиясын  қажет  ағымдағы  стратегияны  анықтау; 
бизнес  портфелін  сараптау;  фирма  стратегиясын  таңдау;  таңдап 


58
алған стратегияны бағалау арқылы анықтайды.
Сала жетекшілері өз іс-әрекеттерінде үш стратегияны қолдануы 
мүмкін:
1.  Ұдайы  шабуыл  стратегиясы.  Бұл  стратегияның  негізгі 
қағидасы – «ең тәуір қорғаныс – жақсы шабуыл». Олар бәсекелестік 
артықшылықтарды (аз шығындар болмаса әртараптандыру) жетекші 
абыроймен жасауға олар бірінші болуға тырысады. Аз шығындарға 
бағдарланған  фирмалар  шығынды  төмендету  саясатын  ұстанады, 
ал  бөлшектеу  бағдарын  ұстаған  фирмалар  ұдайы  өз  өнімдерінің 
жаңа жолдан көрінгенін жөн көреді. Бұл олардың бәсекелестерінен 
айырмашылығы. 
2.  Нығайту және қорғану стратегиясы. Бұл стратегияның мәні 
- жаңа фирмалардың нарыққа кіруін қиындату, ал жетекшілік етуге 
ұмтылған үміткерлерге жағдайын нығайтуға көмектесу. 
3.  Жетекші  артынан  келе  жатқан  фирмалар  стратегиясы. 
Мұндай  жағдайда  жетекшінің  стратегиялы  жағдайы  фирмаға 
бәсекелік қысым жасауды пайдалануды қалайды. Себебі ол фирмалар 
жетекші рөлін атқармайды және жетекшілік етуге үміттенбейді.
4.  Екінші  рөлдегі  фирмалардың  стратегиясы.  Мұндай  рөл 
атқаратын фирмалар нарықтағы саланың жетекшілеріне қарағанда 
әлсіз  болады.  Олардың  кейбіреулері  өжет  үміткерлер.  Олар  өз 
жағдайларын  нығайту  үшін  және  нарықтағы  үлесін  өсіру  үшін 
шабуыл  стратегиясын  пайдаланады.  Екінші  рөлдегі  фирмалардың 
сала жетекшілеріне (фирмаларға) қарсыласуы сирек кездеседі. 
Рыноктың  үлесін  арттыру  үшін  пайдаланатын  бәсекелестік 
стратегиялар мынадай негіздерге сүйенеді:

  әлсіз  фирмалар  бәсекелестердің  өнімдерін  алуға 
тұтынушыларды  тарту  үшін  шығындарды  төмендету  және  төмен 
бағаларды  пайдалануға  ұмтылады.  Бірақ  олардың  шығындары 
әлдеқайда жоғары болады;

  сапаға,  технологиялық  артықшылығына,  тұтынушыларға 
жақсы қызмет көрсетуге және жаңалықтарға негізделген бөлшектеу 
стратегиясын пайдалану.
Екінші рөлдегі фирмалар нарықтың үлесін асыру үшін мынадай 
жағдайларды қарастырады:

  олардың  компанияларында  технологиялық  сілкіністер 
болуын;

  жетекшінің сәтсіздіктерін немесе оның орнықсыз жай-күйін;


59

  егерде олардың шыдамы жетсе, ұзақ уақыт ішінде біртіндеп 
жетекшілердің  тұтынушыларын  өзіне  тартып,  өзінің  меншік 
тұтынушылар шеңберін құруды.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау