Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Қазақстан Даму Банкінің



жүктеу 150,33 Kb.
бет18/37
Дата27.10.2022
өлшемі150,33 Kb.
#39884
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Инвестиция негіздері

4.2

Қазақстан Даму Банкінің қызметі және инвестициялық
жобаларды несиелеуі

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – 2001 жылдың мамырында Қ Р Президентінің «Қазақстан Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 Жарлығы негізінде «Қазақстан Даму Банкі туралы» ҚР-ның заңы шығарылды. Осы заңға сәйкес ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкі құрылды. Қазақстан Даму Банкі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде 2001 жылғы 31 мамырда жабық акционерлік қоғам формасында тіркелді және 2003 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес акционерлік қоғам формасында қайта тір-
келді.
2006 жылдан бері банктің жалғыз акционері «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ ұлттық басқарушы компаниясы болып табылды. «Қазына» ОДҚ» АҚ-ның негізгі қызметі экономиканы әртараптандыру міндетін шешуші даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру және ынталандыру болды.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – бұл ел экономикасына инвес- торларды тартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсіптерге, өндірістік инфрақұрылымның дамуына мемлекеттік инвестиция- лық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақ- сатында құрылған қаржылық институт.
Миссиясы – еліміздегі шикізаттық емес секторларға инвес- тицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлесімізді қосу.
Мақсаты:

  • мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетіл- діру мен арттыру;

  • өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;

  • елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестиция- ларды тартуға көмектесу.

Қазақстан Даму Банкінің міндеттері:

  • инвестициялық жобаларға орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан – 20 жылға дейін) несие беру;

  • қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, Қазақ- стандық өнімді сатып алушы резидент еместерге де қарыздарды беру жолымен бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ экспорттық операцияларға несие беру;

  • басқа несие институттары беретін қарыздар мен несие- лер бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына несие беруді ынталандыру;

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;

  • экономикаға тікелей инвестициялар тарту;

  • экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру.

Құралдары:

  • инвестициялық жобаларға арналған қарыздар (несиелер)

– 5 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома 5 млн АҚШ доллары;

  • қаржылық лизинг – 3 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома 1 млн АҚШ доллары;

  • экспорттық мәмілелерге арналған қарыздар (несиелер) –

1 жылдан 3 жылға дейін, ең аз сома 1 млн АҚШ доллары;

  • жобалық қаржыландыру;

  • кепілдіктер шығару;

  • мемлекеттік жобаларға агенттік қызмет көрсету.

  • капиталға қатысу;

  • мезониндік қаржыландыру;

  • банкаралық несиелеу;

  • айналымдық капиталды қаржыландыру.

«Қазақстан Даму Банкі» өз қызметін 2001 жылдың 1 сәуі- рінен бастаған. Экономикалық қызметінің жалпы жіктелінуіне сәйкес Даму Банкін несиелеу үшін оның инвестициялық сала- лары болып келесілер саналады:

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу;

  • тігін өндірісі;

  • химиялық өнеркәсіп;

  • машина жасау және құралдарды өңдеу;

  • көлік және байланыс;

  • тас және суды, электр энергияны тарту және өңдеу. Қазақстан Даму Банкі бүгінгі күнде мемлекеттік инвес-

тициялық саясаттың ең басты жолсеріктерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті өндірістер құруды қаржыландырып және елдің инфрақұрылымын дамыта отырып, Банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық қызметі елдің барлық өңірлерінде және өңдеуші өнеркәсіптің маңызды сала- ларында танытылған. Банктің қаржыландыру көмегімен енгізіл- ген жаңа және жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнер- кәсіптік және экспорттық қатаюына және өңіраралық интег- рацияға іс жүзінде елеулі үлесін қосуда.
Қазақстан Даму Банкі экономиканы жаңғыртудың ең басты қатысушыларының бірі, сондай-ақ серпінді және кластерлік жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруда өз қызметін нығайта беретін болады.
Қолдау тапқан жобалардың ішінде неғұрлым салмақтылары химия саласындағы жобалар, көлік және байланыс, металлургия, электр энергетикасы, құрылыс материалдарының өндірісі сала- сындағы жобалар.
Қазақстан Даму Банкінің жетекші халықаралық Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s және Fitch рейтингтік агент- тіктері берген ең жоғарғы несиелік рейтингі бар.
Банк Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ету мақсатында келесідей басымдық және перспективалы бағыттар-
ды анықтады. Экономиканың өрлеуі және әртараптандыру базасы ретінде – инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде:

  • энергетиканы;

  • көліктік инфрақұрылымды дамыту.

Жеке сектор үшін өңдеу өнеркәсібіндегі өрлеу нүктелерін анықтау ретінде – келесі салалардағы перспективалы жобаларды іске асыру:

  • металлургия;

  • химия және мұнайлы химия өнеркәсібі;

  • құрылыс материалдарының өндірісі;

  • АӨК-де қосылған құны жоғары өнім шығару;

  • туризм.

Қазақстан Даму Банкінің ұстанымы:
Қазақстанның отын және минералдық шикізатты сатудан тәуелділігі, өнеркәсіптің, металлургияның инфрақұрылымдық және өңдеуші салаларында инвестициялық белсенділік ел эконо- микасының шикізаттық ресурстары нарығындағы өзгерістерге әсерін тигізеді. Сондықтан ҚР-ның Үкіметі экономиканы ради- калды реформалауға қадам басып, Қазақстанның шикізат тәуел- ділігінен шығуына мақсат қойды. Елді жеделдетіп жаңғырту және елдің әлемдік нарыққа кіруі инновацияларға, экономика- ның өсуінің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсе- келесті басымдықтарын үздік пайдалануға негізделген дамудың барлық бағыттары бойынша сапалы серпінді талап етеді.
Қазақстан Даму Банкінің миссиясы екінші деңгейдегі банктер қамтамасыз етпеген несие ресурстарында ел экономикасының бәсекеге қабілетті шикізатқа жатпайтын секторын жеделдетіп дамытудың инвестициялық қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен ҚР-ның тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық дамуына қол жеткізуіне жәрдемдесуге негізделген.
Қазақстан Даму Банкінің орны:

  • өңдеуші өнеркәсіп, өндірістік және көлік инфрақұры- лымы;

  • ұзақ мерзіммен қамтылған ірі (5 млн АҚШ долларынан асатын) көлемді капиталы бар инвестициялық жобалар;

  • қазақстандық тауар өндірушілер өнімінің экспортына жәрдем көрсету.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР-ның заңына сәйкес заңмен анықталған Қазақстан- ның Даму Банкінің ерекше құқықтық мәртебесі бар.
Заңға сәйкес Қазақстан Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнер- кәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвести- цияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Даму Банкінің несиелік саясатының негізгі қағидалары мен басымдықтары, инвестициялық басымдықтар, қарыз қаражатын тартуға сандық шектеулер, несие берудің лимиттері, бағыттары, мүмкін болатын шарттары, тәртібі мен мерзімі, жеке капиталды орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау жалғыз акцио- нердің шешімімен бекітілген Банктің несие саясаты туралы меморандумда белгіленген.
Қазақстан Даму Банкі бір жағынан даму институты бола отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі және «Самұрық- Қазына» мемлекеттік холдингінің атынан акционер анықтайтын мемлекеттік инвестициялық саясаттың міндеттерін шешеді. Сонымен бірге, қаржы ұйымы бола отырып, Қазақстан Даму Банкі басқа банктер үшін барлық қажетті талаптарды орындайды және коммерциялық қағидаларда әрекет етеді.
Қазақстан Даму Банкінің несиелік саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржыландыру үшін инвестициялық жоба- ларды іріктеу кезінде Қазақстанда экономиканың шикізаттық емес салаларында, оның ішінде қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капиталдың экспортына ықпал ететін бәсекеге қабілетті өндірістерді және инфрақұрылымды дамытуға және құруға байланысты инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары келесілерді құруға және дамытуға бағдарланған жобалар болып табылады:

  1. инфрақұрылым объектілерін (энергетикалық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік);

  2. инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты өндіруді не- месе сатып алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді сатуды, өнеркәсіптік өнді- рістерді;

  3. инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты шығаруды немесе сатып алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді сатуды, ауыл шаруашылығы өндірістерін;

  4. туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттық- сауықтыру және қонақ үй қызметтері саласындағы объектілерді (коммерциялық негізде) дамытуға бағыт- талған.

Қазақстан Даму Банкінің шетелдегі инвестициялық қызме- тінің негізгі бағыттары ҚР инфрақұрылымының, транзиттік әлеуетінің, қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызмет- тер мен капитал экспортының дамуына ықпал ететін жобалар болып табылады.
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық басымдықтарына сәйкес келетін жобалар үшін банк келесідей қызметтерді ұсынады:

  • орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан 20 жылға дейін) несие беру, оның ішінде:

Қазақстан Даму Банкі инвестициялық жоба бойынша беретін қарыздың ең аз сомасы 5 млн АҚШ долларына баламалы мөл- шерде белгіленеді. Қазақстан Даму Банкіне келесілерді қаржы- ландыруға тыйым салынады:

  • қару-жарақ шығаруға;

  • алкоголь өнімін өндіруге;

  • есірткілерді, есірткі құралдарын және психотропты зат- тарды өндіруге;

  • темекі бұйымдарын өндіруге;

  • тұрғын үй құрылысына;

  • мемлекеттік оқу және медицина мекемелерін, қоғамдық- сауықтыру кешендерін салуға;

  • геологиялық барлау жұмыстарына.

Қазақстан Даму Банкінің қаржыландыру көмегімен жаңғыр- тылған өндірістер пайдалануға берілді, оның ішінде келесілерді атап өтуге болады:

  • көлік саласында (Ақтау Теңіз Халықаралық Сауда Портын солтүстік бағытта кеңейту және Түпқараған шығанағында теңіз операцияларын қолдау базасын дамыту шеңберінде айлақ салу жөніндегі жобалар);

  • Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға байланысты тоқыма және тігін өнеркәсібі («Ютекс» АҚ,

«Меланж» АҚ);

  • құрылыс индустриясында («Экотон+» АҚ, «Амитех Қарасай Пайп» ЖШС, «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС);

  • машина жасау саласында («Агромашхолдинг» АҚ,

«Оңтүстік полиметалл» өнеркәсіп корпорациясы» АҚ);

  • целлюлоза-қағаз өнеркәсібіндегі жобалар («Іле Картон- қағаз комбинаты» АҚ, «Қазақстан қағазы» АҚ), биоэтанолды өндіру жөніндегі «Биохим» өндірістік кешенін құру жобасы және т.б. көптеген жобалар.

Негізгі несие қызметін жүзеге асырумен қатар, Қазақстан Даму Банкі келесілерге қызмет көрсету бойынша агент функцияларын орындайды:

  • қайтарымды негізде қаржыландырылатын республика- лық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар);

  • мемлекет кепілдік берген қарыздардың есебінен қаржы- андырылатын жобалар.

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ шетел валютасымен теңгеге қар- сы және валютаны басқа валютаға қарсы айырбастау операция- ларын жүргізеді.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ төлемдерді негізгі әлемдік валю- таларда жүргізеді және шоттарға түсетін ақшалай қаражаттар туралы ақпаратты шынайы уақыт режимінде алады. Банк корреспонденттік қарым-қатынастар белгілеген және әлемдік клирингтік банктерде JPMORGANCHASE BANK (США), ING BANK AG (Голландия) және т.б. корреспонденттік шоттары бар. Сонымен қатар, SWIFT (Sosiety for Worldwide Interbank Financial Telecommunication) қатысушысы болып табылады, бұл әлемнің кез келген еліндегі банктермен тез және құпия, жабық түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөледі. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту тек ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндет- терді тез арада шешу мақсатында елге шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
Банк құрылған сәттен бастап Дүниежүзілік банк, HSBC, Merrill Lynch, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ және т.б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.






жүктеу 150,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау