Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет67/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85

191
14.8-сурет. Өндірістік бағдарламаны əзірлеу реттілігі
Кəсіпорынның өндірістік бағдарламасы
14.9.-сурет. Кəсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрамы
Дайын  бұйымдар  бойынша  тауарлы  өнім  кəсіпорынның  əрекет  етуші
бағалары бойынша жоспарланады. Есеп бойынша ол есептік  жылда  іс жүзінде
əрекет  етуші  бағалар  бойынша  есептелінеді; сондай-ақ  есепте  тауарлы  өнім
кəсіпорынның  салыстыруға  тұрарлық (белгілі  бір  күнгі  өзгермейтін) бағалар
бойынша  анықталады. Өнімге (тауарлар  мен  қызметтер) арналған  төлем
құжаттарында дайындаушы бағаларынан басқа қосымша құн салығы, акциздер
жəне жанама салық сипатына ие басқа төлемдер айқындалады.
Кəсіпорынның  негізгі  цехтерінің  цехтік  бағдарламалары  технологиялық
үдеріс  барысына  кері  тəртіпте, яғни  өнім  шығаратын  цехтерден  өңдеуші
цехтерге жəне одан əрі дайындама цехтеріне арнап есептелінеді. Мұндай тəртіп
цехтің  өнім  шығару  мерзімдерін  зауыттың  өндірістік  бағдарламасына
белгіленген  дайын  бұйымдарды  шығару  мерзімдерімен  келісуіне  мүмкіндік
береді.
Жалпы жəне өткізілген өнім, есеп саясаты
Жалпы өнім — бұл белгілі бір уақыт мерзімі үшін кəсіпорынның өндірістік
қызметінің жалпы нəтижесінің құны. Жалпы өнім тауарлы өнімнен жоспарлы
мерзімнің  басындағы  жəне  соңындағы аяқталмаған  өндіріс  қалдықтарының
шамасымен  өзгешеленеді. Аяқталмаған  өндіріс  қалдықтарының  өзгеруі
өндірісті циклі ұзақ (кемінде екі ай) кəсіпорындарда жəне аяқталмаған өндіріс
көлемі бойынша ірі кəсіпорындарда ғана ескеріледі жəне уақыт арасында күрт
өзгеруі мүмкін.
Өнім
номенклатурасы
мен сұрыпталымы
Негізгі
бейінді өнім
Кооперацияланған
жеткізілімдер
Халыққа арналған
тауарлар мен қызметтер
Жаңа техника
бұйымдары
Экспортқа
өндірілетін өнім
Жаңа өнімнің сынама үлгілерін
дайындау жəне сериялық
өндірісін меңгеру
Негізгі өндірістік цехтер
жұмысының бағдарламалары
Көмекші цехтер мен шаруашылықтар
жұмысының бағдарламалары


192
Тауарлы өнім
4.10-сурет. Тауарлы өнім құрамы
Машина  құрылысында  аспаптар  мен  саймандар  қалдықтарының  өзгеруі  де
есепке  алынады. Тауарлы, жалпы, шартты-таза, таза  өнім  көрсеткіштерінің
жəне  өңдеудің  нормативтік  құнының  өзара  байланысы 14.11-суретте
көрсетілген.
Жалпы  өнім (ЖӨ) зауыттық  əдіс  бойынша  екі  тəсілмен  есептелінеді.
Біріншіден, жалпы жəне зауыт ішіндегі айналым арасындағы айырма ретінде:
ЖӨ = В
А
-В
н
,
мұндағы В
А
— жалпы айналым; В
н
 — зауыт ішіндегі айналым.
Жалпы айналым — бұл  кəсіпорынның  барлық  цехтерінің белгілі  бір  уақыт
мерзімі ішінде өндірген өнімінің, осы өнімнің кəсіпорын ішінде одан əрі қайта
өңделуі  үшін  қолданылуына  немесе  шетке  өткізілгеніне  қарамастан, бүкіл
көлемінің  құны. Зауыт  ішіндегі  айналым — бұл  бірдей  уақыт  мерзімі  ішінде
бір цехтердің шығарған жəне басқа цехтердің тұтынған өнімінің құны.
Екіншіден, жалпы  өнім жоспарлы  мерзімнің  басындағы  жəне  соңындағы
тауарлы өнім (ТӨ) сомасы жəне аяқталмаған өндіріс қалдықтарының (аспаптар,
саймандар) айырмасы ретінде анықталады:
ЖӨ = ТӨ + (Н
а
 – Н
б
),
мұндағы  Н
н
  жəне  Н
к
 — берілген  мерзімнің  басындағы  жəне  аяғындағы
аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы.
                            Жалпы айналым
Тапсырыс
берушінің
материалдарын
қайта өңдеу құны
Дайын
бұйымдар
құны
Шетке жіберілетін жəне
меншікті күрделі
құрылыс пен өнеркəсіптік
емес шаруашылықтарға
арналған дүмбіл өнім
құны
Шетке жіберілетін
жəне меншікті күрделі
құрылыс пен
өнеркəсіптік емес
шаруашылықтарға
арналған көмекші
цехтер өнімінің құны
Шеттен келестін тапсырыстар
бойынша жəне меншікті
өнеркəсіптік емес шаруашылықтар
үшін (оның ішінде кəсіпорын
жабдығы мен көлік құралдарының
күрделі жөндеуі) өндірістік
сипаттағы жұмыстар мен қызметтер
құны
Шетке өткізілетін немесе
кəсіпорынның негізгі құрал-
жабдықтарына есептелінетін
меншікті өндірістің стандарты емес
жабдығының (саймандарының) құны


193
Жалпы өнім (ЖӨ)                                                                 Зауытішілік айналым
Тауарлық өнім (ТӨ)                                              Аяқталмаған өндіріс
Шартты таза өнім (ШТӨ)                           Материалдық шығындар
                                                                   Энергия
Таза өнім (ТӨ)                                  Амортизация
Пайда                                        Еңбек ақы
                                    ӨНҚ
14.11-сурет. Өнімнің баға көрсеткіштерінің құрамы
Аяқталмаған өндіріс — өндіріспен аяқталмаған өнім: жұмыс орындарында,
бақылауда, тасымалдауда, цех  қоймаларында  қорлар  түрінде  жатқан
дайындамалар, дүмбіл  өнім, сондай-ақ  техникалық  бақылау  бөлімі
қабылдамаған жəне дайын бұйымдар қоймасына тапсырылмаған өнім.
Аяқталмаған  өндіріс  өзіндік  құны  бойынша  есептелінеді. Аяқталмаған
өндіріс  қалдықтарын көтерме  сауда  бағаларына  қайта  есептеу үшін екі  тəсілді
қолданады: 1 )  аяқталмаған өндірістің дайындық дəрежесі бойынша орындалған
жұмыстың  еңбек  сыйымдылығының  жəне  дайын  бұйымның  еңбек
сыйымдылығының  арақатынасы  негізінде; 2) дайын  бұйымдардың  көтерме
сауда  бағаларындағы  құнының  жəне  осы  бұйымдардың  іс  жүзіндегі  өзіндік
құнының  арақатынасын  сипаттайтын  коэффициенттер  бойынша. Жоспарлы
жылдың  басында  цехтердегі  аяқталмаған  өндірістің  болжамды  қалдықтарын
түгендеу негізіндегі есептік деректер бойынша анықтайды. Жоспарлы жылдың
соңында  аяқталмаған  өндіріс  қалдықтарының  нормативі (Н
с
) келесі  формула
бойынша есептелінеді:
Н
с
 = N
тəул
×
С
×
Т
ц
×
К
д
,
мұндағы N
тəул
 — өнімнің заттай тұлғалануындағы тəуліктік шығарылымы; С
— өнімнің  өзіндік  құны, руб.; Т
ц
— өндірістік  циклдің  ұзақтығы, күн; К
д
  —
аяқталмаған  өндірістің  дайындық  коэффициенті. Аяқталмаған  өндірістің
дайындық коэффициенті еңбек сыйымдылығы немесе құны бойынша жоғарыда
баяндалған əдістеме бойынша анықталады.
Жалпы  өнім  əрекет  етуші салыстырмалы  бағаларда, яғни  белгілі  бір  күнгі
кəсіпорынның  өзгертілмеген  бағаларында есептелінеді. Осы  көрсеткіштің  көмегімен
өндірістің  жалпы  көлемінің, қор  қайтымының  жəне  өндіріс  тиімділігінің  басқа
көрсеткіштерінің динамикасын анықтайды.
Өткізілген  өнім — берілген  мезгілде  нарыққа  түскен  жəне  тұтынушылар
тарапынан  төленуі  тиіс  өнім. Өткізілген  өнім  құны  жоспарлы  мерзімде
жеткізілу  үшін  тағайындалған  жəне  төленуі  тиіс  дайын  өнімнің, меншікті
өндірістің  дүмбіл  өнімінің  жəне  шетке  өткізілу (оның  ішінде  өнеркəсіптік-
Өңдеудің нормативтік
құны (ӨНҚ)


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау