Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет33/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   140
kabysheva-topyraktanu

ТОПЫРАҚТЫҢ КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМДАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
  1. ТАРАУ




ТОПЫРАҚТЫҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ



    1. Топырақтың минералогиялық құрамының қалыптасуы

Топырақтың минерологиялық құрамы көп жағдайларда топырақ түзуші тау жынысының құрамына тəуелді болады жəне туынды ми- нералдардан құралады. Бастапқы минералдардан: кварц, даналық шпат, слюда, авгит, магнетит, гематит, апатит көп тарағандары. Олар топырақтың инертті бөлігін – скелетін құрайды. Олардың мөлшері, əсіресе құмдақ топырақтарда көп. Бастапқы минералдар мүжілу процесінің нəтижесінде екінші минералдарды жəне өсімдіктердің минералдық қоректенуін қамтамасыз ететін элементтерді түзеді. Топырақта туынды минералдардан каолинит, монтмориллонит, кальцит, гипс, мирабилит, галит, гетит, пиролюизит, доломит жəне басқалары болады.


Туынды минералдар қарапайым тұздарға, гидрототықтардан, тотықтарға жəне саз минералдардан тұратын топтарға бөлуге бо- лады. Қарапайым тұздар түріндегі минералдарға: кальцит (СаСо3),
доломит [СаМg(Со3)2], сода (Na2Co3), гипс (CaSo4 2H2O), магне-
зит (MgCo3), галит (NaCl), фосфаттар, нитраттар жатды. Тұздану дəрежесі осы тұздардың мөлшеріне байланысты келеді.
Бұл тұздар топырақта құрғақ климат жағдайында жиналады. Темірдің, алюминийдің, күкірттің, марганецтің тотықтары түріндегі минералдар бастапқы минералдардың мүжілуі нəтижесінде пайда болады.
Алюмосиликаттар жəне ферросиликаттар, каолиниттер, гидрос- людалар, монтмориллониттер саздың құрамдас бөлігі болып табы- лады. Сондықтан осы минералдар бар топырақтар сазды топырақтар
деп аталады. Олар күшті дəрежеде уақталған, желімдеушілік қасиеті бар, яғни құрылымы жақсы, сіңіру қабілеті де жоғары. Осы саз минералдардың мөлшеріне топырақтың жабысқақтығы, су өткізгіштігі, ісінгіштігі ылғал сіңірімділігі тікелей байланысты келеді. Топырақ құрамындағы туынды минералдардың мөлшеріне өсімдіктердің қоректенуін қамтамасыз ететін топырақтың құрылымы, химиялық, физикалық, сулық, ауалық қасиеттері, құнарлығы тікелей байланысты болады.
Топырақтың қатты фазасының химиялық құрамы да топырақ түзуші жыныстардың құрамына сəйкес келеді. Топырақта кремний
тотығы SiO2, органогендік элементтер С, Н, О, N, P, S, K, Ca, Mg көп мөлшерде кездеседі. Соңғылары өсімдік қорегінің көзі болып табы- лады жəне топырақ құнарлығы солардың мөлшеріне байланысты
болады. Өсімдіктердің қоректенуінде азот, фосфор, калий үлкен рөл атқарады. Азот топырақта нитраттар жəне аммоний тұздары түрінде кездеседі. Ол топырақ ауасының жəне гумустың (қарашіріктің) құрамына кіреді. Азоттың көптеген қосындылары өте жылжыма- лы, оңай шайылады. Топырақтағы азоттың, фосфордың, калийдің жетіспейтін бөлігін минералдық жəне органикалық тыңайтқыштар арқылы енгізеді.
Топырақта өсімдікке зиянды: хлор, натрий, марганец, алюминий, магний сияқты улы элементтер де бар. Олардың мөлшері көп бол- са, топырақты тұздандырады. Топырақта микроэлементтер де: бор, молибден, цинк, кобальт, йод бар. Бұлар маңызды физиологиялық, биохимиялық рөл атқарады. Топырақта аз мөлшерде радиоактивті элементтер кездеседі. Радиоактивті элементтер топыраққа табиғи жəне жасанды радиактивтілік береді. Топырақтың табиғи радиактивтілігі оның құрамындағы уранның, торийдің, радийдің мөлшеріне байланысты. Жасанды радиоактивтілік адамның атом энергиясын пайдалануынан туындайды.

    1. жүктеу 3,79 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау