Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет46/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85

133
құжаттарының  орындаушы  мен  тапсырыс  беруші  арасында  өту  мерзімі
бойынша анықталады.
Жұмыс  құрылымы  қалыптасқан, жабдықталуы  тұрақты  кəсіпорындар
үшін  АҚұр  мөлшерлеудің  іріленген  көрсеткіші – АҚұр  мөлшерлемесі
қолданылады. АҚұр  мөлшерлемесі – орындалатын  жұмыс  көлеміне  қатысты
пайызбен берілетін, АҚұр-ға жұмсалатын қаржыларға деген қажеттілік.
Мысалы, геологиялық  ұйымдарда  АҚұр  мөлшерлемесі  соңғы  жылдар
аралығында ұлғайып, 23%-ды құраған. Бұл кəсіпорынның қалыпты жұмыс істеп
тұруына  қажет 10 500 мың  теңге  көлемінде  жұмыс  болған  жағдайда, АҚұр
2 415 мың теңгеден төмен болмау қажеттігін білдіреді.
Геологиялық  ұйымның  айналымдық  қаражаттарының  негізгі  бөлігі,
өндірістік қорлармен беріледі. (40-45%). Өндірістік қорлар ағымдағы, мерзімдік
жəне сақтандыру (кепілдік) болып бөлінеді.
Мерзімдік қорды орташа тəуліктік тұтынуды маусымдағы күндер санына
көбейту арқылы анықтайды.
Ағымдағы қор:
Қ
ағым
 = Қ
от
 t
ж
;
мұндағы қ
ағым
 – заттай бірлікпен берілген ағымдағы қор; Қ
от
 – орташа тəуліктік
қажеттілік; t
ж
 – қойылымдар арасындағы жоспарлы интервал.
Геологиялық  ұйымдардағы  өндірістік  қорлар  мөлшері  жеке  элементтер
(материалдар мен отын, қосалқы бөлшектер , т.б.) бойынша есептеледі.
Материалдар  мен  отын: бұларға  қатысты  айналымдық  қаражаттардың
мөлшері пайызбен анықталады:
%
100
365
×
×
=
Д
g
Н
м
;
мұндағы g – өз  күшімен  орындалған  ГБЖ  жылдық  көлемінде  жұмсалатын
материалдар  мен  отын  үлесі; Д – айналымдық  құралдармен  қамтамасыз  етілу
мөлшері, күнмен; 365 –жыл ішіндегі күндер саны.
Жеке  айналымдық  қаражаттардың  мөлшерлемесі «материалдар  мен
отын» бабы бойынша, теңгемен:
100
'
Q
Н
Н
м
м
×
=
;
мұндағы Q – өз  күшімен  орындалған  геологиялық  барлау  жұмыстарының
жылдық көлемі, теңгемен.
Қосалқы  бөлшектер: жеке  айналымдық  қаражаттарды  мөлшерлеу (Н
зч
)
тура  есептеу  əдісімен  жүзеге  асырылады. Баға  түріндегі  қажеттілікті  анықтап
алып, айналымдық қаражаттардың мөлшерін анықтайды:
Q
С
Н
қб
100
×
=
;


134
мұндағы С – қосалқы бөлшектердің жалпы бағасы, теңгемен.
8.3 Айналымдық қаражаттарды пайдаланудың көрсеткіштері.
Айналымдық  қаражаттарды  пайдаланудың  тиімділігі, экономикалық
көрсеткіштер  жүйесімен  сипатталады. Олар  өндіріс  пен  айналыс  аясында
орналастырудың өзара қатынасы аталған көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Айналымдық қаражаттар өндіріс аясына  өндірістік циклғе неғұрлым көбірек
қызмет 
көрсететін 
болса (тауарлық-материалдық 
құндылықтардың
мөлшерлемеден тыс қорлары болмаған  жағдайда), солғұрлым олар ұтымдырақ
қолданылатын болады.
Айналымдық  қаражаттарды  пайдалану  деңгейі, ұйымның  өндірістік-
шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне тікелей əсерін тигізеді. Айналымдық
қаражаттардың  артылуы, олардың  жетіспеуі  сияқты  ұйымның  өндірістік  жəне
қаржылық  көрсеткіштерін  нашарлатады. Айналымдық  қаражаттар  жетіспеген
жағдайда, өндірістік  үдерістің  қалыпты  барысын  ұйымдастыруда  қаржылық
қиындықтар мен мəселелер туындайды. Жұмыстың тұрып қалуына байланысты
шығындар  ұлғаяды, технологиялық  үдерісте  ауытқулар  пайда  болады. Бұл
шығарылатын  өнімнің  немесе  орындалатын  жұмыстардың  сапасының
төмендеуіне, сондай-ақ  өндіріс  көлемдерінің  азаюына  алып  келуі  мүмкін.
Айналымдық  қаражаттардың  артылуы, өндірістік-шаруашылық  қызметтің
техника-экономикалық  көрсеткіштерінің  нашарлауына  алып  келеді. Ол  табыс
көлемін, тиімділік деңгейін төмендетіп, шығындарды ұлғайтады.
Айналымдық  қаражаттарды  пайдалану  дəрежесі  туралы, айналымдық
қаражаттар  қайтарымдылығының  көрсеткіші  бойынша  болжауға  болады. Ол
сатудан  түскен  пайданың  айналымдық  қаражаттардың  орташа  жылдық
бағасына қатынасы ретінде анықталады:
С
П
Н
АҚұр
=
.
Айналымдық  қаражаттарды  пайдалану  қарқындылығының  маңызды
көрсеткіші  олардың  айналу  жылдамдығы  болып  табылады.
Айналымдық
қаражаттарды  пайдалану  деңгейін  сипаттайтын  көрсеткіштер  ретінде,
айналымдық  қаражаттардың  айналу  көрсеткіші
К
а
  мен  айналымдық
қаражаттарды толтыру көрсеткіші (К
з
) саналады.
Айналымдық  қаражаттардың  айналу  жылдамдығы  өзара  байланысқан
үш көрсеткіш арқылы есептеледі: бір айналымның күнмен берілетін ұзақтығы;
бір жыл ішіндегі айналымдар саны (жарты жылдық, тоқсан); сатылған өнімнің
бір бірлігіне тиесілі айналымдық қаражаттардың көлемі.
Бір айналымның күнмен берілетін ұзақтығы мынадай формула бойынша
анықталады:
Q
Д
С
О
×
=
0
;


135
мұндағы О – бір айналымның ұзақтығы, күнмен;
С
0
 – берілген кезеңдегі айналымдық қаражаттардың орташа жылдық
сомасы, теңгемен;
Q – ГБЖ көлемі;
Д – есепті кезеңдегі күндер саны.
Мысалы, есепті жылдағы  айналымдық қаражаттардың сомасы С
0
 = 5000
млн  теңге  болғанда, Q= 45000 млн  теңге  ГБЖ. Бір  айналымның  ұзақтығы 40
күнді құрайды:
40
45000
365
5000
=
×
 күн.
Айналу  коэффициенті, айналымдық  қаражаттардың  бір  жыл (жарты
жылдық, тоқсан) ішінде  орындайтын  айналымдар  санын  көрсетіп  төмендегі
формула бойынша анықталады:
.
9
5000
45000
айн
С
Q
К
а
а
=
=
=
Айналу  коэффициенті 1 теңге  айналымдық  қаражат  көмегімен, қандай
ГБЖ  көлемі  орындалатынын  сипаттайды. Демек, айналымдық  қаражаттар
жылына 9 айналым  жасаған. Бұл  көрсеткіш  айналымдық  қаражаттардың  əрбір
теңгесіне орындалған ГБЖ 9 теңгесі келетінін көрсетеді.
Орындалған  ГБЖ-ның 1 теңгесіне  келетін  айналымдық  қаражаттардың
көлемі – айналымдық  қаражаттарды  толтыру  коэффициенті – айналу
коэффициентіне кері көрсеткіш:
.
11
,
0
45000
5000 =
=
=
Q
С
К
а
т
Демек, орындалған  ГБЖ-ның 1 теңгесіне  айналымдық  қаражаттардың 0,11
теңгесі келеді. Айналымдық қаражаттарды пайдалану көрсеткіштері 13-кестеде
көрсетілген.
13-кесте
Айналымдық қаражаттарды пайдалану көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Жалпы өнеркəсіп 
Геологиялық барлау
жұмыстары
Айналу коэффициенті
8-10
3-3,5
Толтыру коэффициенті
0,12
0,32
Бір айналымның ұзақтығы
35-40
100-120
Айналымдық  қаражаттардың  айналуының  ұлғаюы  мен  толтыру
коэффициентінің 
төмендеуі, қосымша 
айналымдық 
қаражаттарды
қатыстырмай-ақ, өндірістің үлкен көлемін орындауға мүмкіндік береді.
Айналымдық  қаражаттар  сомасына  қатысты  қажеттіліктің  өзгеруіне
бірқатар факторлар əсер етеді.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау