Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)


-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛУ КЕЗЕҢІ



жүктеу 3,67 Mb.
бет4/13
Дата13.11.2017
өлшемі3,67 Mb.
#12
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛУ КЕЗЕҢІ.

Жоспары:


5.1 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы

5.2. Зерттеу пәні, мақсаты, болжамы, теориялық тұжырымдамасы

5.3 Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараты
Практикалық сабақтар мазмұны:

5 Ғылыми педагогикалық зерттеудің тікелей кезеңдері:

Мақсаты: Педагогикалық зерттеу кезеңдерінің мәнін түсіну.

Жоспары:


  1. Дайындық кезең, оған сипаттама

  2. Мәселенің шешімін тауып, оны жүзеге асыру

  3. Алынған деректерді сандық және сапалық талдау

  4. Нәтижені талдау

  5. Ұсыныстар

  6. Зерттеу нәтижесін оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.

Тапсырма Әрбір кезеңде қандай мәселелер қарастырылады. Кесте түрінде дайындаңыз.

Әдістемелік ұсыныстар: Дипломдық жұмысты, авторефератты зерттей отырып, соның негізінде жұмысты орындаңыз.
5.1 Педагогикалық зерттеу – оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдеріті және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады.

Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу. Педагогикалық зерттеу үш деңгейге ажыратылады:



  • әдіснамалық – педагогикалық құбылыстардың жалпы принциптері мен зерттеу әдістерін тұжырымдау, эмпиристік және теориялық зерттеулер негізінде теориялар құру;

  • теориялық – бұрын ашылған деректерді түсіндіруге, сондай-ақ болашақ оқиға мен оның дамуын болжамдауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтарды ұсыну және тұжырымдау;

  • эмпиристік – педагогикалық ғылымның жаңа деректерін анықтау және оларды жинақтау негізінде эмпиристік заңдылықтарды тұжырымдау.

Ғылыми – педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы

Педагогикалық зерттеудің динамикасын қарастырмас бұрын, жалпы категорияларды, кез келген әрекетпен сипатталатын мақсат, нәтижені қолдануымыз қажет. Жалпы ғылыми деңгейдегі ұғымдар: эмпирикалық суреттер, теориялық модель, нормативтік модель, проект. Осы айтылған терминологияны қолдана отырып, педагогикалық зерттеу логикасының этаптарын көрсетеміз.

Қозғалыс мақсаттан басталады. Мақсат – бұл нәтиженің көрсеткіші.

Педагогикалық зерттеудің логикасын көрсетуде педагогикалық болмыстың эмпирикалық суреттемесін, танымдық суреттемесін, нормативтік ортаны анықтап алуымыз керек.

Кез-келген педагогикалық зерттеу логикасын ортадағы ғылыми таным этаптарында көрсетуге болады. Ол педагогикалық болмыстағы эмпирикалық суреттеу. Эмпирикалық суреттеуде дәлелдер (фактілер) бейнеленеді. Дәлелдер – бұл жаңа оқулықтар мен педагогикалық ұжымның жұмысы, мұғалімдердің сәтті немесе сәтсіз жұмыстары, оқу материалдарының анықталған түрлері, оқыту тәрбиелеуде қолайлы болуы мүмкін.

Сонымен қоса, философия, педагогика, психология т.б. ғылым аймағындағы білім беру негізінің зерттеу объектісіндегі теориялық моделі көрсетіледі. Бұдан кейін нақты теориялық модель құрылады. Әрі қарай зерттеуші нормативтік модельге, педагогикалық болып, нақты әрекетке көшеді. Соңында зерттеу жұмысының қорытындысында болашақ педагогикалық әрекеттің жобасы, нақты материал немесе білім беру стандарты алынады. Бұл үдеріс ІІІ, IV т.б. модельдеуге жалғасуы мүмкін.

Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен, обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни, нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.

Пән – обьектіден кесіп алынған бөлік емес, ол обьектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, «оқулық...», «ғылыми негіздеме...» зерттеу пәні – онда сапалық қалыптасу, оның басқа, «тұлғалық тәжірибе қосу...» т.б зерттелген. Пәнді бөліп, біз обьектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз. Зерттеу пәні зерттеу обьектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.

Зерттеу пәні – сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, процесс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі. Зерттеу пәні – обьект ішіндегі ізденудің шектелген аспектісі.

Зерттеудің мақсаты – педагогикалық құбылыстың себеп-салдарлық байланысы мен заңдылықтарын айқындау және солардың негізінде теория мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу көзделеді, сол нәтиже оны алғанға дейін қандай жалпы сипатта көрінеді?) Зерттеу мақсаты: не үшін зерттеу пәні зерттеледі (тәрбиенің ғылыми негізін құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша жаңа ғылыми информация алу, тәжірибе нәтижелерінің талдауы т.б.)

Болжам – құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған, негізделген жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі.

Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты эмпирикалық деректерге негіздеуден туған жорамал болуы керек.

Болжам – кейбір құбылыстардың өмір сүруі туралы жорамал. Құбылыстың зерделенетін шеңбері жөніндегі белгілі бір білім негізінде ұсынылған болжам басқарушы принцип рөлін, одан ары қадағалау мен экспериментті бағыттаушы және түзетуші рөл атқарады; сондай-ақ ғылыми білімді дамтыудағы қажетті буын.

Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.

Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіруді қамтамасыз етпейтін шартты жол болады. Педагогикалық зерттеулерде болжамды тұжырымдау, әдетте, сол немесе өзге де педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың өту жағдайын анықтауға арналып бағытталады.

Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар болжамды құру және тексеру.

Болжамды құру алғашқы берілгендерді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау – сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын ең дұрыс негізінде жорамал жасауға мүмкіндік береді.

Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күймен салыстыруды жалпыдан жалқыға қарай жүретін ой қорытындылары жолымен жүзеге асырылады. Осының арқасында болжам мақсатқа бағытты ғылыми ізденіс құралы, ғылыми зерттеулерді ұтымды ұйымдастырудың методологиялық негізі ретінде көрінеді.

Ал, ғылыми болжам дегеніміз тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Тәжірибелік қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау- адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде болады.

Болжамды /гипотеза/ қалыптастыру дегенді қалай түсінеміз?



Зерттеу болжамы – шындыққа сәйкестігі дәлелденуі қажет теориялық тұрғыдан негізделген пікірлер жиынтығы.

Негізгі мәселені шешудегі анықталған нақты мақсаттар, оны жүзеге асыру мүмкін емес, зерттеу сұрақтарын және мәселелерін, жеке шығармашылық ізденістің нақты міндеттерін айқындау. Болжам төмендегідей түрлерге бөлінеді:



  1. Суреттемелік;

  2. Түсіндірмелік;

  3. Суреттемелік – түсіндірмелік;

- Болжамды зерттеудің негізгі ұғымдарын, категорияларын қосуға болмайды.

- Болжамның қалыптасуында дәлелдердің үлкен шеңберде бағалануы.

- Логикалық зерттеуде стилистикалық безендіруді қажет етеді.

Болжамның құрылымы: «егер мынадай және мынадай жаңаны қолданса, немесе қолданыстағы мазмұнды, форма мен әдісті былай да өзгертсе, онда білімді және білікті аса саналы және берік меңгеру қамтамасыз етіледі, оқушының дамуында мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады».

Ал, зерттеу міндеттері дегеніміз – педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке-жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?). Зерттеу міндеттері: ғылыми мәселені зерттеуде зерттеу пәні бойынша мақсаттың дәлдігі, ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты анықталады, педагогикалық теория дамуының қажеттілігі, ал зерттеу міндеттері тек қана мақсаттан емес, сонымен қатар зерттеу жұмысының талаптарының есебінен де туындайды.

Жетекші идея – теориялық жүйе негізіндегі анықтаушы ұғым. Сонымен зерттеу логикасына, яғни зерттеу ережесі мен құрылымына сәйкес студенттер типтік оқу жоспары бойынша курстық және дипломдық жұмыс орындайды.

Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы: барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететеін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін позициясы – ғылым жағдайының терең талдауының нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды.

Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық жән дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады.

Курстық жұмыс деп аталуы оқытудың белгілі бір курсына сәйкес пәндерден жазылуына байланысты. Белгілі бір пәндерден жазылғанымен, студенттер өздерінің білім, іскерлік және дағды қорларын пайдаланады.

