Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет7/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68

Аталған  белгілер  мемлекеттік  басқару  кең  ұғым  екенін  көрсе- 
теді,  өйткені  елде  бардың  барлығы  мемлекеттік  басқаруға  жатады 
және ұлттық мүддеге бағын дыры лады.  Осы қырынан келгенде, эко- 
номиканы  мемлекеттік  реттеу  мемлекеттік  басқару  аппаратының 
бір  функциясы болып табылады.
Мемлекеттік басқару органдары құрылымы жағынан бір-бірінен 
ерекшеленген  жэне  өздерінің  қызметі  мен  міндетін  орындау  үшін 
белгілі  бір  билік  жүргізу  құзыретіне  ие.  Мемлекеттік  басқаруды 
жүзеге асыру формасы бойынша биліктің: заң шығарушы, атқарушы 
жэне сот сияқты үш тармағы бөліп көрсетіледі.
Қазақстанда  мемлекеттік  басқару  органдарының  жүйесі  ҚР 
Конституциясымен  айқындалған  және  жоғарғы  заң  шығарушы 
және  атқарушы  билік  органдарын,  жергілікті  басқару  органдарын 
қамтиды.  Экономика  саласындағы  жалпы  мемлекеттік  басқару  3 
деңгейде  жүзеге  асырылады:  ҚР  Президенті  елдің  экономикалык 
даму  саясатын  белгілейді,  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ел 
экономикасын  дамытудың  негізгі  бағыттарын  айқындайды,  эко- 
номикалық  ынтымақтастық  мәселелері  бойынша  халықаралык 
келісімшарттар  жасасады,  тапсырмалар  береді  жэне  оның  орын- 
далуын  талап  етеді;  Парламент  Заңдарды  қабылдайды  жэне 
экономикалық  мәселелер  бойынша  Мемлекеттік  бюджет  туралы 
ҚР  Заңын,  сондай-ақ,  бюджеттің  орындалуы  туралы  Үкіметтің 
есебін  қабылдайды,  барлық  Үкімет  мүшелерінен  заңның  жэне 
экономика  саласындағы  заңның  орындалуы  туралы  есебін  та­
лап  етеді,  елдің  элеуметтік-экономикалық  дамуы  саласындағы 
Үкіметтің  іс-қимыл  жоспарын  жэне  т.б.  бекітеді;  Министрлер 
Кабинеті  елдегі  экономикалық  мэселелерге  жалпы  басшылықты 
жүзеге асырады, республикалық жэне коммуналдық меншік нысан- 
дарын  айқындайды,  республикалық  жэне  коммуналдық  меншікті 
басқарады  жэне  олардан  ақшалай  түсімді  қамтамасыз  етеді,  елдің 
Мемлекеттік  даму  бағдарламасын  әзірлейді  жэне  бекітілгеннен 
кейін  оны  жүзеге  асырады,  мемлекеттік  бюджетті  атқарады  жэне 
басқа да экономикалық функцияларды  орындайды.
Экономиканы  мемлекеттік  басқару  органдары  жалпы  эконо­
микалык,  салалық және экімшілік-аумақтық болып  бөлінеді.
Қазақстанда  биліктің  жалпы  экономикалық  органдарына:  эко­
номикалык  даму  мен  сауда,  қаржы,  қоршаған  ортаны  қорғау,  эко­
номикалык  интеграция  істері  жөніндегі  министрліктер,  сондай-ақ
20


ҚР  Ұлттық  банкі,  Шетелдік  инвестициялар  жөніндегі  мемлекеттік 
комитет  жэне  т.б.  жатады.  Олар  өз  міндеттері  мен  функцияларын 
мемлекеттік  бағдарламалардың  стратегиялық  бағыттарын  жүзеге 
асыру  аясында  ақша,  салық,  кеден  және  несие  саясатымен  өзара 
әрекеттестікте  және  олардың  мемлекетаралық  қатынастардағы 
үйлесімінде жүзеге асырады.
Салалық  органдарға:  индустрия  мен  жаңа  технологиялар, 
мүнай  жэне  газ,  көлік  жэне  коммуникация,  ауыл  шаруашылығы 
министрліктері  жатады.  Бүл  министрліктер  оларды  дамытудың 
жэне  сала  мен  қоғамдық  өндіріс  саласының  инновациялық-ин- 
вестициялық  саясатының  стратегиялық  бағытын  айқындаумен, 
саланың,  аймақтардың  мәселелерін  шешумен  айналысады.  Қоғам- 
ның  элеуметтік  саласын  мемлекет  келесілер:  еңбек  және  халықты 
элеуметтік  қорғау,  денсаулық  сақтау,  білім  жэне  гылым,  мэдениет 
жэне ақпарат министрліктері арқылы басқарады.
Облыстар,  аудандар мен қалалардың (экімшілік-аумақтық билік 
органдарының)  экономикасын  басқару  әкімдіктердің  тиісті  бөлім- 
шелері арқылы, сондай-ақ халықтың мүддесін білдіретін жергілікті 
өкілетті  билік  органдары  (мэслихаттар)  арқылы  жүзеге  асыра- 
лады.  Басқарудың  жергілікті  деңгейіне  биліктің  орталық  атқару- 
шы  органдарының  бөлімшелері  де  (министрлік  департаменттері, 
агенттіктер мен ведомстволар да) жатады.
Қысқаша қорытындылар:
1.  Аралас  экономика  ол  экономиканың  жекеменшік  жэне 
мемлекеттік секторларының ғана экономикалық қызметі емес.  Ара­
лас экономика келісу, экономиканың түрлі секторлары, кэсіпорындар 
мен  мекемелер  арасындағы  экономикалыққ  байланыстарды  реттеу 
сияқты  нарықтық экономиканың  қойнауында қалыптасқан  жаңаша 
мэні бар  карым-катынастардың қалыптасуы.
2.  Экономиканы  мемлекеттік  реттеудің  қалыптасуы  жекемен- 
шік  сектордың  ендігэрі  белгілі  бір  қоғамдық  сұранысты  ғанағат- 
тандыра  алмайтынын  көрсетеді  жэне  мемлекет  жеке  кәсіпкерлер- 
дің  қожалық  етуі  барысында  туындайтын  кемшіліктерді  түзетуге 
мэжбүр болады.
3.  Экономиканы  мемлекеттік реттеудің жүйелі күбылыс ретінде 
пайда болуы жаңа экономикальщ қатынастардың бар екенін растай- 
ды.
21


4. Экономиканы мемлекеттік реттеу жаңа экономикалық жүйенің 
құбылысы ретінде  мазмұнға,  мәнге жэне  мэнді  айқындау  формала- 
рына ие болады.
5.  Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  белгілі  бір  функцияларға, 
ықпал ету тәсілдері мен тетіктеріне және экономикалық үдерістерді 
ұйымдастырудың, реттеу мен түзетудің тиісті  эдістеріне ие.
Негізгі терминдер мен ұғымдар:
•  аралас экономика
• мемлекеттік реттеу
•  мемлекеттік реттеудің түрлері
• экономиканың жекеменшік жэне мемлекеттік секторлары
• мемлекеттік реттеудің функциялары 
келісу
араласу
• ықпал ету
Сұрақтар мен оқу тапсырмалары:
1.  Экономист  ғалымдар  арасында  мемлекеттік  реттеу  ұғымын 
анықтау  жөнінде  пікір  қайшылығы  бар  ма?  Бұл  мәселе  бойынша 
олардың арасындағы қарама-қайшылықтың түп тамыры неде?
2  Реттеу  ұғымын  дұрыс  түсінбеу  макроэкономикалық,  мик- 
роэкономикалық  ауқымдағы  экономикалық  үдерістерге  ықпал  ете 
ала ма?
3.  Өкілдері  экономиканың  ашықтығы  мен  протекционистік 
принципті ұстанған экономикалық ойдың бағытын анықтаңыз.
4.  Олардың авторлары өмір сүрген кезеңдегі жэне индустрияла- 
нудан кейінгі дәуірдегі экономиканың қызмет етуіндегі «көрінбейтін 
қол» және «түнгі күзетші» үғымдарының рөлі мен мэнін көрсетіңіз. 
Сіз  олармен  келісесіз  бе  немесе  қарсы  пікіріңіз  бар  ма?  Жақтаған 
және қарсы уәждеріңізді білдіріңіз.
5.  Әкімшілік  жүйе  мен  қазіргі  заманғы  жағдайлардағы  эконо­
миканы  мемлекеттік  реттеуді  рөлі  мен  мақсатын  түсіндіріңіз.  Осы 
экономикалық жүйелерде  мемлекет қандай  мақсаттарды  көздейді?
6.  Экономикадағы  мемлекеттің  рөлі  мен  орны  туралы  эконо- 
микалық  ойдың  классикалық  бағыты  мен  кенсиандық  бағытының 
концептуалды айырмашылықтары  бар ма?
22


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау