115
ұйымдарда, НӨҚ бастапқы құны əр түрлі болуы мүмкін. Мəселен, орталық
аудан мен Заполярьедегі типтік өндірістік ғимараттың 1 м өндірістік көлемінің
бағасы бірдей емес.
НӨҚ қызмет ету мерзімдері айтарлықтай қомақты болуы мүмкін, олар 5
жылдан 50 жылға дейін жəне одан да көке созылды. Осы уақыт ішінде елде тек
жұмыс жасау технологиясы ғана емес, еңбекақы көлемі де, бағалар да өзгеруі
мүмкін. Əсіресе, инфляциялық кезеңдер бастан өткен болса. Бұл жағдайда түрлі
уақытта сатып алынған НӨҚ бағасын салыстыру мүмкін бола бермейді.
2) Қалпына келтіру құны қазіргі қалпына келтіру жағдайындағы НӨҚ
бағасын анықтап тек НӨҚ қайта бағалау барысында пайда болады.
Бухгалтерлік құжаттардағы НӨҚ бастапқы құны қайта бағалаудан кейін,
қалпына келтіру құнымен ауыстырылады. Сөйтіп, бухгалтерлік құжаттарда,
құралдардың бір бөлігі қайта бағалаудан кейін сатып алынған жағдайда,
бастапқы бағасы бойынша, құндық бағалау да, еңбек құралдары қайта бағалау
басталғанға дейін алынған кезде, қалпына келтірілген баға бойынша құндық
бағалау да қатар көрсетілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарда өтетін барлық НӨҚ бағасы, НӨҚ баланстық
құны деп аталады. НӨҚ қайта бағалауды жүзеге асыру көп уақыт пен
көптеген экономика саласының мамандарын тартуды талап ететін күрделі, əрі
ұзақ үдеріс. Тіпті тұрақты экономика кезеңдерінде негізгі қорларды қайта
бағалауға деген қажеттілік əрбір 8-10 жыл сайын артып отырады. Инфляция
кезеңдерінде, аталған мерзім күрт қысқарады. Іс жүзінде НӨҚ қайта бағалау,
жеке салалар немесе жабдық, аспап, көлік құралдарының түрлері бойынша
өткізілуі мүмкін.
Қазіргі кезде елдегі кəсіпорындар негізгі өндірістік қорлардың қалпына
келтірілген бағасын, олардың қайта бағалау сəтіндегі нарықтық бағасына
негізде отырып белгілеуге құқылы. Кəсіпорынды қайта бағалау уақытын да
кəсіпорын өз бетімен белгілейді.
Дегенмен, бастапқыда қалпына келтірілгенде, құн бойынша бағалаулар
НӨҚ жасы жəне олардың қанша уақыттан бері жұмыс жасап келгендігі туралы
түсінік бермейді. Бұл үшін қалдық құн бойынша бағалау жасалынады. НӨҚ
қалдық құны бағаның дайын өнімге əлі ауыстырылмаған бөлігі. Қалдық құн
мына тəсіл бойынша анықталады: бастапқы (қалпына келтірілген) бағадан,
қорларды пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін амортизация шығындарының бағасы
шегеріледі.
Жалпы түрде НӨҚ қалдық құны, олардың жас құрамын сипаттайды.
Қалдық құн жоғары болған сайын, жалпы түрдегі НӨҚ де жасырақ, яғни, өнім
шығаруға көп қатыса қоймаған болып саналады. Ал керісінше қалдық құн
олардың жалпы бағасындағы үлесі неғұрлым төмен болса, солғұрлым қорлар
ескірек болады. Бұл жағдайда, кəсіпорын
оларды
жаңарту мен
модернизациялауға қаражат салуға мəжбүр болады. Ұйымның НӨҚ жағдайын
сипаттайтын аса маңызды көрсеткіш ретінде, тозу коэффициентін (К
тозу
)
санауға болады:
116
баст
қалд
баст
тозу
С
С
С
К
-
=
Кəсіпорындар мен салалар экономикасында соңғы жылдарда орын алған
қиындықтар, НӨҚ енгізу жəне шығару коэффициенттерін күрт қысқартты, ал
бұл тікелей К
тозу
-ға əсер етеді.
Тозу коэффициенті пайызбен берілді де, экономикалық жұмыс
тəжірибесінде кеңінен қолданылады. Бұл көрсеткіш жалпы түрде, өндірістің
материалдық-техникалық базасының шынайы жағдайын сипаттайды. Ең
маңызды көрсеткіштер қатарында саналатын осы көрсеткіш бойынша,
кəсіпорынға қаражат салу қажеттілігі анықталады. К
тозу
да, банкроттық
мəселелерді шешу барысында кəсіпорынның маңызды сипаттамасы болып
табылады. Егер тозу көрсеткіші орташа салалық көрсеткіштерден төмен болса,
кəсіпорын санациялау механизмдеріне үміт арта алады. Бірқатар салалар
бойынша НӨҚ тозу деңгейлері туралы мəліметтер төменде келтірілген (8-
кесте).
8-кесте
Өнеркəсіп салалары бойынша тозу көрсеткіші
Қызмет түрлері
К
тозу
, %
Өнеркəсіп
31,8
Жылжымайтын мүлік операциялары
17,2
Нарықтың жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша
жалпы коммерциялық қызмет
22,8
Геология жəне жер қойнауын барлау, геодезиялық
жəне гидрометеорологиялық қызметтер
39,7
Тұрғын үй шаруашылығы
34,2
Коммуналдық шаруашылық
41,0
Халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің өндірістік емес түрлері
43,6
Денсаулық сақтау, дене тəрбиесі жəне əлеуметтік қамсыздандыру
32,2
Халыққа білім беру
29,4
Мəдениет пен өнер
36,5
Ғылым жəне ғылыми қызмет көрсету
39,4
Қаржы, несие, сақтандыру жəне зейнетақымен қамсыздандыру
8,1
Басқару
27,6
Қоғамдық бірлестіктер
25,3
Көрініп тұрғандай, геологиялық барлау ұйымдарында техниканы
пайдалану мерзімдері өте қысқа болған кезде, К
тозу
өте жоғары болған. Егер
жеке ұйымдарды қарастыратын болсақ, геологиялық барлауда НӨҚ тозуы
орындалатын жұмыстардың бейне бойынша айтарлықтай ерекшеленеді.
117
Негізгі қорлардың құны жыл бойына өзгерістерге ұшырап отырады.
Себебі, қорлардың өндірістен шығарылуы (шығынға жазылуы, сатылуы,
тапсырылуы) жəне жаңа негізгі қорлар сатып алынуы мүмкін. Өндірістегі
негізгі құралдардың енгізілу жəне шығарылуының біркелкі болмауы, негізгі
өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын есептеу қажеттілігін тудырады.
Бұл көлемді анықтаудың бірнеше əдістемесі бар, олар бір-бірінен тек жете
қарастырылу дəрежесімен ерекшеленеді. Негізгі қорлардың орташа жылдық
құнын анықтаудың мына əдісі неғұрлым жиі қолданылады:
å
å
×
-
×
+
=
шығ
енг
б
баст
ж
орт
С
М
С
М
С
C
12
12
2
1
.
.
;
мұндағы С
баст
б
– негізгі қорлардың жыл басына дейінгі бастапқы құны; М
1
жəне
М
2
– негізгі қорлар нысанын енгізу (шығару) сəтінен басталатын сəйкес толық
айлар саны; С
енг
– жыл бойына енгізілген негізгі қорлардың құны; С
шығ
- жыл
бойына шығарылған негізгі қорлардың құны.
Негізгі қорлардың аса маңызды сипаттамасы ретінде, олардың
қозғалысының көрсеткіштері саналады: енгізу коэффициенті (К
енг
) мен шығару
коэффициенті (К
шығ
), олар мына формулалар бойынша есептеледі:
.
.с
ж
енг
енг
С
С
К
=
;
.
.б
ж
шығ
шығ
С
С
К
=
;
мұндағы С
енг
– қайта енгізілген негізгі қорлардың құны; С
шығ
– шығарылған
(жойылған) негізгі қорлардың құны; С
ж.с
– негізгі қорлардың тексерілетін жыл
соңындағы құны; С
ж.б.
- негізгі қорлардың тексерілетін жыл басындағы құны.
Негізгі қорлардың енгізілу жəне шығарылу көрсеткіштері пайызбен
берілуі мүмкін. Енгізілу мен шығарылудың жоғары көрсеткіштері (10%-дан
жоғары) негізгі қорлардың тез жаңаруын, өндірістің қазіргі ғылым мен техника
деңгейіне сəйкес болу мүмкіндігін жəне керісінше сипаттайды. К
енг
-нің К
шығ
-
нен жоғары болуы, негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірілуін көрсетеді.
Егер К
шығ
К
енг
-нен жоғары болса, ұйымның негізгі қорларының құны
қысқарады.
К
енг
жоғары болған сайын, кəсіпорынның жаңа, неғұрлым технологиялық
жетілдірілген жабдықтарды, құралдарды, өлшеу техникасын, соңғы, жана
компьютерлер сатып алу мүмкіндігі көбірек болады. К
енг
көлемдері НӨҚ
қызметінің мерзімдерімен тығыз байланысты; аталған мерзімдер төмен болған
Достарыңызбен бөлісу: |