Курстық жұмыс зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруге ықпал етеді, педагогикалық қызметке қызығушылығын арттырады, педагогикалық үрдісті талдауға, оның мәнін түсінеді.

Курстық жұмыстың міндеттері:


  • педагогика және психологияның өзекті мәселелері туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді және бекітеді;

  • педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруға шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастырады;

  • өз жұмысының нәтижесін сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді;

  • теориялық білімдерін тәжірибе жүзіне қолдана білуге ықпал етеді, озық тәжірибелерде талдау жасау және қорытындылауға, сондай-ақ, педагогикалық тәжірибеде өзінің қалыптасқан тәжірибесін талдай, қорытындылай алуға үйренеді;

  • педагогикалық үрдіс заңдылықтарының мәнін түсіне бастайды.

Курстық жұмыстың тақырыптары оқу бағдарламаларына сәйкес кафедра белгілейді.

Курстық жұмыстың тақырыптары кафедраның оның мүшелерінің мәселелері ғылыми жетекшісі ісімен байланысты болғаны тиімді. Курстық жұмысқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми жетекшілер бекітіледі.

Ғылыми жетекшінің міндеттері:


  1. Студенттерге тақырыпты анықтауға, жұмыс көлемін белгілеуге, зерттеу мөлшерін анықтауға көмектеседі және мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдістемесін таңдауға көмектеседі;

  2. Курстық жұмыс алдында консультация беріледі (әдіснама, зерттеу әдістемесі, жалпы талаптар, нақтылы нұсқаулар, жұмыс кезеңдері, әрбір кезеңнің жұмыс мазмұны, есеп беру тәртібі және түрі);

  3. Әдебиеттермен жұмыс, материал жинау әдістері, қажетіне қарай тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бағдарламасын дайындауға көмек береді (хаттама жүргізу, тәжірибе, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу жоспарын дайындау, ұжымды зерттеу әдістері т.б.).

  4. Жұмыс барысын ұдайы бақылып отырады;

  5. Курстық жұмысты тексереді, рецензия жазады, қорғауды ұйымдастырады.

Курстық жұмысты дайындау барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгере және оны пайдала білу керек.

Курстық жұмысты дайындау 4 кезеңнен тұрады



Кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Жұмыс түрі, әдістері

Күнтізбелік уақыты

Дайындық кезеңі

1. Зерттеу әдіснамасы, процедурасы, әдістемесімен танысу. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар

Дәріс

3-семестр

(1-2 апта)



2. Ой жұмысын тиімді ұйымдастыра білу.

ҒПЗ әдебиеттерін оқу. Жетекші нұсқауы




3. Тақырыпты таңдау. Жұмыс бағытын және көлемін анықтау

Ғылыми жұмысқа нұсқау (жеке)




4. Курстық жұмысты дайындау жоспар-кестесін құру

Нұсқау-бақылау




2-кезең Курстық жұмыстың мазмұнын бағдарлы жоспарлау

1. мақсат, міндет, обьекті, пәнін анықтау

Курстық жұмыс тақырыбының мазмұнымен танысу

Қараша (3-4 апта)

2. ҒПЗ әдістерін таңдау

ҒЖ нұсқаулар (проблемалық топ)




3. Әдебиеттер тізімін дайындау

Кітаптармен жұмыс




4. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу-бағдарламасын анықтау (бақылау, әңгіме, сұхбат алу, құжаттарды тексеру, оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, анкета)

ҒЖ нұсқаулар (топпен)

ҒЖ нұсқаулар (жеке)



Желтоқсан (1-2 апта)

3-кезең тақырып бойынша деректерді жинау, жүйеге келтіру

1. Сұрақ бойынша теория және тарихымен танысу

Әдебиеттерді оқу, теориялық талдау, үзінді, сілтеме, конспект, баспасөз материалдарын жүйелі оқу

3-семестр

2. Озық тәжірибемен танысу. педагогикалық тәжірибе барысында жұмыс жүргізу.

Оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, түрлі әдістерді қолдану




3. Материалдарды жүйеге келтіру

Картотека дайындау, материалды жүйелеу, (әдебиеттер бойынша, жоспар бойынша)




4. Материалды топтау







4-кезең

1. Курстық жұмыстың композицияларын дайындау

Курстық жұмыстың жоспар жобасын дайындау және ғылыми жұмысты талқылау




2. жазбаша баяндау. Қорытынды. Курстық жұмыстың 1-варианты

Жоспар бойынша материалды баяндау, талдау, қорытындысын өзара рецензиялау




3. Өңдеу, жасақтау

Ғылыми жұмысты рецензиялауы




4. Қорғауға баяндама дайындау

Ғылыми жұмыс нұсқауы




5. Курстық жұмысты қорғау

Курстық жұмыс бойынша баяндама жасау



Дипломдық жұмыс – жоғары оқу орны студентінің соңғы оқу жылында орындайтын, ғылыми ізденістің және жобалаудың, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесі ретіндегі дербес жазбаша жұмысы. Дипломдық жұмысты орындау әдістемесінің моделі төмендегідей:




Кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Жұмыс түрі, әдістері

Орындау уақыты

1-кезең. Дайындық

1. Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі бойынша білімін жаңғыртып, жетілдіру.

2. Дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар.

3. Тақырыпты таңдау.

4. Жұмыс жоспары кестесін дайындау.



1.Зерттеу әдіснамасы, әдістемесі туралы нұсқау беру.

2. Түсіндіру-әңгіме.

3. Ой еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру туралы әдебиеттер ұсыну.

4. Ғылыми жетекшіден жеке нұсқау алу.



3 (2) курстың екінші оқу жылында дипломдық жұмыстың тақырыбын алдын ала анықтау. Диплом тақырыбын бекіту (кафедра, ғылыми кеңес)

2-кезең. Диплом жұмысының мазмұнын жоспарлау. Зерттеу әдістемесін дайындау.

1.Мәселені зерттеу пәнін, мақсатын, міндеттерін, ғылыми болжамын анықтау. Диплом құрылымымен жұмыс

2. Әдістемені негіздеу. Зерттеу әдістемесін дайындау немесе таңдау.

3. Диплом жұмысына теориялық және тәжірибелік материал көзін анықтау

А) библиография дайындау;

ә) тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізу орнын белгілеу.

4. Озық тәжірибені зерттеу бағдарламасын дайындау

5. Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының бағдарламасын әзірлеу.


1. Әдіснама және зерттеу әдістемесі негізінде диплом жобасын дайындау.

2. Диплом жобасын ғылыми жетекшімен қарау.

3. Кітапханада жұмыс істеу. Дерек көздерінің картотекасын дайындау.

4. Ғылыми жетекшінің жеке нұсқауы.

5. Зерттеу бағдарламасын дайындау. Ғылыми жетекшінің нұсқауы.


Айын көрсету керек.

3-кезең.

Өзіндік зерттеу жұмыстары



1. Диплом жұмысына байланысты мәселенің тарихын және теориясын зерттеу.

1. Әдебиеттермен жұмыс (сілтеме, үзінді, конспекті, аннотация)

  • Диплом жұмысының жоспарына сәйкес жинақталған материалды жүйеге келтіру.

  • Әдебиеттерге ғылыми-теориялық талдау жасау (әдіснамалық негізін анықтау);

  • Мәселе бойынша тарихи тұрғыдан елеулі көзқарастарды топтау, зерттеу пәні бойынша өз қатынасымды білдіру;

  • Әдеби көздерге ғылыми-теориялық талдау жасау негізінде мәнжазба дайындау;

  • «Мәселе бойынша қалыптасқан теориялар» атты хабарлама дайындау.

2.Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, сұхбат, анкета, мектеп іс-қағаздарын және оқушылар әрекетінің өнімдерін зерттеу:

  • Алынған материалдарға талдау жасау;

  • Ғылыми-әдіснамалық баяндама дайындау және мектеп мұғалімдері алдында әртүрлі конференцияларда баяндама жасау;

3.Педагогикалық эксперимент, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар.

  • Алынған материалдарға талдау жасау және қорытындылау;

  • Осы материалдар негізінде ғылыми-әдістемелік баяндама дайындау және келешекте ғылыми жұмысты жалғастыру.

4.Қосымша бақылау, тәжірибелер, іздену жұмыстары.




4-кезең. Тақырып бойынша зерттеу жұмысының нәтижесін насихаттау және педагогикалық үрдіске ендіру.

1. Ауызша және баспасөзге мәселе бойынша ғылыми мақалалар жариялау.

1. Мектеп педагогикалық кеңесінде, оқу-әдістемелік бірлестіктерде, жоғары оқу орындары студенттері, оқытушы-профессорлар алдында, әр түрлі конференциялар, семинар-практикумда баяндама жасау.

2. Баспасөзге материалдар дайындау.

3. Мұғалімдер, класс жетекшілері, кураторларға мәселе бойынша әдістемелік нұсқау, көрнекіліктер дайындау.


Уақыты көрсетіледі.

1-кезең. Диплом жұмысын аяқтау және қорғау.

  1. Диплом жұмысын талапқа сәйкес құрылымын анықтау.

  2. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері негізінде диплом жұмысының мәнін көрсету, диплом жұмысын қорытындылау.

  3. Дипломдық жұмысты қорғау.

Мемлекеттік комиссия алдында ауызша баяндау. Комиссия талаптары бойынша зерттеуге байланысты материалдар ұсыну (картотека, аннотация, конспекті, хаттама, әдістемелік ұсыныстар, анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау эксперименті материалдары)

  1. Ғылыми жетекшімен бірге дипломдық жұмыстың жобасын жетілдіруді талқылау.

  2. Диплом жобасына сәйкес зерттеу жұмысының нәтижесін толық баяндау.

    • Дипломдық жұмыстың соңғы қорытындысын ғылыми жетекшімен тексеру, ой елегінен өткізу.

    • Олқылық кемшіліктерді түзету.

  3. Ғылыми жетекшіге аяқталған зерттеу жұмысын ұсыну.

  • Рецензияланған жұмысты тексеру.

  • Қорғауға баяндама дайындау (уақыты, кіріспенің негізгі материалын енгізу, тарау (бөлімі) және қорытынды);

  • Көрнекі құралдарын дайындау (кесте, сызба, диаграмма, иллюстрация)







Сонымен зерттеу элементтерінің құрамы мыналар:

Тақырыбы проблеманың құрамдас бөліктері тақырып бойынша зерттеудің нәтижесінде ғылыми сұрақтарға жауап алынады. Зерттеу жұмысында тақырыпты таңдаудың мәні зор. Демек тақырып таңдауда мынадай талаптар қойылады:

1. Ғылыми маңыздылығы, мәнділігі.

2. Ғылыми жаңа үлес қосуы.

3. Тәжірибелік өзектілігі, бұны кіріспеде жазғанда тақырыптың өзектілігі немесе көкейтестілігі деп те жазады. Ғылыми зерттеу жұмысы белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Мақсат белгілі бір өзекті мәселені шешу, күту соған сәйкес күтілетін мәселе.

Зерттеу мақсаты педагогикалық зерттеудің заңдылықтарын ашу, әдіс-тәсілдерін табу.

Зерттеу міндеттері – ғылыми мәселені зерттеуде ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты, зерттеу пәні бойынша оның дәлдігі анықталады.

Зерттеу объектісізерттеу жұмысы жүргізілетін педагогикалық кеңістік. (мұғалімдер немесе оқушылар ұжымы, педагогикалық үрдіс, мектептің тәрбие жұмысы, бір пәннің әдістемесі)

Зерттеу пәні – бұл объектінің бір нақтылы зерттеу бөлшегі. Онда зерттеледі: сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, үдеріс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі.

Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы – барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін ұстанымы – ғылым жағдайының терең талдаудың нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды.

Ғылыми гипотеза (болжам) проблеманы шешудің жобасы. Ол ғылыми танымның дамуына белсенді ықпал етеді және жаңа деректерді жинақтау және жүйелеуге әкеледі. Сондай-ақ, жаңа зерттеулерге негіз болатын, яғни жаңа идея, жаңа теорияны қалыптастыруға ұмтылдырады. Болжамға қойылатын талаптар:


  1. Оның деректерге қатынасы. Демек тексерілген деректерге , факторларға сәйкес келуі белгісіз деректер мен дәлелдерді түсіндіреді.

  2. Болжамның ғылымның ашылған заңдылығына қатынасы. Болжам құбылыстың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін, түсіндіру мақсатын, алға қойған, негізделген, жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі. Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты деректерге негізделген жорамалды түсіну керек. Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар: болжамды құру, тексеру. Болжам алғашқы берілгенді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау, сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емас, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын, жорамал жасауға мүмкіндік береді. Божамды тексеру одан туындайтын нәтижені тексеру.

Зерттеу әдістері – әдістер, тәсілдер жиынтығы. Олар арқылы зерттеу міндеттері, тексерілген ғылыми гипотеза, алынған ғылыми деректер шешіледі.

Зерттеу жұмысының маңыздылыңы көтеріліп отырған мәселенің өзектілігімен анықталады. Ғылыми зерттеудің тәжірибелік ғылыми өзектілігін айыра білу қажет. Себебі, ғылымда өзектілігі шешілмеген мәселе тәжірибеде өзінің қорытындысын талдауы мүмкін.


Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Курстық жұмыстың дипломдық жұмыстан негізгі айырмашылығы неде?

2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының түрлерін толықтыр: курстық жұмыс, ...

3. Бұл қай ғылыми аппаратқа тән: ... тиімді болады, сол уақытта; егер мынандай жұмыстар істелінсе...

4. Дипломдық жұмыстың кіріспе бөліміндегі ғылыми аппараттарды жалғастыр:... обьекті,...
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Мақсат дегеніміз не?

А) әрекет арқылы адамның жеткісі келетін нәтижесі

В) әрекеттің реттілігін белгілеу

С) нәтижеге жету жолдары

D) адамның іс-әрекеті

Е) ойлау нәтижесі



2. Зерттеу жұмысының кіріспесіндегі негізгі ұғымдардың тізбегін белгіле:

А) мақсат

В) обьекті

С) шығарма

D) баяндама

Е) болжам



3.Педагогикалық зерттеулердің деңгейлерін белгіле:

А) әдістемелік, теориялық, эмпирикалық

В) шығармашылық, қатынастар жиынтығы

С) жоспар дайындау, нәтижесі

D) кезеңдерін анықтау, талдау

Е) теориялық, технологиялық, әдіснамалық



4. Болжамның дұрыс немесе дұрыс емес екендігі қай уақытта белгілі болады:

А) ғылыми әдебиеттерді талдау барысында

В) теориялық бөлімде

С) анықтауыш эксперимент барысында

D) қалыптастырушы эксперимент барысында

Е) байқау экпериментінің нәтижесін анықтағанда



5. Курстық жұмыс пен дипломдық жұмыстың айырмашылығы

А) Ғылыми аппараттары жағынан

В) Құрылымы жағынан

С) Әдебиеттер саны мен көлемі жағынан

Д) Көлемі, мазмұны жағынан

Е) Барлық жауап дұрыс



  1. Курстық жұмысты жазудағы сақталатын талаптар

А) Мазмұны, өзектілігі, нақтылығы

В) Көлемі, ғылыми аппараттары, әдебиеттер тізімі

С) Талапқа сай жазылуы

Д) Қолданылған әдебиеттер, көлемі, мақсаттылығы

Е) Барлық жауап дұрыс


  1. Дипломдық жұмысты жазудағы мақсат

А) Ғылыми жетекшімен студенттің бірігіп жұмыс жасауы

В) Алынған білімдерін қорытындылап, нәтижесіне жетуі

С) Берілген жоспарға сәйкес алынған тақырыптың нақтыланып, ашылуы

Д) Алынған тақырыптың ғылыми аппараттарының дұрыс болуы

Е) Барлық жауап дұрыс


  1. Дипломдық жұмыс кімнің басшылығымен орындалады?

А) ӘТжірибеден өтушінің

В) Мұғалімнің

С) Ғылыми жетекшінің

Д) Әдіскердің

Е) Барлық жауап дұрыс


  1. Дипломдық жұмыс пен курстық жұмысты жазуғады басты талап

А) Ғылыми аппараттарын дұрыс нақтылау

В) Әдебиеттер тізімін дұрыс жазу

С) Бетін дұрыс қою

Д) Стандартқа сай жазу

Е) Барлық жауап дұрыс


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау