2. Макроэкономика
– бұл экономикалық мәселелерді біртұтас
жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын
экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолда-
нылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық
сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.
Бұдан басқа, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және
нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:
1. Позитивті экономикалық талдау
– бұл қазіргі экономиканың
дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен
деректер негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі
субъективтік бағалауға ие болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |