Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Органикалық қосылыстар трансформациясы жəне оның өнімдері



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет42/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   216
биотехнология кітап (2)

2. Органикалық қосылыстар трансформациясы жəне оның өнімдері
Микробты трансформация
 – бұл микроорганизмдер ферменттерінің əсерінен
органикалық қосылыстардың жартылай өзгеріп, ортада жиналуымен жүретін үдеріс.
Осындай  үдеріс  нəтижесінде  қандай  да  бір  өнімнен  басқадай, яғни  өндірістік
қажеттілікке  байланысты  құнды  өнімдер  алынады. Мысалы, глюкоза  қосылған
қоректік  ортада  псевдомонаданың  кейбір  штаммдарының  өсуі  кезінде  глюкоза
тотығуының  өнімі – глюкон  қышқылы  жиналады, кейін  оны  бактериялар
көміртектің  көзі  ретінде  пайдаланады. Микроорганизмдердің  трансформациялау
қабілетінің өндірістік маңызы – қажетті бағалы өнімдерді алу үшін қолданылуы.
Көптеген  фермент  түрлері  қатысатын  биосинтез  жəне  ашыту  үдерістерімен
салыстырғанда, микробиологиялық
трансформацияда 
тотығуды,
декарбоксильденуді, метильдену жəне басқа да реакцияларын қадағалайтын бір ғана
фермент  болады. Қандай  да  бір  заттарды  трансформациялау  үшін, соған  қажет


64
болатын  культура  түрін  трансформацияланатын  ертіндінің 5-10% көлеміне
жеткенше арнайы ортада көбейтеді. Трансформациялауға арналған ертіндісі, оған ең
көп  мөлшерде  трансформацияланатын  заттардың  еруі (көбінеес 10-25%) мен
химиялық заттарының бөлінуіне кедергі келтірмейтіндей, аз көлемдегі культураның
дамуына  қажетті  қоректік  тұздардың  болуы  қамтамасыз  етілуі  қажет. Егер  де,
трансформацияланатын  зат  суда  ерімейтін  болса, оны  алдымен  бейтарап
органикалық еріткіште ерітіп, кейіннен  қарқынды түрде араластыру арқылы негізгі
ортамен  араласып  кетуін  қамтамасыз  етеді. Трансформация  үдерісі  стерильді, рН
оптималды  көрсеткіші  қамтамасыз  етілген, температура  жəне  т.б. қажетті
жағдайлары  сақталған  ортада  жүргізіледі. Трансформация  үдерісі  көбінесе 1-2
тəулікке  созылады. Микробтық  трансформация  үдерісі  өтіп  болғаннан  кейін,
ертіндіден қажетті өнім химиялық жолмен бөлініп алынады.
Микроорганизмдер  химиялық  синтезде, химиялық  катализаторлар  қызметін
атқарады. Бірақ, олардың  ерекшелігі, катализаторлық  реакцияға  сəйкес  қолайлы
жағдайда жұмыс істейді жəне биологиялық зиянды қалдықтар мен аралық өнімдерді
аз бөледі. Микробтық трансформация үдерістері субстрат өнім тізбегінің химиялық
айналу 
түріне 
байланысты 20 түрге 
бөлінеді. Тотығу-тотықсыздану,
декарбоксильдену, дезаминдену, метильдену, изомерация  жəне  т.б. Мысалы:
Mycobacterium globiforme жасушаларының  қатысуымен – кортизон  стеройдын,
дикарбоксильдеу  арқылы  қабынуға  қарсы  дəрмектерді – преднизон  жəне
преднизалон,
Pseudomonas
 sp618 жасушаларынан  аспарагин  қышқылының
декарбоксильденуі  арқылы – аланин  жəне  амин  қышқылын, ал
Streptomyces
 sp
618
дақылдарын фруктозасының изомерациясы арқылы – глюкозаны алады.
Өнеркəсіптік мақсатта пайдаланылатын əртүрлі микроорганизмдердің түрлері,
олардан алынатын өнімдер мен қолданылатын салаларын келесі сызбанұсқа түрінде
көрсетуге болады (сурет-15):
Өнеркəсіптік
микроорганизмдер
Corynebacterium
Spibrevibacterium sp
Streptomyces sp Bacillus
sp
Bacillus sp
Aspergillus sp
Амин қышқылдары
Антибиотиктер
Ферменттер
Денсаулық сақтау
Тағам өнеркəсібі
Ауыл ш
аруашылығ
ы
Химиялық өнеркəсіп
Денсаулық сақтау
Ауыл ш
аруашылығ
ы
Тағам өнеркəсібі
Сыра өнд
ірісі
15-сурет. Микроорганизмдерді өнеркəсіпте пайдалану жолдары


65
Органикалық  қосылыстардың  микробиологиялық  трансформациялануын  келесі
топтарға бөлуге болады:
-
тотығу  реакциясы
: активтендірілмеген  көміртегінің  гидрооксилденуі,
олефиндер  мен  аллильді  топтарының  тотығуы, ароматты  шиыршығының
микробиологиялық
гидрооксильденуі, ароматты
қосылыстары
шиыршықтарының  үзілуіне  əкелетін  тотығуы, май  қышқылдарының
b
-
тотығуы, карбинольді  топтарының  карбонильді  жəне  карбоксильді
топтарына  дегидрленуі  мен  тотығуы, альдегидтердің – карбоксильге,
метилдің – карбоксильге өтуі, циклді спирттерінің дегидрогенизациялануы,
амин 
топтарының – нитротоптарына, циклопарафиндерінің –
циклокетондарға тотығуы, аралас тотығуы сияқты реакциялар жатады;
-
қалыпқа  келу (восстановление) реакциясы:
  альдегидтердің  бастапқы
спирттерге  қайта  айналуы, кетондар  мен  дикетондардың  қалпына  келуі,
қосалқы  байланыстарының  гидрилденуі, нитротоптарының  қалпына  келуі,
біріншілік  жəне  екіншілік  спирттерінің  қалпына  келуі, альдегидтердің
меркаптоқосылыстарына трансформациялануы жəне т.б.;
-
декарбоксилирлену:
  органикалық  қосылыстардың  метильді  топтарының
ақырғы  өніміне  декарбоксилирленуі, кето  қышқылдарының  карбол
қышқылдарына  дейін  тотыға  декарбоксильденуі, кето  қышқылдарының
спирттерге  қайта  декарбоксильденуі, амин  қышқылдарының  аминдер  мен
амин  қышқылдары  түзілуіне  дейін  декарбоксильденуі, моноамин
қышқылдарының 
спирттер 
мен 
окси 
қышқылдарына 
айналуы,
декарбоксильденудің аралас типтері;
-
дезаминдеу  реакциясы:
амин  қышқылдарының – карбон  қышқылдарына,
амин  қышқылдарының – кето- жəне  окси  қышқылдарына, амидтердің –
спиртке, аминдердің – альдегидтер  мен  кетондарға, аминдердің – тиісті
карбон қышқылдарына дезаминденуі мен аралас типті дезаминденулері;
-
гликозидтердің  түзілуі;
мысалы  глюкозадан  ашытқылар  арқылы  мальтоза
синтезі;
-
гидролиз:
эфирлер  шайылуы, гликолиздік  байланысының  гидролизі,
амидтер гидролизі, ақуыздар гидролизі жəне т.б.
-
метильдеу реакциясы:
·
метилирлеу реакциясы
;
·
этерификация
 жəне соның ішінде фосфорилирлеу мен ацетильдеу;
·
дегидратация
;
·
конденсация реакциясы
 ;
·
аминирлеу мен амидирлеу
;
·
диметоксилирлеу реакциясы;
·
нуклеотизация;
·
галогенирлеу;
·
деметилирлеу;
·
ассиметризация;
·
рацемизация;
·
изомеризация.


66
Қажетті  қосылыстар  алу  мақсатындағы  микробиологиялық  трансформация
реакциялары  тізбегін  жүргізуге  керек  болатын  микроорганизмдер  культурасы
эмпирикалық жолмен таңдап алынады.
Қазірге  кезде  лимон  қышқылдарының  ең  ірі  өндірістері  бойынша  АҚШ (1
жылда 200 мың тонна ) жəне ТМД елдерінде (1 жылда 25 мың тонна ) өндіріледі.
Трансформацияның  кейбір  жағдайларында  тотығу  жəне  гидролиз  сияқты
бірнеше  реакцияларды  талап  ететін  субстрат  молекуласының  күрделі  өзгерістері
жүреді. Жалпы  органикалық  қосылыстарды  бактериялар, актиномицеттер  жəне
саңырауқұлақтар да трансформациялауға қабілетті келеді.
Трансформациялау  реакциясына  негізделген  өндіріс  үдерісінде  көмірсулар,
стериндер, стероидтар, кейбір  амин  қышқылдары, нуклеотидтер, антибиотиктер,
алкалоидтар, простогландиндер  сияқты  күрделі  молекулалы  заттардың  жеңіл
өзгерісі  қажет  болған  жағдайында  ғана  тиімді  болып  саналады. ТМД  елдерінде
микробты  трансформация  көмегімен  стеройдты  гармондардың  бірнеше  түрін
өндіреді, мысалға алғанда преднизолон. Кейбір микробиологиялық өнеркəсібінде 6-
атомды  спирт – сорбитті  сорбоза  моносахаридіне  айналдырады, ал  соңғысы «С»
дəруменінің алғы заты болып табылады.
Органикалық  қышқылдарды  медицинада, тамақ  өнеркəсібінде, техникалық
мақсатта жəне əртүрлі химиялық синтезде пайдаланады. Үш карбондық қышқылдар
айналасында  кездесетін  барлық  қышқылдарды  микробиологиялық  жолмен  алуға
болады. Бірқатар  органикалық  қышқылдар  айналымда  түзіледі, ал  қалғандары
əртүрлі  ферментацияның  өнімдері  болып  табылады. Көбінесе  органикалық
қышқылдың  түзілу  үдерісі  аэробты  жағдайдағы  көміртекті  қосылыстардың  шала
тотығуына  негізделеді. Қазіргі  кезде  өнеркəсіптік  көлемде  жəне  пилотты
қондырғыда 35% (изолимонды  қышқыл) -100% (галды  қышқылы) дейін
шығымдылығы  жоғары  органикалық  қышқылдардың 18 түрін  өндіреді, олардың
ішінен  тек  лимон  қышқылы  толық  ферментация  жолымен  алынады. Ал  басқа
қышқылдарды, микробиологиялық жəне химиялық əдістер арқылы өндіреді.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау