1.4. Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі
екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория
ғылымы екі бөлімге бөлінеді:
1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін
жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар,
т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан
зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада
19
қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс
факторлары, т.б.