Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет110/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

Негізгі түсініктер:
 Экономикасы дамыған мемлекеттер, 
экономикасы дамушы мемлекеттер, мемлекеттік қаржы, ЖІӨ, 
 
кəсіпорындар қаржысы, экспорт жəне импорт, жаңа индустриял-
ды мемлекеттер, нарықтық шаруашылық модель, бюджет, ми-
нистр аралық комитет, прогрессивтік салық ставкасы,  «рейндік» 
капитал, қаржылық тұрақтылық, инфляция, левиридж, активтер, 
макроқаржылық тəуекелдер т.б.
Тақырыптың мазмұны.
 Біріккен Ұлттар Ұйымы экономика-
сы дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, 
Солтүстік Американың, Австралия мен Мұхиттық аралдардың 
шамамен 60 елін жатқызады. Олардың бəрінің экономикалық 
жəне əлеуметтік даму деңгейі жоғары жəне жан басына келетін 
жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай айырмашылық жасай-
ды. Алайда, бұл елдер тобы іштей қарағанда əркелкі болып келеді 
жəне оның құрамынан төрт топты бөліп көрсетуге болады. 


267
Олардың біріншісін «Батыс елдерінің үлкен жетілігі» құрайды, 
оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия жəне 
Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі экономикалық жəне са-
яси іс-əрекетімен көзге түсетін жетекші елдері.
Əлем бойынша дамыған мемлекеттердің қатарына мына мем-
лекеттер жатады: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Кипр, 
Чехия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Жапо-
ния, Испания, Швейцария,  АҚШ, Ұлыбритания т.б.
Германия. Германия мемлекетінің 1990 жылы батыс жəне 
шығыс бөлігінің қосылғанынан кейін Германия Еуропадағы 
ірі экономикалы мемлекетке айналды. Германия экономикасы 
дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі сала-
лары мəшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия жəне 
фармацевтика өнеркəсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының 
өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік 
инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 əуежай, 6,8 мың 
шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс 
істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық 
теңізіндегі Киль, Любек жəне Росток теңіз порттары қосылады. 
Германияның сыртқы саудадағы əріптестеріне келсек, ең алдын-
да Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, 
Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Ита-
лия, АҚШ жəне Нидерланды келеді. Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-
ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптары-
нан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы 
жəне кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның 
алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік 
Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне 
байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық са-
лаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау. Əлем бой-
ынша ЖІӨ көлемінен 3 орындағы көшбасшы  болып табыла-
ды. Германия табиғи ресурстарға бай емес,  алайда көмір мен 
тұз өндіретінін айта кеткен жөн.  Германия үшін əлеуметтік-
нарықтық шаруашылық моделінде мемлекеттің рөлі көбінесе 
 
экономикалық  өсім  мен байлықтың  теңдей бөлінуі арасында 
айқындалады. Жүйенің  маңыздысы  мемлекеттің кəсіпкерлік 
қызметі болып табылады. Экономиканың келесі ерекшелігі бо-
лып «рейндік капитал» деп аталатын мемлекеттің банктік секто-


268
ры көрсетілген. Банктер өндірістік компаниялардың акционерлері 
болып табылатындықтан кəсіпкерлік қызметтің  дамуында үлкен 
рөл атқарады. 
Италия. Италияның қаржы жүйесінің құрамына орталық 
үкіметтің бюджеті  жергілікті билік органдарының бюджеті, ар-
найы қорлар жəне мемлекеттік кəсіпорындардың  қаржысы 
кіреді. Қаржы жүйесінің ең үлкен бөлігі орталықтандырылған 
үкіметтің бюджеті саналады. Жергілікті бюджеттер мен əлеу-
меттік-қамтамасыздандыру институттарының бюджеттері мем-
ле кеттік бюджетке кірмейді. Италияда қаржылық жыл 1965 
жылға дейін 1 шілдеден 30 маусымға дейін болған, 1965 жыл-
дан бастап күнтізбелік жылмен сəйкес  келеді. Мемлекеттік 
бюджеттің жобасын қазынашылық министрлік жасап, үкіметтің 
қол қоюына жібереді, яғни министрлердің мақұлдауымен парла-
ментке жіберіледі. Парламент бюджет жобасына өзгертулер мен 
толықтырулар енгізуі мүмкін немесе  қайтарып жіберуі мүмкін. 
Италияның қазіргі таңдағы несиелік жүйесі XX ғасырдың 20-30 
жылдары қалыптаса бастады. Осы уақытта мемлекеттік банктер 
жекешелендіру процесінде болды. Италияның несие жүйесін 
министр аралық комитет басқарады. Комитет төрағасы болып 
қазынашылық министр сайланады, ал комтет мүшелері келесі 
министрлер: қоғамдық жұмыстар жөніндегі, сыртқы сауда, ауыл 
шаруашылығы, қаржы, бюджет жəне экономикалық бағдарламалау 
министрлері болып табылады. Италияның мемлекеттік табы-
сының ең маңызды көзі-жеке тұлғаларға салынатын жеке та-
быс салығы. Салық прогрессивті сипатқа ие жəне жеке тұлғамен 
есепті жылда алынған кешенді таза табысын ескереді. Бұл табыс 
меншікті жерден, капиталдан, кəсіпкерлік іс-əрекеттен, жалдан 
түседі немесе құралады. Меншікті жерден табыс жер учаскелері 
жəне құрылыстағы табыстардан құралады. Жер рентасының 
мөлшері кадасторлық инвесторлармен реттеледі. Иемденушінің 
қолдануындағы құрылыстарға салынатын салық мөлшері тариф 
негізінде бекітіледі. Жалға берілген құрылыстарға салық мөлшері 
келісімді жалмен ќамтылған жылдыќ жал төлемімен аныќталады. 
Оңтүстік Корея. Əлемде даму қарқыны жағынан жоғары 
мемлекеттерді «жаңа индустриялды мемлекеттер» деп атай-
ды, осы мемлекеттер қатарына Оңтүстік Корея мемлекеті жата-


269
ды. Кореяда қаржы жүйесінің құрылуы мен дамуы мемлекеттік 
бақылауында болып табылады. Қаржы жүйесінің құрылымы:
Мемлекеттің бюджеті үкіметтің  барлық экономикалық жəне 
əлеуметтік шығыстарын кіріктіреді.Кореяның салық жүйесі
2 сек торға бөлінеді: ұлттық жəне жергілікті салықтар. Ұлттық 
салықтарға тікелей салықтар жатады, яғни табысқа салынатын 
салық, КТС, мұрагерлікке салық, ҚҚС, акциздер. Жергілікті 
салықтарға облыстар мен аудандардан алынатын салықтар жа-
тады, яғни, темекі өнімдеріне салықтар, жолдарды қолданғаны 
үшін салықтар, жолдарды жөндеуге салықтар.
2011 жылдың сəуір айына əлемдік қаржылық тұрақтылық 
деңгейі макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы соңғы 6 айда 
жақсарған. Алайда  дамуды тежеу мүмкіндігі бар бірнеше фак-
торлар бар. Мемлекеттің  саясатына əсер ететін 2 түрлі көтерілу 
байқалуды (біріншісі шектеулі – дамыған экономикасы бар 
мемлекеттердегі,  екіншісі активті – дамушы мемлекеттердегі). 
Экономикасы дамыған мемлекеттерде дағдарыстан зардап шек-
кен үкімет жəне халықтың қазіргі таңда қарыздары əлі де жоғары, 
ал қаржылық кəсіпорындар мен жалпы экономикасы тəрізді əлі 
де қалпына келмеген. Нарықтары қалыптасып келе жатқан  мем-
лекеттер жоғары ішкі сұраныс жəне  капиталдың келуі салдары-
нан несиелендірудің өсуімен байланысты жаңа мəселедермен 
кездесуде. 
Экономикасы дамыған мемлекеттердің алдында эконо мика-
лық саясатта макроэкономикалық қолдауды жəне өтімділікті 


270
қолдауды құрылымдық, қаржылық жүйені «қолдауға» қарағанда 
«тазарту»  сипатында  болу мақсаты тұр.  Дамушы мемлекеттер-
дің дамыған мемлекеттерге қарағанда портфельдік капиталдың 
келуімен байланысты өсу қарқыны жоғары. Бұл кейбір қаржылық 
нарықтарға əсер етеді жəне левиридждің өсуіне, активтерге деген 
бағаның тұрақсыздығына, инфляциялық қысымның пайда болу-
ына əсер етеді. Бұл мемлекеттерге макроқаржылық тəуекелдер -
дің өсуінен макроэкономикалық өсімді тоқтататын, қаржылық 
тұрақ сыздыққа əкелетін кейбір мəселелерге бақылау орнату 
қажет. Жақын арада ең өзекті мəселе болып еуро аймағындағы 
банктерді жəне тəуелсіз құрылымдарды қаржыландыру бола-
ды. Дамыған мемлекеттерде қаржыландыруға шығындар мен 
жинақталған мемлекеттік қарыздың жоғарлауы мемлекеттік 
пайыздық төлем 
дердің жоғарлауына алып келеді. Жапонияда 
қазіргі бюджеттің бағытталған мақсаты болып жер сілкінісінен 
кейінгі қайта құруларды қолдау, ал белгіленген мерзімде орта 
мерзімді мақсат тарға қайта оралу белгіленген. Дағдарыс уақы-
тында тəуекелдер жеке сектордан мемлекеттік секторға ауысса да 
дамыған мемлекеттерде əлі банктік жүйеге сенімсіздік байқалуда. 
АҚШ-та ипотека саласында мəселелер сақталып келуде, соған 
байланыс ты тұрғын үй нарығы банктік секторға қысым көрсетуде, 
яғни несиені қолдану мүмкіндігін тежеу арқылы. Банктік жүйесі 
ақсап қалған мемлекеттер банктерді қайта құрып, қайта капи-
талдандырып жəне əлсіз несиелік ұйымдарды жабуы керек. Осы 
ұзақ мерзімді қайта құруларсыз қаржыландыруға қатысты қысқа 
мерзімді қиындықтарды жеңу қиынға соғады. Қазіргі таңда 
АҚШ-та федералдық резервтік қормен кепілдендірілмеген дол-
ларлар басылып шығарылуды, бұл халықтың наразылығын кел-
тіруде. Соған байланысты Юта штатында алтын мен күмісті 
төлем валютасы ретінде қолдануға заң қабылданды.
Əлемдік банктің тұжырымдамасы бойынша  келесі 25 жыл-
да əлемдік экономиканың көшбасшылары дамушы мемлекеттер 
болады. Əлемдік банктің санауы бойынша  2030 жылға қарай 
дамушы мемлекеттердің көмегімен əлемдік ЖІӨ екі есеге дейін 
ұлғаяды.
2030 жылға қарай əлемдік ЖІӨ 35 трлн. доллардан 72 трлн.
долларға дейін өсетін болады. Дамушы мемлекеттер осы өсімнің 
38% құрайтын болады. Дамушы жəне кедей елдер əлемдік 


271
ЖІӨ-дегі бөлігі 22%-дан 31%-ға өсетін болады. Дамушы 
мемлекеттердің əлемдік экономикаға қосатын үлесі өте маңызды 
болады. 
«Бөлек мемлекеттердің дамуы арасындағы айырмашылық 
азаятын  болады – Азия жəне Шығыс Еуропа мемлекеттері 
дамыған мемлекеттердің қатарына жақындайды»- деп Əлемдік 
Банктің экономикалық кеңесшісі баяндайды. Қытай,  Мекси-
ка,  Түркия мемлекеттеріндегі адам басына келетін ЖІӨ көлемі 
қазіргі таңдағы Испания мемлекетіндегі мөлшермен яғни, 15 мың 
долларға дейін жететін болады.  Əлемде кедей халық саны азаяды. 
Алайда əлем бойынша халық саны 6,5 млрд-тан 8 млрд-қа өседі. 
Орта класстағы халықтың өсуі өндірістің жəне сауданың дамуы-
на алып келеді. Əлемдік сауданың көлемі 2030 жылға қарай 3 есе-
ге артып 27 трлн. долларға дейін жетеді, ол ЖІӨ-нің 3/2 бөлігін 
құрайды. Goldman Sachs инвестбанкінің болжамы бойынша Бра-
зилия, Ресей, Үндістан, Қытай мемлекеттері 2035 жылға қарай 
дамыған Германия, Жапония, Англия, АҚШ сияқты мемлекеттер-
ден асып түсетін болады.
АҚШ. АҚШ өндірістік жəне экономикалық дамуда басқа 
елдерді басып озып, əлемдік экономикада көшбасшы бо-
лып табылады. Бұл əлемдегі ең үлкен өндірістік тауарлар мен 
қызметтер өндіруші. АҚШ-тың лидері БҰҰ-ның саммитінде 
мемлекеттік дамудың жаңа стратегиясын таныстырған бола-
тын.   Қазіргі уақытта АҚШ əлемдік көшбасшылықтан  бас тарта 
қоймайтыны анық, себебі əскери, технологиялық, экономикалық 
жəне қаржылық жағдайының бар болуы осыған дəлел. АҚШ-тың 
əлемдік көшбасшылыққа жету стратегиясы халықаралық инсти-
туттар арқылы болмақ яғни, БҰҰ, ЕО, ХВҚ, ДСҰ, НАФТА т.б. 
Американың салық жүйесі 200 жылдан бері дамып келеді жəне 
нарықтық қатынастардың əрістеуіне себепші болып келеді. 
Экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, Финлян-
дия) өнеркəсіп кəсіпорындары ҒЗТКЖ-ні өзін-өзі өтеу жəне өзін-
өзі қаржыландыру шартында жүзеге асырады жəне мемлекеттік 
шығыстардың үлесіне орта есеппен 30% келсе, өнеркəсіп 
кəсіпорындары ҒЗТКЖ-ға арналған барлық ұлттық шығыстың 
70%-на дейін игереді. Ғылымды қажетсінетін өнімдер үлесі 
мен ғылымға арналған шығыстар ІЖӨ-нің жалпы көлемінде 
экономиканың білімдерге негізделген негізгі көрсеткіштеріболып 


272
табылады. Өткен онжылдықтың соңында экономикасы дамыған 
елдердің көбінде зерттеулер мен əзірлемелерге арналған ішкі 
шығындар үлесі орта есеппен алғанда ІЖӨ–нің жалпы көлемінде 
3,0 %-ті құрады (Швецияда – 3,8%; Финляндияда – 3,5%; Жапо-
нияда – 3,04%; Швейцарияда – 2,73%; АҚШ-та – 2,84%; Герма-
нияда – 2,44%, бұл ретте бұл шығыстардағы мемлекеттің үлесі 
орта есеппен 25–34%-ды құрады). Экономикасы дамыған елдерде 
адам басына шаққанда ҒЗТКЖ–ға арналған шығындар: АҚШ-та 
– 892, Швецияда – 875, Финляндияда – 726, Швейцарияда – 688, 
Исландияда – 613, Германияда – 580, Данияда – 541, Норвегияда 
– 479, Францияда – 478, Ресейде – 420 АҚШ долларын құрайды. 
ҒЗТКЖ-мен айналысатын бір адамға жұмсалатын шығыс: 
АҚШ-та – 123 299, Жапонияда – 113 886, Германияда – 154 234, 
Ұлыбританияда – 146 422 АҚШ долларын құрайды. Ғылымды 
қажетсінетін өнімдердің əлемдік нарығындағы көшбасшы ел-
дерде ІЖӨ-нің жалпы көлеміндегі ғылымға арналған шығыстар 
үлесі, оның ішінде салық салу жеңілдігі, кедендік төмен баж 
салығы, бюджеттік қолдау көрсету, инвестицияларды ынталан-
дыру, ғылыми жабдықтар лизингі сияқты экономикалық тетіктер 
қолдану жолымен қатаң бақыланады. Əлемдік нарықтағы Ресейдің 
ғылымды қажетсінетін өнімдер үлесі 0,3–0,5, Еуропалық Одақ 
елдері – 35, АҚШ – 25, Жапония – 11, Сингапур – 7, Оңтүстік Ко-
рея – 4, Қытай – 2 %-ды құрайды. Дамыған елдердің тəжірибесі 
көрсеткендей, жаңа білімдері немесе шешімдері бар жаңа неме-
се жетілдірілген технологиялар, өнімдер, жабдықтар үлесіне ІЖӨ 
өсімінің 70-дан 85%-ға дейін келеді.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау