Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет10/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68

ларды  қолдану  керек  деген  дилемма  тұрады.  Мемлекеттік  салық 
саясаты  елдегі  қолайлы  салықтық  климатты  жасауға,  сақталымдар 
мен  инвестицияларды 
ұлттық  экономиканың  даму  негізін 
көтермелеуге бағытталуы тиіс.
2.2.  Ақша-несие реттелуінің мақсаттары, 
міндеттері және тетіктері.
Заманауи  ақша-несие  реттелімі  неоклассикалық  мектепке, 
кейнсиандық  қырынан  келуге  жэне  монетарлық  сандық  ақша 
сияқты  үш  теорияға  негізделеді.  Аталған  теориялық  кырынан 
келулерді біз экономикалық теория курсында қарастырып өткенбіз. 
Бұл жерде мемлекеттік органдар пайдаланатын ақша теориялары эр 
кезде  таза  жэне  нақты  күйіндегі  қандай  да  бір  көзқарасты  көрсете 
алмайтынын  атап  өту  керек.  Олар  синтезделген  түріндегі  эртүрлі 
көзқарасты  қамтиды.  Мысалы,  ҚР  Ұлттық  банкі  өз  әрекеттерінде 
монетарлық  сандық  ақша  теориясын  басшылыққа  алатын  болса, 
ҚР  қаржы  министрлігі  кейнсиандық мектепке  едэуір  жақындау  бо- 
лады.  Көптеген  жағдайды  осыған  орай  нақты  шаралар  енгізілетін 
шынайы  болмыс  анықтайтын  басқаша  мәселелердің  болуы  да  дау 
тудырмайды.  Үкімет  пен  экономикалық  қызмет  субъектілерінің 
қарым-қатынасы негізінде мемлекеттің ақша-несие саясаты жатыр.
Оқулықтар  мен  оқу  құралдарында  ақша-несие  саясаты  ретінде 
инфляциясыз  экономикалық  өсімге,  еңбекке  қабілетті  халықтың 
жұмыспен  қамтылуына  жэне  ұлттық  экономикада  іскерлік  бел- 
сенділіктің конъюнктуралық циклдарын тегістеуге бағытталған ша­
ралар жиынтығын түсінеміз.
Мемлекеттің  ақша-несие  саясатын  біздің  елде  Ұлттық  банк, 
екінші  деңгейдегі  банктер,  яғни  коммерциялық  банктер,  сондай-ақ 
мамандандырылған банктер арқылы -  сыртқы сауда, инвестициялық 
жэне басқа да, сондай-ақ банктік емес типтегі несие-ақша мекемелері 
арқылы:  сақтандыру,  зейнеттік  жэне  басқа  да  қаржы  компаниялар 
жүзеге асырады.
ҚР  ¥лтты қ банкі  мемлекеттік  ақша-несие  саясатын  белгілейтін 
жэне  іске асыратын  бірден-бір орган  болып табылады.
Қазақстан  Ұлттық  банкінің  негізгі  мақсаты  ҚР-дағы  баға 
тұрақтылығын  қамтамасыз  ету.  Бүл  мақсатты  іске  асыру  үшін  ҚР 
Ұлттық банкіне:
30


1)  мемлекеттің ақша-несие саясатын эзірлеу жэне жүргізу;
2) төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4)  қаржы  жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  ат  салысу 
сияқты міндеттер жүктеледі.
Оған  жүктелген  мақсаттар  мен  міндеттерге  орай  ҚР  Ұлттық 
банкі:
1)  мемлекеттік  ақша-несие  саясатын  жүргізеді  жэне  ҚР  аума- 
ғында банкнотттар мен манаттардың бірден-бір эмитенті болып та- 
былады;
2) мемлекеттің мемлекеттік қарызын өтеуге қызмет көрсетеді;
3)  екінші  деңгейдегі  банктерге  жэне  ¥лтты қ  банкте  шоттары 
бар заңды түлғаларға несие береді;
4)  қаржы  нарығында  сыйақының  нарықтық  ставкаларына 
ықпал етеді;
5)  валюталық реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
6)  банктік  қызмет  мәселелері  бойынша  міндетті  нормативтік 
жэне құқықтық актілерді шығарады.
ҚР ¥лтты қ банкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 
ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Ақша-несие саясаты:
1) қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
2)  ақша-несие  саясатының  негізгі  операциялары  бойынша 
сыйақы деңгейлерінің ставкаларын;
3) ең аз резервтік талаптар нормативтерін;
4)  айрықша  жағдайларда  ғана  жүзеге  асырылатын  жекелеген 
операция  түрлерінің  деңгейі  мен  көлеміне  тікелей  сандық  шекте- 
улер;
5)  валюталық нарықтағы интервенцияларды;
6)  банктерге  несиелер  мен  басқа  да  тетіктерді  белгілеу  сияқты 
функцияларды жүзеге асырады.
¥ Б  қайта қаржыландыру ресми ставкасы ақша нарығының жал- 
пы жағдайына, займдар бойынша сұраныс пен ұсыныстарға, инфля­
ция  деңгейіне  жэне  күтілетін  инфляцияға  байланысты  белгіленеді. 
Қайта қаржыландыру ставкасының көтерілуі несиенің қымбаттауын 
туындатады,  бұл  қалайда  сұраныс  пен  көлемнің  қысқаруына  әкеп 
соғады.  Екінші  деңгейдегі  банктер  де  өз  несиелерінің  құнын  арт-
31


тырады  жэне  соңғыларының  қолжетімділігі  одан  эрі  қиындайды, 
өйткені  ақша  қымбаттап  кетеді.  Қайта  қаржыландыру  кұнының 
төмендеуі  несие  құнының  төмендеуін  туындатады  және  ақшаның 
арзандауы салдарынан оларға сұранысты арттырады.
Депозиттер  мен  займдар  жөніндегі  көлемдер  мен  сыйақы  став- 
каларын реттеу үшін ҚР ¥ Б  ең аз резервтік талаптар нормативтерін 
пайдаланады.  Ең  аз  резервтік  талаптар  нормативтерін  ҚР  ¥ Б   бан- 
ктер  міндеттемелерінің сомасынан түскен пайыз ретінде  есептейді. 
Ең  аз  резервтер  депозиттер  сомасының  бөлігі  болып  табылады, 
оны екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің арнайы шоттарында 
сақтайды жэне белсенді операциялар жүргізу үшін пайдалануға бол- 
майды. Ең аз резервтер келесі функцияларды орындайды:  1) салым- 
шылар депозиттерін қайтару жөнінде төлемдік міндеттерін орындау 
үшін  және  басқа  банктермен  өзара  есеп  айырысуды  жүргізу  үшін 
коммерциялық банктер  ликвидтігінің  қажетті  деңгейін  камтамасыз 
етеді;  2)  экономикаға ақша ұсынысына тікелей  ықпал  ететіндіктен, 
¥лтты қ банктің ақша массасын реттеуге арналған күралы болып та­
былады. Сондықтан ең аз резервті мемлекеттік билік органдары жиі 
өзгерте алмайды.
¥лтты қ  Банктің  тікелей  сандық  шектеулерін  операциялар 
мен  мәмілелердің  жекелеген  түрлері  бойынша  ставкалардың  ең 
жоғары  деңгейлері,  несиелеуді  тікелей  шектеу,  сыйақы  ставкала- 
рын  өсірмеу,  өндіріс  пен  қызмет  көрсетулер,  қоғамдық  өндіріс  са- 
лалары  жекелеген  түрлерінің  дамуын  қолдау  немесе  ауыздықтау 
мақсатында  несиенің  нақты  түрлерін  тікелей  реттеу  деп  түсіну  ке- 
рек.  ¥лтты қ  Банк  ақша-несиені  реттеудің  жанама  тэсілдерімен  ин­
фляция үдерістерін тоқтата тұру мүмкін болмаған жағдайда тікелей 
сандық шектеуді  қолдануға қүқылы.
Мемлекеттік  және  басқа  да  бағалы  қағаздарды  сатып  алу  жө- 
ніндегі  операциялар  ашық  нарықта  жүзеге  асырылады.  ¥лтты к 
банк  коммерциялық  банктерден  бағалы  қағаздарды  сатып  ала  оты- 
рып, олардың ақшалай резервтерін арттырады, бұл нарықтағы ақша 
массасының артуын туындатады.
¥лтты қ Банктің ақша-несие саясатында айналымдағы ақша мас­
сасын реттеу болып табылады. Бүл түрғыда жиынтық үлттық өнімді 
бөлу  мен  тұтынуда  мемлекеттің  қатысуын  қысқартуға  бағыт  алу 
стратегиялық мақсат болуы тиіс деген  монетаристер  пікірі  бар.  Со- 
нымен қатар монетаристер реттеудің басты нысаны  пайыздық став-
32


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау