51
əртүрлі функциональдық топтарының болуын, қолданылу ыңғайлылығын айтуға
болады. Мысалы, осы мақсатта қолданылатын каррагинан, альгин қышқылы жəне
олардың тұздары болып табылатын альгинаттардың басты ерекшеліктері ретінде –
төмен температурада пайдалану мүмкіндігі мен олардың белгілі жағдайда гель
түзетінін айта аламыз. Кейінгі кездері осындай мақсатта фермент тасымалдаушысы
рентінде хитин мен хитозин кеңінен пайдаланылуда. Аталған тасымалдаушыларға
иммобильденген ферменттердің белсенділіктері жоғары, термотұрақты жəне
бактерияларға да төзімді келетіні анықталған.
Ферменттер
иммобилизациясына
арналған
синтетикалық
полимер-
тасымалдаушылар ретінде стиролдар негізінде – дивенилбензол сияқты тігуші
қызметін атқаратын агенттері, полиуретан негізіндегі – полимерлер, ПААГ
(полиакриламид гелі), поливинил спирті негізіндегі тігуші агент ретінде – глутар
альдегиді жасалынып, өндірісте арнаулы мақсаттарда пайдаланылады.
Органикалық заттардан – табиғи липидтер немесе олардың синтетикалық
аналогтары төмен молекулалы тасымалдаушылар болып есептелінеді. Липидтік
тасымалдаушыларда ферменттер əртүрлі беткейлерде – моноқабат түрінде немесе
сфера пішінді биқабат (липосома) түрінде орналасып пайдаланылады.
Органикалық емес тасымалдаушылар ретінде, түйіршікті немесе монолиттік
түрінде қолданылатын – силикагель, сазбалшық, керамика, табиғи минералдар жəне
олардың оксидтері негізіндегі заттар қолданылады. Мұндай тасымалдаушылардың
басты артықшылықтары – оңай регенерацияланады жəне кез келген құрылымды
бере алады.
Жасушаларды 4 тəсілмен иммобильдеуге болады:
1. Жасушаларды əртүрлі оқшау (инерттік) заттармен (альгинат гелімен,
агармен, ПААГ, желатинмен, коллагенмен) қаптау.
2. Оқшау заттың беткі қабатына ферменттерді жəне жасушаларды адсорбция
арқылы орналастыру.
3. Оқшау
заттың
беткі
қабатына
жасушаларды
биологиялық
макромолекулалар (пектиндер) арқылы «тігу».
4. Ферменттерді жəне жасушаларды коваленттік байланыстар арқылы оқшау
субстраттарға орналастыру (мысалы, карбоксиметилцеллюлозаға-КЦМ)
арқылы.
Биологиялық құндылығы тұрғысынан, оқшау затқа бекітілген ферменттер мен
жасушалар өз өміршеңдігін сақтауы себепті маңызды болып табылады. Осындай
жолмен бекітілген жасушалар төңірегінде қоректік орта көп мөлшерде араласып
тұрады, яғни оның құрамын өзгертіп, өсу қарқындылығын бəсеңдету арқылы
қосымша заттарды көбірек алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: