Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет131/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   189
стратегиялық менеджмент

29. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
Әлеуметтік-психологиялық 
әдістердің жалпы сипаттамасы
Басқарудың  әлеуметтік-психологиялық  әдістері  ұжымды 
қалыптастыру  әрі  дамыту  үрдісіне,  олардың  өз  араларындағы 
әлеуметтік үрдістерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін 
білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең 
әлеуметтік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  олардың  жан-жақты 
үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке 
тұлғаның  еңбекке  деген  құлшынысын,  ұжымдардың  тиімді  еңбек 
етуін арттыру. 
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын 
өзінің мотивациялық сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама 
адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына 
бағдарланған себептерді көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық 
әдістері 
рухани 
мүддеге 
(қажетті¬лікке)  ықпал  етудің  мүмкіндіктерін  пайдаланады. 
Әлеуметтік мотивация саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және 
басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық 
және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс 
болады.  Әлеуметтік  мәселерді  шешіп  алмайынша  еңбекке  деген 
дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу 
мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін 
қалай ұғуға болады?
Өндіріс  ұжымы  –  бұл  қоғамның  пайдасы  үшін  бірігіп  қызмет 
ететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу 
үшін,  біреу  бәрі  үшін  жауап  беретін,  бір  ұйымға  жұмыс  істейтін 
адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы – бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай 
ғана  бас  қосуын  білдірмейді.  Ол  жекелеген  жұмыскерлер  мен 
олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық, 


221
өндірістік-техникалық,  өнегелік,  мәдени,  тұрмыстық  өзара 
қарым-қатынастарының  күрделі  жүйесіне  негізделген  бірлестікті 
білдіреді. Бұл өзара қарым-қатынас ұжымның ресми және бейресми 
құрылымдарында көрініс табады.
Ресми  құрылым  ұжымда  ресми  түрде  анықталып,  заңмен, 
міндеттемелермен,  өкілеттіліктермен  және  жауапкершілікпен 
бекітілген  адамдардың    байланыстары  мен  қатынастарын 
бейнелейді.
Бейресми  құрылым  жақсы  көру,  жек  көру,  мінез  ұқсастығы, 
ортақ мүдде, өзара түсіністік негізінде қалыптасатын байланыстар 
мен  қатынастарды  бейнелейді.  Бейресми  қатынастың  негізінде 
ұжымды  шағын  топ  (он  адамға  дейін)  пайда  болады.  Шағын  топ 
аз  уақытқа  немесе  ұзақ  уақытқа  созылуы  мүмкін,  бұл  шағын  топ 
ұжымның  басқа  да  мүшелеріне  жайдары  қабақ  танытуы  (ашық) 
ықтимал немесе өздерімен өздері (тұйық) қалуы да мүмкін.
Екі құрылым да ұдайы әрекет үстінде болмақ.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау