Оқулық Алматы, 2003 ббк 28. 073 ф 16 ф 16 Фазылов С. Д., Молдахметов З. М., Ғазалиев А. М



жүктеу 1,5 Mb.
бет3/15
Дата21.11.2018
өлшемі1,5 Mb.
#22814
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

38

Н.Кузанский Жер мен аспан денелерінің бір-бірінен ешқандай да айырмашылығы жоқ, Жерді Күн, Ай және басқа планеталар сияқты ғарыштық дене ретінде қарастырды.



Жердің Бүкіләлемдегі алатын орны туралы

көзқарастардың даму корінісі

Жердің Философтар- Аристарх Николай

қозғалатынды- Пифагорей- Самосский - Кузанский

ғын мойындау лікгер б.э.д. - б.э.д. III ғ ХҮғ

ҮІ-Үғ

Жер - Әлемнің Аристотель Птолемей



ортасы, қозғал- б.э.д.ҮІ ғ б.э. I ғ

майды


2.7. Жаңа заман ғылымы кезеңі.

Бкінші жаратылыстық-ғылыми тоңкеріс

ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда басталып, жаратылыстанудағы ұлы революциялардың нәтижесінде және одан кейінгі уақытга да даму үстінде болған жаратылыстану, қоғамтану және техника ғылымдарының қалыптасуына негіз болған Жаңа заман ғылымы XVIII ғасырда аяқталды. Осы уақыт ішінде адамға, ғылымға, ғылыми ізденістер мен ғылыми мекемелерге, ғылым мен қоғам қарым-қатынасына, ғылым мен философия, ғылыми ілім мен діндік сенімге деген көзқарастар түбірінен өзгере бастады. Бұның бәрі де біржарым мың жылдар бойы ғылымда мызғымай келген Аристотель-Птоломей космологиясының жойылуына әкелген Коперниктің, Тихо Брагенің, Кеплердің, Галилейдің астрономиялық революциясынан (төңкерісінен) басталды.

Жоғарыда айтылғандай, Аристотель Жер қозғалыссыз әрі Дүниенің ортасында түр деп сендірді. Бұл, әрине, оның орнына басқа көзқарастар ұсынылмады дегенді білдірмейді.

39

Мысалы, Архимед (б.з.д. 310-230 ж. шамасында) сол кездің езінде "Дүние құрылысының" гелиоцентрлік — барлық ғаламшарлар (планеталар), олардың ішінде Жер де, Күнді айналып жүретін жүйесін ұсынды. Бірақ мұндай ой өз заманынан тым алда болып, қабылданбады және бұған дүниенің аристотелше бейнесіне қайшылығы да әсер етті.



Птолемейдің жүйесінде Жер ортада тұр, оны Ай, Күн және ғаламшарлар орналасқан сегіз сфера қоршаған. Ақырғы сферадан кейін не бары түсіндірілмеген. Соныменен XIII ғасырдың аяғының өзінде ғалымдар арасында бұл жүйенің күрделілігі мен рабайсыздығына наразылық пайда болды. Бірте-бірте негізделген қарсылықтар да пайда бола бастады.

Француз философы Николай Орезмский (1320-1382) орасан зор жүлдыздық сфераның Жерді айналып тұрғанынан гөрі Жердің өзінің айналатындығын елестету оңайырақ деген идеяны ашты. Бірақ ол идеядан әрі бармады.

Птоломей жүйесі мен Аристотель механикасының барлық құрылысын құлатқан ғылыми төңкеріс Николай Коперниктің (1473-1543) еңбегінен басталды. Студент кездің өзінде Николай Коперник Жердің қозғалуының мүмкіндігі туралы идеялармен танысты. Ол аспан денелерінің көрінетін қозғалысын Жердің екі қозғалысымен түсіндіруге болады -Жердің өз кіндігімен айналып түруымен жөне оның басқа ғаламшарлармен бірге дүниенің ортасында тұрған Күнді айналып жүруімен - деген кәміл сенімге келді.

Коперниктің теориясы сол кездегі Әлем бейнесі туралы қалыптасқан тұжырымдарды жоққа шығарып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге жаратылысты-ғылыми ойды кеңістіктің шектеусіздігі мен шексіздігін мойындауға бағыттады. 1543 жылы, Коперниктің дүниеден өту жылында оның "Аспан сфераларының айналуы" деген кітабы жарық көрді. Кітап үлкен қызығушылық пен көптеген пікірталастарды қоздырды.



40

Дүниенің гелиоцентрлігі мен Жердің қозғалу идеясы ғалымдардың ақыл-ойын тез жаулап ала бастады. Англияда Коперниктің теориясы берік қолдауға ие болды. Онда Томас Диггстің (1545-1595) "Аспан сферасының шынайы суреттемесі" деген кітабы шықты, мұнда Диггс Коперниктің еңбегін толық дерлік ағыл-шын тіліне аударды. Бірақ та Коперниктің концепциясында ескі теориялардың элементтері коп болды. Мысалы, оның теориясы бойынша әлем тұйық шеңберде, ал планеталар материалдық кристалл тәрізді сфералар бойынша қозғалады.

1583 жылы Англияға доминикандық монах, философ Джордано Бруно келеді, мұнда ол Коперниктің теориясымен танысады. Коперниктің идеясы мен шексіз жұлдызды ғарыш туралы түсініктерді оның қызу қолдауын Католик шіркеушілері шіркеуге қарсы дін бұзарлық күпірліктің көрінісі деп есептеді. 1600 жылы Джордано Бруно діннен азғандығы үшін отқа жағьиды, ал оның Дүние туралы жаңа ұғымдарды қызу насихаттауы Католиктік шіркеудің Коперник теориясын анафемаға беруіне апарды.

Ресейге гелиоцентрлік жүйе туралы мәліметтер тек XVII ғасырда ғана өте бастады. Ғылым монах Епифаний Славинецкий екі көмекшісімен бірге Янсон Блеудің "Космографиясын" аударды. Бұл Коперник теориясын баяндайтын орыс -

41

тіліндегі алғашқы жазба материал еді. Кейінірек Гевелийдің "Селенографиясы" да аударылды, бұл да Коперник ілімі туралы болатын, Бірақ, осы екі кітап та басылып шықпады.



Орыстың ғұламалар мен ойшылдар қауымын Коперник ілімімен таныстырған алғашқы кітап Фонтенелийдің "Әлемнің көптігі туралы әңгіме" деген орыс тіліне 1740 жылы аударылған еңбегі болды, бұл шығарма. Бұл кітапта Коперниктің, Бруноның, Галилейдің көзқарастары жеңіл және қызықты түрде беріледі.

Әлемнің Коперник жасаған гелиоцентрлік жүйесінің маңыздылығы Кеплер ғаламшарлардың (планеталардың) эллиптикалық қозғалысының ақиқат заңдарын, ал Ньютон олардың негізінде бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқаннан кейін көрінді. Леверье мен Адамс осы жүйенің мәліметтерінің негізінде белгісіз ғаламшардың (Нептун) бар екендігін болжап, теория жүзінде оның орналасқан тұсын анықтады, ал Галле аспандағы көрсетілген нүктеге телескопты бағыттап, оны ашты. Бұл Коперник ілімінің салтанаты, оның ақиқаттығының дәлелі емес пе?

Аспан механикасын зерттеудің орасан табыстарының нәтижесінде Католиктік шіркеу Коперниктің, Галилей мен Кеплердің шығармаларына салған тыйымдарын жоюға мәжбүр болды.



2.7.1. Коперниктің жүйесіне Галилейдің қосқан үлесі

Коперник жүйесінің нағыз атақты жақтаушысы итальяндық ғалым Галилео Галилей (1564-1642) болды, ол астрономиялық бақылаулар үшін бірінші болып телескопты қолдаңцы. Галилейдің механика туралы еңбектерінің маңызы өте зор: олар механика мен тар-тылыстың қайшылықсыз теориясын жасауға көп септігін тигізді. Қазіргі заманғы ғылымның тууына басқалардан да гөрі Галилей көбірек еңбек сіңірді. Галилейдің Католиктік шіркеумен атақты айтысы оның философиясында берік орын алады. Ол бірінші болып адамның дүние құрылысын түсінуге мүмкіндігі

42

бар екендігін жариялады, бұған, біздің шынайы әлемді бақылау арқылы қол жеткізуге болады деді.



Галилей адамның дүние туралы түсінігін толығынан өзгерткен жаңалықтар ашты. Бұл жаңалықтардағы көптеген деректер Аристотель іліміне қарама-қайшы болды және Коперник жүйелерінің дұрыстығының айқын дәлелдерін берді.

1609 жылы Галилей 1000 есе үлкейтіп көрсететін телескоп жасап, Айдың бетіндегі тауларды, жазықтарды - жер бедеріне тән нәрселерді ашты. Ол телескоппен бақылау арқылы сан мындаған, өте әлсіз жұлдыздарды көрді, ал Құс Жолы Аристотель айтқандай небір атмосфералық құбылыс емес, қаптаған жұлдыздардан тұратын көрінеді. Телескоп арқылы ғаламшарларды бақылай отырып Галилей олардың жап-жақсы айыруға болатын жарқыраған диск екенін байқады, ал жұлдыздар қаншалықты мөлшерде үлкейтіп қарасаң да, сол жарқыраған нүкте болып қала береді. Бұл жұлдыздардың ғаламшарларға қарағанда Жерден әлдеқайда қашық екендігін білдіреді. Ол әлемді тәжірибелерге сүйене отырып математиканың, механиканың және түйсіктің көмегімен түсінуге болады деп тұжырымдады.

Күннің бетіндегі дақтарды бақылау Галилейге оның өз осінен айналатындығын анықтауға көмектесті. Ендеше, Күн де, осы уақытқа дейін есептелгендей, тіпті үлгілі эфирлік дене емес. Тіпті, ол өз өсінен айналатын болса, Жер де осындай қозғалысты жасай алуы мүмкін. Сонымен қатар Шолпан жұлдызының фазаларының кезеңдік ауысып отыратындығы анықталды, ал бұл Аристотель-Птоломей жүйесінде өз түсініктемесін таппаған. Бірақ, 1610 жылы басылып шыққан "Жұлдыздар жаршысы" деген еңбегіндегі Юпитер ғаламшарының төрт серігін бақылап зерттеуі Галилейдің ең маңызды жаңалығы болды. Бұл факт Коперник жүйесінде айтылғандай Жердің Дүниенің жалғыз ортасы емес екендігін, оның да Күнді айналып қозғалатындығын дәлелдейді.

Галилейдің бақылаулары Коперниктің көзқарастарымен сәйкес келеді, сонымен қатар, әлемді тек ас-

43

пан мен Жерге бөлу жөніндегі қағидаға қарсы сенімді дәлел бола алады.



Галилей өзінің "Дүниенің Птоломейше және Коперникше ең басты екі жүйесі туралы әңгіме" (1623 ж) деген әйгілі еңбегінде Коперниктің ілімінің ақиқаттығын қолдай отырып, тек қана астрономиялық емес, сонымен қатар, механикалық дәйектерді де келтіреді.

Птоломейдің Жердің айналатындығына қарсы дәлелдерін жоққа шығара отырып, Галилей инерция Заңы мен салыстырмалылықтың механикалық принципін ашады. Инерция Заңын ашу арқылы Аристотельдің бірқалыпты қозғалысты жасау үшін тұрақты сыртқы күштің керектілігі туралы көп ғасырлар бойындағы қате пікірі жойылды. Осы пікірдің қателігін дәлелдей отырып, ол инерция принципін ұсынды: егер сырттан әсерету күші болмаса, ол жагдайда дене бірқалыпты және тіке бағытты қозғалыста немесе тыныштық күйінде болады. Мұның тек таза ғылыми ғана емес, сонымен бірге дүниетанымдық мәні де өте зор болады.

Инерциялық жүйелерге тыныштықтағы жүйелер мен олармен салыстырғанда бірқалыпты және тіке бағытта жылжитын жүйелердің де жататыны белгілі. Мұндай жүйелердің теңдігін Галилей әр түрлі тәжірибелермен және қисынды пікірлермен дәлелдеді.

Галилей механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына бірінші болып көңіл аударып, өзінің салыстырмалық принципін былай деп түжырымдады: "Жабық жүйенің ішінде жүргізілген ешқандай механикалық тәжірибелермен жүйенің тыныштықта немесе бірқалыпты және тік сызықты қозғалыста екендігін анықтау мүмкін емес".

Галилей ғылымның әр түрлі салаларында терең ізденіс жұмыстарын жүргізді. Ол дененің еркін төмен қарай құлдырауын зерттеп, оның жылдамдығының құлап келе жатқан дененің салмағына қатысы жоқ екенін дәлелдейді.

Инквизицияның қудалауы, одан кейінгі абырой беделін қорлаған сот барысы Галилейдің денсаулығына



44

зиян келтірді. Бірақ, инквизицияның тыйымына қарамастан,

ол өлерінен төрт жыл бұрын өзінің "Екі жаңа ғылым" деген екінші үлкен кітабының қол-жазбасын құпия түрде голландтың баспаға өткізді. Дәл осы еңбек қазіргі заманғы ғылымның тууына әкелді деп санауға болады. Галилейдің тәжірибелік жаратылыстанудың негізін қалаушылардың бірі болып саналуына толығынан қақысы бар, өйткені ол ғылым тарихында бірінші болып ғылыми экспериментке қойылатын талаптарды тұжырымдады.

2.7.2. Кеплер және оның ғаламшарлардың



қозғалысы туралы зандары

Гелиоцентрлік жүйенің түрақтануында шешуші роль атқарған екінші неміс ғалымы Иоганн Кеплер (1571-1630) болды. Ол кезінде Ураниборг обсерваториясын тұрғызған дат астрономы Тихо Брагемен (1546-1601) бірге жұмыс істеген. Тихо Браге планеталардың, кометалардың қозғалысын зерттей отырып, ескі Коперник теориясындағы материалдық сфераның жоқ екенін дәлелдеп, оның орнына орбита түсінігін енгізді. Оның оқушысы Кеплер Марсты зерттеумен тікелей шүғылданып (1600 ж.), оның орбитасының эллипс екендігі туралы қорытындыға келді.

Тихо Брагенің, өзінің және басқа да астрономдардың байқауларын қорытындылау арқылы Кеплер ғаламшарлар (планеталар) қозғалысының үш негізгі заңдарын ашты, олар қазір Кеплер заңдары деп аталады. Қазіргі тұжырымдауда олар мыналар:

1. Әрбір ғаламшар фокустарының бірінде Күн бар эллипс бойынша қозғалады.

2. Әрбір ғаламшар Күннің ортасы арқылы өтетін жазықтықта қозғалады, мұнда ғаламшардың радиус-векторымен жасалған орбита секторының ауданы айналу уақытына пропорционалды түрде өзгереді.

3. Ғаламшарлардың Күнді айналу уақытының квадраттары олардың Күннен орта қашықтықтарының кубтарына қатысты.

45

Өз идеяларын жасау арқылы Кеплер екі мың жылдан астам уақыт бойы билік құрған аспанның кемелдігі туралы догматтық сенімге және аспан денелерінің дұрыс шеңбермен қозғалуын бір ғана мүмкіндік деп есептейтін идеяға шек қойды. Одан әрі, Жер әлемнің ортасыңцағы өз тұғырынан біржолата "құлатылды".



2.7.3. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс Заңы

Дамудың осы кезеңінде жаратылыстану екінші ғаламдық ғылыми-техникалық төңкеріске өте жақын тұрды, оны жасауға тек өзінің "Натуральды философияның. математикалық бастаулары" деген тамаша еңбегімен Ньютон "ғана жетіспей тұрғанды". Нью-тонның тартылыс теориясын құруға қажетті механика негіздерін Галилео Галилей салған болатын.



Исаак Ньютон (1643-1727) - көрнекті ағылшын физигі, механик, астроном және математик - классикалық механиканың негізгі зандарын түзді, бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты, дифференциалды және интегралды есептеулерді зерттеп (Лейбницпен қатар) дайындады. Ол жарық дифракциясын зерттеп, жа-рық интерференциясын ашты, айналы телескопты ойлап тапты (1668), оптиканың теориялық негізін жасады (1704).

1665 ж. Ньютон тартылыс мәселесімен шындап шүғылдана бастайды. Мынадай аңыз бар: бақта ағаштан үзіліп түскен алманы көріп, Ньютон "бұл алманы құлауға мәжбүр еткен күш - Айды Жер орбитасында ұстап тұрған күш емес пе екен" деген ойға келеді. Әрине, бұл аңыз ғана.

Ал шындығында, өте көп ақыл-ой күшін жұмсау, көптеген тәжірибелер жасап. фактілерді өңдеу, жинақтау - осының бәрі Табиғаттың негізгі Заңы -бүкіләлемдік тартылыс заңына жетуге қажет бодды.

Сан алуан есептеулер мен анықтаулардан кейін Ньютон ғаламшарлардың, Айдың қозғалысын, Жерге құлап түсетін барлық денелердің қозғалысын тартылыс деп аталатын бір ғана күш

46

басқарады деген берік сенімге келеді. Өз теориясын әрі қарай дамытар алдында Ньютон қажетті математикалық есептеу аппа-ратын дайындады. Бұл математикалық анализ — математиканың тіпті жаңа саласы болды.



"Бастаулардың" бірінші кітабында қазіргі заманғы физика үшін мәні аса зор қозғалыстың негізгі үш заңы тұжырымдалды.


жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау